1. дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет47/56
Дата20.05.2022
өлшемі2.52 Mb.
#458329
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
348879 2

2.Маркстік философия тарихы
19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі
Маркстік философияның пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты – өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Маркстік философияның негізін қалаушылар: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, В.И.Ленин.
Маркстік философиясының негізгі сипаттары: 


Диалектикалық әдіс материалистік принциппен біртұтас бірлікте қарастырылады. 
Тарихи процесс материализм тұрғысынан табиғи, заңды процес ретінде түсіндіріледі. 
Әлем тек түсіндіріліп қана қоймайды, оны өзгертудің жалпы методологиялық негіздері зерттеледі. Философиялық зерттеулер жалаң ұғымдардан гөрі адамдардың материалдық – практикалық іс - әрекеттеріне бағытталады. 
Диалектикалық – материалистік көзқарастар пролетариаттың, барлық еңбекшілердің мүддлері мен байланыстырылады. 

К.Маркстің философия мен әлеуметтік ғылымға енгізген екі маңызды жаңалығы бар, оның бірі – қосымша құн теориясы, екіншісі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Маркстің пікірінше, адам табиғат қойнауынан әмбебап табиғи жан болып шықпайды. Ол тарихи процестің барысында әмбебап тіршілік иесіне айналады. Адамды жануарлар әлемінен бөліп тұратын, басқаша айтсақ, оны тіршілік баспалдағының жоғары сатысына көтеретін санасы, ақыл – ойы емес, өзіне қажетті құрал – жабдықтарды өндіру, жасау икемділігі. Осының арқасында адам табиғатты игереді, оның кеңістігі мен уақытында өз мүддесі мен талап игілегіне сай өзіндік екінші табиғаты жасайды. Осының барысында өндірісітік қатынастар қалыптасады. Осы өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейін қоғамның басқа жүйелеріне базис, негіз болатын экономикалық жүйені құрайды. Мемлекеттік, қоғамдық институттар, қатынастар қондырма ролін атқарады. Базис пен қондырма бір – біріне әсер етеді. К.Маркс тарихи процестегі қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтау мақсатында қоғамдық – экономикалық формация ұғымын ұсынды.


Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:
алғашқы қауымдық,
құл иеленушілік,
феодалдық,
капиталистік және
коммунистік формациялардан тұрады.
Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.
Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:
В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.
Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.
Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды
Маркс адамның дамып, қалыптасуында әлеуметтік орта мен мәдени факторлар маңызды роль атқаратындығына ерекше назар аударады.
К.Маркс, Ф.Энгельс идеяларын онан әрі В.И.Ленин, Г.В.Плеханов дамытты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет