3. Кәсіпкерлік құқықтын қайнар көздері (заңнамалары) ҚР кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы
ҚР кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР Кәсіпкерлік кодексі, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар ҚР азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Егер ҚР ратификациялаған халықаралық шартта КК көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
ҚР нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған ҚР кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы нормаларының олқылықтары немесе КК ережелеріне қайшылықтары анықталған жағдайда, КК ережелері қолданылады.
Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері ҚР заңдарында белгіленеді.
Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызмет тек ҚР заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.
Мемлекеттік органдардың жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылықты жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
ҚР Кәсіпкерлік кодексі, ҚР Конституциясы, соған сәйкес қабылданғаң ҚР өзге де заңдары, ҚР азаматтық кодексі, ҚР Президентінің заң қүші бар Жарлықтарынаң, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің сондай ақ Үкіметінің қаулыларынаң турады. Әдет-ғұрыптар (ісқерлік өрісіндегі әдеттер).
4) Кәсіпкерлік құқық пәнінің ерекшеліктері 1. Нақты шаруашылық қатынастардың әр түрлілігі. Себебі: оларға қатысатын шаруашылық ісін атқаратын субъектінің қызметтері әр түрлі және де бүл субъектілердің ғылыми техникалық, экономикалық, әлеуметтік және үйымдастырушылық қызметтері әр түрлі.
2. Шаруашылық ісін атқарушы субъектілер кәсіпорынның ұйымдастырушылық құқықтың нысанын, қызметін, сипатын шығаратын өнім мен көрсетілген қызметтер ассортиментін қамту және өтім рыноктарын өндірістік кооперация түрін басқару жүйесін даму стратегиясын таңдауда және белгілеуде дербестігін танытады.
3.Шаруашылық қызметін атқаратын субъектілер арасындағы қатынастар нарықтық сипаттағы қатынастар
4.Әр түрлі механизмдер негізінде қызмет пен басқару ұйымдастырылады.
5.Субъектілер өзара катынастың өзіндік жекеше механизмін жасауы
мүмкін.
Сондықтан қүқықтық реттеуді бір ғана әдіспен байланыстыру болмайды. Кәсікерлік құқық кешенді сипатты болғандықтан оған басқа қүқық салаларда қолданылатын әдістер тән. Кәсікерлік құқықтың негізгі әдісі - реттеу пәніне (басқару объектісіне) әсер етудің кеңістік түрі.
3) Құзырлы мемлекеттік органның актісінде мемлекеттік ықтияр. Кәсікерлік құқық үшін бұл мынандай актілер:
1. Конституция.
2. Кодекстері
3. ҚР президентінің жарлықтары.
4. ҚР өкімет қаулылары.
5. Өнімге, қызметтерге, құрылыс объектілеріне деген мемлекеттік
стандарттар.
6. Президент жарлыктарын, өкіметтің қаулыларын дамытуға бағытталған министрліктер мен ведомствалардың актілері.
7. Билік және басқарудың аймақтық органдарының актілері.
8.Жергілікті органдарының ш.қ. маңыздағы актілері.
4) Қүқық нормаларымен реттелетін кәсіпкерлік қатынастардың сүбъектілері - шаруашылық ісімен айналысатын азаматтар, заңды тұлғалар, ҚР әкімшілік территориялық бөліністер. Бұл қатынастар көбінесе азаматтық, әкімшілік, қаржы заңдарымен реттеледі.