1 Дәріс: Нақты-әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу әдістері мен техникасы


Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Маркстың мұрасы - әлеуметтік конфликтер



бет2/5
Дата02.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504245
1   2   3   4   5
әлеуметтану 1

Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады.
Маркстың мұрасы - әлеуметтік конфликтер мен әлеуметтік өзгерістерді көрсететін теория болса, Дюркгеймнің мұрасы әлеуметтік тұрақтылықты көрсететін теория болып саналады.
«Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлгіруіне себепкер болатынын айтады.
Неміс экономисі, тарихшысы жэне философы Макс Вебер әлеуметтік зерттеулердің, оның ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты ұғымдардың теориялық негізін қалыптастырды.
Вебердің ғылымға қосқан негізгі үш үлесі бар: ол әлеуметтік іс-әрекеттердің субъективті мағыналарын ашты, экономикалық себептерден гөрі әлеуметгік себептерге, ал әлеуметтік проблемаларды зерттеуде объективтілікке сүйену қажеттігін алға тартты.
Уильям Эдуард Дюбуа (1868-1963)
Америкалық әлеуметтанудың еуропалық әлеуметтанудан өзгеше дамуының себебі - әлеуметтік проблемалар әртүрлі болды.
1860-1920 жылдар аралығында құлдық пен азаматтық соғыстың және қарқынды иммиграцияның әсерінен Еуропамен салыстырғанда АҚШ-та нәсілшілдік пен этностық кемсітушілік маңызды проблемаға айналды.
Бұл проблемаларды зерттеген алғашқы әлеуметтанушылардың бірі - У.Э. Дюбуа болды.
Тағы бір әлеуметтанушы, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының 1931 жылғы иегері Джейн Аддамс өз еңбегінде АҚШ әлеуметтануының ерте кезіндегі әлеуметтік проблемалар мен әлеуметтік реформаларға баса назар аударды.
Әріптестерімен бірге ол әлеуметтік ғылыми деректерді еңбек қауіпсіздігін арттыруға, жасөспірімдерді заңмен қорғауды жетілдіруге, қоғамдық санитария мен кедейлерге қызмет көрсетуді жақсартуға арналған заңдарды қабылдау үшін пайдаланды
Әлеуметтанулық зерттеу-құбылыс немесе процесс туралы объективті, сенімді деректерді алудың бірыңғай мақсатымен өзара байланысты логикалық дәйекті әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық процедуралар жүйесі.
Белгілі бір әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің даму тенденциялары туралы ғылыми негізделген болжамдар жасауға бағытталған кез-келген практикалық мәселелерді шешуге бағытталған социологиялық зерттеу қолданбалы деп аталады.
Негізінен ғылыми теорияларды дамытуды мақсат ететін зерттеу – іргелі.
Әлеуметтанулық зерттеу әдістері қолдана отырып, деректерді жинауға және талдауға бағытталған зерттеу эмпирикалық деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет