Бір затқа ғана тән реакцияны
жеке реакция деп атайды. Жеке
реакцияларды
талғағыш (селективті) және
ерекше (спецификалық) деп
айырады. Егер санаулы иондар түрімен (2-5) химиялық реакция нәтижесінде
ұқсас аналитикалық сигнал байқалатын болса – ол талғағыш реакция болғаны.
Мысалы Mg
2+
-иондары белгілі шарттарда PO
4
3-
және AsO
4
3-
аниондарымен
тұнба түзеді. Егер белгілі жағдайда реагент бір ионмен ғана аналитикалық
сигнал беретін болса – ол ерекше реакция. Мысалы, крахмал иодпен ғана көк
түсті қосылыс түзеді.
Тазалығына байланысты химиялық реагенттерді келесі түрлерге бөледі:
- техникалық таза
бөгде қоспаларының үлесі > 2%;
- таза
-«-
2%
-
аналитикалық таза
-«-
1%
- химиялық таза
-«-
< 1%
- жоғары эталондық таза
-«-
0,01-0,00001%
- аса таза
-«-
< 0,00001%
Аналитикалық реагенттердің ( және реакциялардың)
сезгіштігі
анықталатын заттың ең аз мөлшерімен сипатталады (анықтау шегі).
Белгілі
аналитикалық реакциямен «ашылатын» мөлшер неғұрлым аз болса,
реакцияның сезгіштігі соғұрлым жоғары болады. Реакцияның сезгіштігі өзара
байланысты төрт шамамен сипатталады:
- шекті сұйылту V
lim
– анықталатын заттын 1 грамы бар ерітіндінің
аналитикалық сигнал бере алатын шегіне
жете сұйытылған көлемі
(мл/г);
- шекті концентрация C
lim
- белгілі реакциямен анықталатын заттың ең
төмен концентрациясы (г/мл);
- шекті көлем V
min
– шегіне жете сұйытылған ерітіндінің анықтауға
мүмкіндік беретін ең кіші көлемі (мл);
-
анықталатын минимум m
min
- белгілі реагент көмегімен шегіне жете
сұйытылған ерітіндінің ең кіші көлемінде (V
min
) анықталатын заттың
ең аз мөлшері (мкг).
Бұл шамалар бір-бірімен келесі байланыста:
m
min =
C
lim
.
V
min
.
10
-6
Осыдан, неғұрлым анықталатын минимум төмен, ал шекті сұйылту
жоғары болса, аналитикалық реакцияның сезгіштігі соғұрлым жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: