32
6.2 сурет
– Түйіндер даналарының мысалдары
Иванов, Петров, Мишин студенттері ЕМК факультетінде оқысын,
Сидоров және Кашин механико-математикалық факультетте оқысын. Онда
ER-диаграмманың сәйкес бөлігінің желілік үлгісі келесі түрде болады (6.3
сурет).
6.3 сурет
– Концептуалды ұсыныстың желілік үлгісінің мысалы
Қосымша файлда көрсеткіштердің
біреуі қажет болған жоқ, себебі
қарастырылып отырған байланыстың типі M:N емес, ал 1:N, х белгісі әрі қарай
байланыстың жоқтығын білдіреді.
33
Желілік үлгінің аса маңызды кемшілігі алынатын концептуалды үлгінің
«қаттылығы» болып табылады. Байланыстар жазбаларда көрсеткіштер түрінде
бекітілген. Осы деректерді қолданудың жаңа көрінісінің пайда болуы кезінде
олардың арасында жаңа байланысты орнату қажеттілігі пайда болуы мүмкін.
Бұл жазбада жаңа көрсеткіштерді енгізуді талап етеді,
яғни ДҚ құрылымы
өзгереді және демек, барлық деректер қоры қайта құрылады.
Желілік үлгіні қолдайтын, ДҚБЖ IBM 360/370 (ЕС ЭЕМ) сериясындағы
есептеуіш жүйелерде кеңінен қолданылды. Мұндай жүйелердің мысалы ретінде
IDMS, UNIBAD (БАНК),
және олардың аналогы СЕДАН, СЕТОР көрсетуге
болады. Дербес компьютерлерде желілік ДҚБЖ кең таралымға ие болған жоқ.
Дербес компьютерлерге арналған желілік ДҚБЖ db_VISTA III болып
табылады. db_VISTA жүйесі С тілінде жүзеге
асырылған және сондықтан
төзімді болып табылады. Жүйе IBM PC, SUN, Macintosh типті ДЭЕМ
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: