29.Гносеологияның негізгі қарастыратын мәселелері
Жалпы таным теориясының терминологиялық сипаты гносеология және эпистемология деген ұғымдармен беріледі. Гноселогия – таным сыны мен атнымға бөлінеді. Гноселогияға тікелей қатысты бірнеше бағыттар құрылған – эмпиризм, сенсуализм, идеализм, феноменализм, материализм т.б Гносеологияның басты мәселесіі танымдық қызмет кезіндегісубьект пен обьектің арақатынасы. Бұл біріншісі, екіншісі- білімнің шындыққа қатынасы. Шындық ол метафизикалық мағынасында сол өмір сүретіндердің болмысыяғни өмір сүретіндер болмысының шынайылығы. Үшінші қарастыратын мәселесі ол сана мен материя қатынасы. Осыған орай материя алғашқы ма әлде сана алғашқы ма деген сауал туынддаған. Соған орай рух алғашқы ал болмыс, материя туынды деп саналған болатын.
30. Тіл мен сананың арақатынасын ашып беріңіз
Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды.
Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. «Тіл дегеніміз — ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл — пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.Тіл мен ойлаудың бірге шыққандығын және олардың өз ара тығыз байланыстылығын К. Маркс пен Ф. Энгельс талай рет көрссткен болатын: «Тіл де, сана сияқты ертеден келе жатқан нәрсе, тіл, дәл айтқанда, басқалар үшін, осының арқасында өзім үшін де, өмір сүріп отырған шын практикалық сана болып табылады; сөйтіп, тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туад. Адам ойлауының хайуанаттың «ойлауынан», соның ішінде адам тәріздес маймылдардың ойлауынан, айырмашылығы сол, адам шындықтық объектілерінің байланысы мен қарым-қатынастарын танып біледі және олардың қасиеттерін айқындап белгілей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |