1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет26/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Дәрістер жинағы

24-сурет. Табиғаттағы су айналымы

Су айналымы нәтижесінде, біріншіден, ылғал құрлыққа және керісінше, құрлықтан мұхитқа тасымалданады. Өйтпегенде, жер беті құлазыған шөлге айналар еді.


Екіншіден, жылу тасымалданады, мұхит бетінің жылуымен қызған ауа, өзімен бірге құрлыққа ылғал ғана емес, жылуды да тасымалдайды.
Үшіншіден, В.И.Вернадский айтқандай, су жер бетіндегі барлық табиғи үрдістерді біріктіріп, бүкіл геологиялық өзгерістерді қалыптастырады. Гидросфераның негізгі қасиеті – оның үнемі қозғалыста болуы. Қозғалыстың орасан күші – су айналымы. Географиялық қабықтағы тіршілік атаулының бүкіл болмысы, табиғаттағы су айналысымен тікелей байланысты.
10-дәріс. Дүниежүзілік мұхит, оның физикалық-химиялық қасиеттері
Мұхит суының тұздылығы. Мұхиттар мен теңіздер суы ащы-кермек дәмді болып келеді. Себебі: су құрамында еріген әртүрлі тұздар болады. Мұхит суының ащылығы, оның құрамында ас тұзының (NaCl) болуымен байланысты болса, кермек жағымсыз дәмді болуы, оның құрамында магний тұзының болуына (MgCL2, MgSO4) байланысты. 1 л мұхит суы құрамында орташа есеппен 27,2 г NaCL, 3,8 г MgCl2, 1,7 г MgSO4 тұздары болады. Тұздылық мөлшері промилль (‰) арқылы анықталынып, мұхит суының орташа тұздылығы 35‰-ге тең. Мұндай тұздылық жағалаудан қашықта байқалады. Жағалауға жақын жерлерде тұздылық төмен 34-33‰, тіпті 32‰, себебі: мұхитқа өзен суының құйып, суды тұщыландыруына байланысты. Пассат желдері аймағында (жауын-шашын аз, булану көп) тұздылық жоғары (36-37‰).
Дүниежүзілік мұхит бойынша тұздылықтың ендіктер бойынша таралу ерекшелігі төмендегідей:
Экваторлық ендіктерде тұздылық мөлшері тереңдікке қарай бірте-бірте артып, 100 м тереңдікте өзінің максималды мәніне жетеді. Осы тереңдікте мұхиттардың тропиктік ендіктерінен тұзды және тығызырақ сулар экваторға жақындайды. 1000 м тереңдікте тұздылық өте баяу 34,62‰ дейін артады да, одан тереңірек тұздылық іс жүзінде өзгермейді.
Тропиктік ендіктерде тұздылық мөлшері 100 м тереңдікке дейін аздап артады да, содан кейін бірте-бірте 800 м тереңдікке дейін төмендейді. Тропиктік ендіктердің осы тереңдігінде ең төмен тұздылық байқалады (34,58‰). Мұнда жоғары ендіктерден тұздылығы аз, суық сулары келеді де, 800 м тереңдік бастап жоғарлай бастайды.
Субтропиктік ендіктерде тұздылық мөлшері 1000 м (34,48 ‰) тереңдікке дейін тез төмендейді, содан кейін тұрақты болады. 3000 м тереңдікте 34,71 ‰ шамасында болады.
Субарктикалық ендіктерде тұздылық мөлшері тереңдік артқан сайын 33,94-тен 34,71‰-ге дейін баяу өседі, полярлық ендіктерде тұздылық мөлшері тереңдік артқан сайын - 33,48-ден 34,70‰-ге дейін едәуір артады.
Теңіздер суының тұздылығы дүниежүзілік мұхит суы тұздылығынан айтарлықтай ерекшеленеді. Мұхиттармен кең бұғаздар арқылы байланысатын шеткі теңіздерде, тұздылық мөлшері мұхиттың орташа тұздылығына жақын. Мысалы, Балтық теңізінде орташа тұздылық мөлшері (10–12‰) болса, Қара теңізде (16–18‰), Азов теңізінде (10–12‰), Ақ теңізде (24–30‰), теңіздер суы тұздылығын өзен сулары мен атмосфералық жауын-шашынның суды тұщыландыру қасиетімен байланысты. Керісінше, жан-жағы құрғақ климатты облыспен қоршалып жатқан теңіздер суының тұздылығы жоғары болады. Мысалы: Жерорта теңізінде 38-39‰-ге тең болса, айналасын шөлдер алып, жауын-шашын мөлшері мардымсыз, әрі булану қарқыны жоғары – Қызыл теңізде тұздылық 41‰ шамасында.
Дүниежүзілік мұхит сулары бойынша тұздылық мөлшері төмендегідей таралған: Атлант мұхитының орташа тұздылығы – 35,4‰, Тынық мұхитында – 34,9‰, Үнді мұхитында – 34,8‰, Солтүстік Мұзды мұхитында – 29-32 ‰.
Географиялық карта бетінде мұхит пен теңіз беттеріндегі тұздылық мөлшері бірдей жерлерді қосатын сызық - изогалин сызығы деп аталады.
Дүниежүзілік мұхит суларының газдануы. Мұхит суы құрамында еріген тұздармен қоса, суда еріген түрлі газдар да болады. Оның көрсеткіші шамамен төмендегідей: 63% азот, 35% оттегі және аздаған мөлшерде көмірқышқыл газымен, күкіртті сутегі болады. Оттегі мөлшері ауаға қарағанда, мұхит суы құрамында жоғары болып келеді. Бұл теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің тіршілігіне өте қолайлы.
Оттегі фотосинтез үрдісі нәтижесінде бөлініп, мұхит суына атмосферадан келеді. Мұхит суы азот пен көмірқышқыл газына да атмосфера арқылы қанығады.
Газдардың мұхит суында еруі, оның температурасы мен тұздылығына байланысты. Су температурасы мен тұздылығы неғұрлым жоғары болса, онда газдардың еруі де соғұрлым төмен болады. Сондықтан тропиктік аймақ теңіздеріне қарағанда, поляр аймағы теңіздері суы газға бай болып келеді.
Судың беткі қабаты (100-300 м) әр уақытта оттегіне қаныққан болады да, тереңдік артқан сайын оттегі мөлшері кеми береді. 200 м тереңдікте жарық аз, өсімдік кездеспейді, сондықтан оттегі мөлшері азаяды.
Терең қабаты оттегімен жабдықталмайтын теңіздерде күкіртті сутегі жинақталады, мысалы: Қара теңіз, мұнда терең қабатындағы су тоқырап, араласпайды да, теңіз түбінде оттегі болмайды.
Су өсімдіктері оттегін бөліп шығарады. Оттегі мөлшері әсіресе, балдырлар көп өсетін жерлерде жоғары болып келеді.
Азот мөлшері мұхит суы құрамында аз болады, себебі азот суда нашар ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет