1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары


Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері



бет12/55
Дата25.12.2023
өлшемі150.91 Kb.
#487937
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
обзор-лек-каз- (1)

Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сөзді қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл-әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану және т.б.
Қимыл-әрекетті үйрету кезеңі
Бұл кезеңнің міндеттері – оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегін ықылас сала орындайтын қимыл-әрекетін қимыл шеберлігі дейміз. Қимыл шеберлігінің қалыптасуының өзіне тән мынандай белгілері бар:
- қимыл-әрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару;
- жаттығуды тұрақты дұрыс орындамау (қателесу);
- әр түрлі жаңылдыратын себептерге қарсы тұра алмаушылық (шаршау, абыржу, үйрену арасындағы үзіліс). Қимыл шеберлігін қалыптастыру кезеңіне жаттығуды тұтас немесе бөлшектеп көп рет қайталау процесі жатады.


4.2. Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге бөлінеді:
Қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушыларды жаттығу тәсілінің негізіне, пайда болған қателерді жоюға, жаттығуды орындаудағы қатаюды болдырмауға үйретеді. Физиология тілімен айтқанда, орталық нерв жүйесінің артығырақ жайыла қозуы, қозғалыс орталығына ауысуы шоғырланады. И.П. Павловтың ілімі бойынша динамикалық стереотип қалыптаса бастайды, ол жүйке процестерінің жаттыққан жүйесі, шартты рефлекс механизмі бойынша пайда болады. Оқушыларда бұл мезгілде артық қозғалыс жоғалады, қимыл еркінделе бастайды, жаттығуды орындау амплитудасы үлкейеді, сенімділік пайда болады.
Қимыл шеберлігін жетілдіру. Бұл бөлімде қимыл-әрекетін орындау техникасы меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірақ жаттығуды орындау тұрақсыздығы сақталады, жаттығу техникасын әр түрлі себептер жеңіл бұза алады. Жаттығуды орындау барысында жіберілген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор, өйткені ол жаттығушының жаттығуды үйренуіне жақсы нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Қимыл-әрекетті меңгерудің бастапқы кезеңдерінде қателер көп кездеседі. Сондықтан оқу әдістемесін дұрыс қолдана отырып, оларды болдырмауға ұмтылу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет