1 Дәріс. Агрометеорология негіздері



бет2/2
Дата29.09.2022
өлшемі19.14 Kb.
#461558
түріҚұрамы
1   2
1 Д ріс. Агрометеорология негіздері

Агрометеорологияның негізгі міндеттері. Ауыл шаруашылық өндірісінің талаптарына және оны механизациялауға, жерлерді мелиорациялауға, мәдени дақылдардың өнімділігі жоғары сорттарының селекциясына байланысты агрометеорологияның келесі міндеттері бар.

  1. Ауыл шаруашылық өндірісінің жағрапиялық орнына және уақытына қарай метеорологиялық және климаттық жағдайлардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу.

  2. Метеорологиялық факторлардың, агроценоздардың, малдардың, ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестердің дамуына және таралуына есеп арқылы бағалайтын әдістерін әзірлеу.

  3. Агроценоздардың, малдардың, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының таралауына, жағдайына, өнімділігіне және дамуына метеорологиялық факторлардың әсерін бағалайтын әдістерін әзірлеу.

  4. Агрометеорологиялық болжау әдістерін әзірлеу.

  5. Егіншіліктің тиімділігін көтеру үшін климаттық қорларын ұтымды пайдаланатын тәсілдерін және ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын орналастыруын негіздеу.

  6. Ауа- райы мен климаттың қолайсыз құбылыстарымен күресу әдістерін әзірлеу, танаптардың микроклиматтарын мелиорациялайтын жолдарын зерттеу.

  7. Қалыптасқан және күтіп отырған климат жағдайларына байланысты агротехниканы дифференциалды қолдануын негіздеу.

  8. Жерлерді мелиорациялайтын тәсілдерге және өсімдік шаруашылығындағы қарқынды технологияларына агроклиматтық негіздеме беру.

  9. Ауыл шаруашылық өндірістің агрометеорологиялық ақпараттармен жылдам қамтамасыз ететін әдістерін жетілдіру және оның экономикалық тиімділігіне баға беру.

Агрометеорологияның тарихы Агрометеорология және метеорология бір-бірімен өте тығыз байланысты. Метеорологияның бірінші кітабын Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотель жазған. Бұл кітапта ежелгі гректердің ауа-райын байқаулары туралы мәліметтер көрсетіліп, оларға сипаттама берілген. Аристотель алғашқы рет ауа-райы мен жел бағытының байланысын көрсетті. Орта ғасырлардағы кітаптарда қауіпті ауа райының құбылыстары туралы мәліметтері жазылып отырды.
Метеорологияның қарқынды дамуы, аспаптарды ойлап шығарған кезде басталды. 15 ғасырда Галилей термометрді ойлап шығарды (1593 ж), содан соң Торричели барометрді жасады (1643ж). Ресейде метеорологияның дамуына көп үлес қосқан М.В.Ломоносов. Ол бірнеше метеорологиялық аспаптарды ойлап шығарды және Ресейдің әртүрлі орындарында метеорологиялық байқауларын ұйымдастырды. Теңізшілерге және ауыл шаруашылыққа әлем бойынша метеорологиялық қызметтің ұйымдастыру қажеттілігін алғашқы рет ұсынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет