13 ДӘРІС.Спорттық жаттығулардың сипаттамасы
Жоспар:
1. Спорттық жаттығулардың мақсаты мен міндеттері.
2. Спорттық жаттығулар құралы.
3. Спорттық жаттығулардың әдістерi.
4. Спорттық жаттығулар әдістерінің негізгі компоненттері
№ 13.1.Спорттық жаттығулардың мақсаты өзін дене жағынан жетілумен, рухани байлықпен және моральдық тазалықпен байланыстыратын тұлғаның үйлесімді дамуы негізінде жоғары спорттық нәтижеге жету болып табылады.
Спорттық жаттығулардың міндеттері шешімі кәсіби мәнге ие бола- тын педагогикалық мәселелердің екі тобы болып табылады. Олар – өзіндік мазмұны бар ортақ және арнайы міндеттер. Спорттық жаттығулардың ортақ міндеттері дене тәрбиесімен, эсте- тикалық, адамгершілік және еңбек тәрбиесімен қатар қарас- тырылатын тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуының міндеттерін ұсы- нады. Олардан басқа ортақ міндеттер тобына спортпен айналысатындар- дың барлық құрамымен жұмыста шешілетін білім беру және сауықтыру міндеттері де жатады.
Спорттық жаттығулардың арнайы міндеттері спорттың әр түрінде, спортшылардың дене, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтары саласында пайда болатын кәсіби проблемалармен байланысты.
Олардың ішінде келесі міндеттер неғұрлым маңызды- лары болып табылады :
а) дене тәрбиесі саласында:
– спортшының барлық негізгі дене сапаларын дамыту;
– спортшының қозғалыс әлеуетін арттыру.
б) техникалық дайындық саласында:
– қозғалыс дағдыларының көлемін арттыру;
– жаңартылған спорттық техника талаптарына сәйкес қозғалыс дағдысын қайта жасау;
– жоғары тұрақтылық пен қозғалыс дағдыларының вариативтілігіне жету.
в) тактикалық дайындық саласында:
– спорттық тактиканың теориялық негіздерін меңгеру;
– қарсыластар мүмкіншіліктерін зерделеу;
– тактикалық тәсілдер мен амалдарды меңгеру;
– тактикалық ойлауды дамыту;
– тактикалық шеберлікке жету.
г) психологиялық дайындық саласында:
– мақсаткерлікті қалыптастыру;
– спортшы психикасының моральдық, зияткерлік, эстетикалық, эмоциональдық және жігерлі қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
д) теориялық дайындық саласында:
– арнайы білімдер шеңберін меңгеру;
– ақпараттың арнайы көздерімен жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру;
– ақыл-ой сапаларын дамыту. Спортшыларды даярлау үдерісіндегі ортақ міндеттерді шешу нәтижелері спортшының биік идеялылығы мен тәрбиелілігі, ал арнайы міндеттерді шешу нәтижесі – жоғары деңгейде жаттығушылық болып табылады. Ортақ және арнайы міндеттерді шешудің кешендіқорытындысы спортшының жан-жақты дайындығы болып табылады
Спорттық жаттығулар құралдарының көптүрлілігі үш топқа бөлінеді: – негізгі; – көмекші; – жалпы педагогикалық. Спорттық жаттығулардың негізгі құралы дене жаттығулары болып табылады.
Спорттық жаттығулар үдерісінде көптеген дене жаттығулары қолданылады. Жаттықтыру үдерісінде қолданылатын дене жаттығулары үш нұсқаға жіктеледі. Бірінші нұсқада спорт пәнімен ұқсастығы ескеріле отырып, дене жаттығулары «дайындық» және «сайыстық» жаттығулар болып бөлінеді. «Дайындық» жаттығуларының негізгі мәні сайыстарда нәтиже көрсетуге кепілдік беретіндей деңгейде сайыс жаттығуларын меңгеруді қамтамасыз ету. Екінші нұсқада қозғалыс құрылымдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, «жалпы дайындық» және «арнайы дайындық» дене жаттығулары болып бөлінеді. Сонымен бірге «жалпы дайындық» өз құрылымы бойынша сайыстық жаттығулардан барынша ажыратылатын дене жаттығулары, керісінше «арнайы-дайындық» жаттығулары сайыс жаттығуларымен белгілі құрылымдық ұқсастығы бар дене жаттығулары болып табылады. Үшінші нұсқада дене жаттығулары орындалатын жұмыстың бағыттылығына байланысты «жинақтаушы» немесе «дамытушы» болуы мүмкін. Жинақтаушы жаттығу қозғалыс техникасын меңгеруге, ал дамытушы тиісті дене сапаларын дамытуға бағытталған.
Сайыс жаттығуларының негізгі міндеті спортшының сайыс әрекетінің тиісті деңгейде қамтамасыз етілуі. Осыған байланысты спортшының жұмыс режімі ескеріле отырып, жаттығулар «жеке- сайыстық» және «сайыстың жаттықтыру түрлері» болып бөлінеді.
Спорттық жаттығулардың көмекші құралдары – табиғаттың табиғи күштері (күннің, ауаның және судың шынықтыру мүмкіндіктерін 52 пайдалану), жеке бастың және қоғамдық гигиена іс-шаралары, спортшы режімі, қайта қалпына келтіру құралдары мен оқу-жаттықтыру үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Көмекші құралдарың негізгі міндеті – жалғас факторлардың әсеріне төзе алуды қамтамасыз ету. Спорттық жаттығулардың жалпы педагогикалық құралдары ауызша, көрнекі, сенсорлық-түзету ықпалдары, сондай-ақ психореттеуші жаттығулардың мүмкіндіктері болып табылады. Олардың негізгі міндеті дене жаттығуларын ұйымдастыру және сапалы өткізу үдерісіне ықпал етумен байланысты.
№
Достарыңызбен бөлісу: |