1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата03.04.2024
өлшемі469.46 Kb.
#497513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
қызмет ұйымдастыру

Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтардағы дидактикалық және 
әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының педагогикалық-психологиялық 
негіздерін жасау және оны талдау мен білім беру үдерістерін педагогикалық-
психологиялық жағынан қамтамасыз ету.
Практикалық 
жағы 
педагог-психологтардың 
білім 
беру 
мекемелеріндегі 
(балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен балалар үйлері және т.б.) педагогикалық-
психологиялық қызметі атқару болып табылады.
Ал, мектептегі педагог-психолог маманның қызметтік міндеттері төмендегідей:
* жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жеке, топтық көмек беру үшін 
педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру; 
* психология ғылымының жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының 
әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық дамуын қамтуға ықпал етеді; 
* мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша 
психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізу. 
Оқушылардың жеке-даралық, тұлғалық, эмоциялық, ерік-жігерін, қызығушылықтары мен 
қабілеттерін зерттейді;

оқушылардың 
оқуға 
деген 
педагогикалық-психологиялық 
дайындығының 
жеткіліксіздігін анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға 
қатысады; 



* педагогикалық кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің, сынып сағаттарына, ата-аналар 
жиналыстарына, жеке пән сабақтарына қатынасып, оқушыларды зерттеп, жеке 
ерекшеліктерін анықтап, педагогикалық-психологиялық көмек көрсету негізінде 
педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар 
дайындайды; 
* мектептегі арнайы қызмет бөлмесін құру және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды
дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады; 
* мектептегі психологиялық-педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің 
ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын жүзеге асырады. 
* жеке оқушыларға, әрбір сыныпқа портфолио дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет