1 Деректер қорына кіріспе



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490878
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
ik 1

Сандар жұбын топтық қатынастардың коэффициенті деп атайды. Топтық 
қатынаста топтың бір мүшесі қатынас иесі болып тағайындалады, басқасы 
– мүше.  
Деректер қоры – топ пен топтық қатынас даналарының атаулы 
жиынтығы.  
Топтық қатынастарды ұсыну үшін екі форма қолданылады:
1) Кескіндік. Топтар кескін ұштарымен, топтар арасындағы байланыс – 
топ-иесінен топ-мүшесіне бағытталған қатынас атауы мен коэффициенті бар, 
доғалармен бейнеленеді.
Кескін типі бойынша келесі түрлерге бөлінеді
- иерархиялық үлгі (циклсыз кескін – ағаш) ; 
 - желілік үлгі (ортақ түрдегі бағдарланған кескін)
2) Кестелік. Топтар арасындағы байланыс кестелермен бейнеленеді, 
бағандар сәйкес топтардың кілттерін ұсынады. Құрылысына қарай сипаттау 
үшін қатынастың математикалық (теоретико-жиындық) ұғымы қолданылады. 
Сәйкес деректердің үлгісі реляциялық үлгі деп аталады.
ДҚБЖ деректер үлгісі келесі түрде сипатталады: 
- деректердің жергілікті құрылымының (өрістердің, жазбалардың
файлдардың) мүмкін типтері мен сипаттамалары анықталды; 
- аса қарапайым тип құрылымдарынан аса ортақ типті құрылымды 
құрастыру ережесі берілді (мысалы, өрістерден тұратын жазбалар, жазбалардан 
тұратын өрістер және т.б.); 
- қосымша өрістердің көмегімен файлдар мен жазбалар арасындағы 
байланыстарды (қатынастарды) ұсыну тәсілі анықталды; 
- құрылымдармен жүргізілетін мүмкін әрекеттер және оларды 
келесілерден тұратын оларды орындау ережелері анықталды:
- деректермен орындалатын негізгі қарапайым операциялар; 
- жалпыланған операциялар (процедуралар); 
- арнайы процедуралармен (триггерлермен) жоғарыда көрсетілген 
операцияларды орындау кезінде автоматты түрде жіберілумен жүзеге 
асырылатын, деректерді қосу, жаңарту немесе жою операцияларының 
орындылығының қарапайым шарттарына қатысты бақылау құралдары;
- белгілі бір әрекеттерді (ережелерді) орындаудың орындылығының 
соншалықты күрделі шарттарының бақылау құралдары;
- процедуралардың (триггерлердің) арнайы класы. 
Негізгі қарапайым операциялар ретінде келесілер қарастырылады: кілттің 
берілген мәні бар жазбалар, қажетті жазбаны оқу, жазбаны қосу, жөндеу, жою. 
ДҚБЖ деректер үлгісінде сонымен қатар топтық қатынастарды орнату үшін 
арнайы операциялар қарастырылған.
Жалпыланған операциялар немесе процедуралар – деректерді өңдеудің 
біршама алгоритмін жүзеге асыратын, операциялар тізбегі. Процедуралар 
ДҚБЖ автоматты түрде бастамшылық ете алады. ДҚ көшірмесін алу, ДҚ 
қалпына келтіру, басқа атрибуттар мәні бойынша ДҚ біршама атрибуттар мәнін 
есептейтін және т.б. процедуралары процедураларға мысал бола алады.


30 
Бақылау құралдары концептуалды үлгі толықтығының шектеулерін 
жүзеге асыру үшін қолданылады. Бақылаудың – шектеудің қарапайым 
құралдары – концептуалды үлгінің сыртқы шектеулері сияқты, деректер 
үлгісінің ішкі шектеулерінде жүзеге асыру үшін қолданылады. Соңғы 
шектеулер ретінде, жеке жағдайда, сәйкес емес типтегі, сәйкес емес сипаттағы 
(биттер саны бойынша, өрістер саны бойынша, жазбалар саны бойынша және 
т.б.) деректерді енгізуге шектеулер жүзеге асырылды. Бақылаудың (ереженің) 
аса күрделі құралдары ДҚ деректерді қосу немесе өзгерту кезінде 
операциялардың (аса күрделі) біршама тізбегін орындауды шақыруға мүмкіндік 
береді және сонымен арнайы құрастырылымдардың көмегімен сипатталған, 
толықтық шектеулерін жүзеге асырады.
Концептуалды жобалаудың бірініші сатысынан кейін бізде деректер 
туралы қолданушылардың жалпыланған ұсыныстары, ережеге сәйкес, ER-
диаграмма түрінде құрастырылды. Келесі сатыда (нақты деректер үлгісі бар 
біршама ДҚБЖ таңдалғаннан кейін) таңдалған ДҚБЖ концептуалды сұлбасын 
терминдермен және ұғымдармен жазу қажет. Бұл сатыда концептуалды үлгінің 
әр түйіні, өрістерден тұратын, жазба ретінде сипатталады. Әр атрибут, 
таңдалған ДҚБЖ мүмкін, типтері және сипаттамалары бар өріс ретінде 
сипатталады. Концептулды үлгі байланыстары, таңдалған ДҚБЖ сәйкес, 
ұғымдар түрінде сипатталады, қолданушы сұраныстарын жүзеге асыру реті 
ДҚБЖ типтік операцияларының көмегімен анықталады және т.б.
Жобалаудың бұл сатының нәтижесі, нақты ДҚБЖ айрықшаланған, 
концептуалды үлгі болады.
Бұл ДҚБЖ деректер үлгілерінің алғашқыларының бірі. Типтік желілік 
үлгі CODASYL (Conference of Data System Languages) жүйелік комитетінің 
деректер қоры бойынша (Data Base Task Group – DBTG) жұмыс топтарымен 
ұсынылды, бір позициясы және бір терминологиясы бар басқару деректерін 
өңдеудің белгілі фирмалық жүйесін талдау, осындай жүйелерді ұйымдастыру 
тәжірибесін жалпылау және сәйкес жүйелерді құру бойынша ұсыныстарды 
жасақтау олардың негізгі қызыметтері болды.
Желілік үлгіде топтық қатынастарды жүзеге асыру арнайы енгізілген 
қосымша өрістерді - көрсеткіштерді (байланыс мекен жайы немесе сілтеме) 
қолдану арқылы жүзеге асырылады, олар топтық қатынастардың иесі және 
мүшесі арасында байланыс орнатады. Жазба әртүрлі типтердің қатынасынан 
тұруы мүмкін (1:1, 1:N, M:N). Егер байланыс орнату нұсқаларының біреуі 1:1 
анық болса (өрістері түйін атрибуттарына сәйкес келетін, қатынас иесі 
жазбасына қосымша өріс – жазбаға көрсеткіш – қатынас мүшесі қосылады), 
онда 1:N және M:N байланыстарын ұсыну мүмкіндігі дәл осылай қиындау 
болады. Сондықтан желілік ДҚБЖ байланыстарды ұйымдастырудың аса 
таралған тәсілі қосымша жазба типтерін енгізу болып табылады, көрсеткіштер 
олардың өрістері болып табылады.
Мысал ретінде M:N топтық қатынасын қарастырайық. Үлгіге қосымша 
топ (қосымша жазбалар түрі) енгізіледі. Бұл жазбаның элементтері екі бастапқы 
топқа бөлінген көрсеткіштерден және топтық қатынастың M және (немесе) N 
мүшелеріне сәйкес келетін, оларды бір тізбекке байланыстыратын, 


31 
қарастырылатын қосымша жазба даналарының көрсеткіштерінен тұрады (6.1 
сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет