1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі



бет60/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Сессия Теория Айнура

27. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.
Халық педагогикасында “Бірінші байлық-денсаулық” деген ұғым ерекше орын алады. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың саулығына, тәннің саулығына байланысты қарастырған. Жаңа туған тәрестені бірінші күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау сияқты дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, уақытысымен жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
Тұрмыс – салт, тарихи — әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне арналған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу, күрес, жаяу жарыс, көкпар сияқты шынықтыру ойын-дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулып, адалдыққа тәрбиелеген.
Қазіргі кезде атқа мінгізу рәсімі кеңінен таралған десекте болады. Бірінші бала әкесінің көмегімен атқа отырып үйренсе, кейін бала тізгінді өз қолына алады. Кейін ол ат шаптыруға, аламан бәйгеге қатысуға бейім болып өскен.
Қазақша күрестің де өз ерекшелігі бар. бала күрес, балуан күрес, белдесіп күресу, аяқпен шалу т.б. күрес тәсілдік ережелерімен қалыптасқан. Бұл – баланы, балуанды шынықтырудың ең қажетті құралы. Ат жарыстың да бірнеше түрі бар: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен ат шаптырушының атқаратын ісі жауапты. “Ат шаппайды, бап шабады” деп бекер айтпаған және халық бапкердің еңбегін жоғары бағалайды. Ат сынаушы саяткердің ат жарыста алатын орны үлкен. Кейбір адамдар аттың қанша шақырым талмай шабатынын дәл тауып айтады. Ат жарыста ат айдаушының да тәжірибесі мол болуға тиіс. Аттың өкпесін тепкілеп қамшылаған - үлкен айып болып саналады. Қазақтың халық педагогикасында ойында көп орын алады. Халық болашақ ұрпағын шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның әртүрлерін ойлап тапқан. Олардың спорттық ойындар, миды шынықтыратын логикалық, яғни ой жүйесін дамытатын ойындар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп бірнеше топқа бөлуге болады. Спорттық ойындардың түрлері де өте көп, солардың ішінен көкпар, тоғыз құмалақ, ақсерек – көксерек, фудбол сияқты ойындарды атап көрсетуге болады.
Көкпар – шынықтыру тәрбиесінің ұлттық ойынға жатады. Көкпардың да түрлері және өз ережесі болады. Әділ қазылар алқасы мен төрешілер ұлттық шынықтыру жарыстарының ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Қыз қуу — жігіттің жігерлігін, батылдығын, атбегілік өнері мен еңбегін сынайтын дәстүрлік ойын. Бұрынғы заманда қызға үйленгісі келген жігіттің батылдығы мен күші, ептілігі сыналып, сыннан мүдірмей өткен жігітке “енді қызды қуып жетсең, үйленесің” деген талап қойылған. Сол талапты да орындау үшін жігіт атын сайлап, атпен шабу өнерін жетілдіре түскен. Осы кезде қыз қуу жарыстың бір түріне айналған.
Тоғыз құмалақ – ойлау жүйесін дамытатын ұттық ойын. Ойын үшін арнайы тақта да жасалынған.
Алтыбақан –қазақ халқының дене шынықтырып, көңілкөтеру үшін шығарған ұлттық ойыны. Ақсүйек бағдарлық сезімді дамыту үшін, денені шынықтыру үшін шығарған ұлттық ойын. Айлы түнде ойналады. Ойын бастаушы ойыншыларды екі топқа бөліп, кезегіне қарай ақ сүйекті (көбіне жылқының бақай сүйегін) алысқа лақтырады. Екі топтан ең бағдаршыл, қырағы ойыншы ақ сүйекті тауып алып қашып, қарсыласы тартып алмаза, сөреге жеткізеді. Қайсы топ сөреге ақ сүйекті көбірек әкелсе сол жеңеді. Егер ақ сүйекті тапқан ойыншы өзінің жүйріктігі мен күшіне сенбесе , одақтасына беріп жібереді. Жүгіріп ойнайтын ойын болғандықтан ақ сүйек денені шынықтырады, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет