1 Дәріс. Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері


Дәріс 11-12 Мамандықтар әлемі. Табиғат құбылыстары



бет8/11
Дата03.04.2024
өлшемі454.36 Kb.
#497569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
лекция жаратылыстану

Дәріс 11-12 Мамандықтар әлемі. Табиғат құбылыстары
Жоспар
1. Мамандықтар әлемі.
2. Табиғат құбылыстары
Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі
Болашақтың 10 мамандағы-бұл келешекте қажетті ең қажетті, ең табысты деп саналатын 10 мамандықтар. Төменде көрсетілген мамандықтар Ұлы Британияның атақты Fast Future компаниясының зерттелуімен жүргізілген.
Органның және дененің сыртқы бөліктерін өндірушілер
Органның және дененің сыртқы бөліктерін өндірушілер - бұл мамандық иегерлеріне өзінізге қажетті жаңа бүйрек, бауыр, т.б. тіпті ми да тапсырыс беріп ала аласыз. Әрине,бұның құны да аз болмайды.
Нано дәрігерлер
Нано дәрігерлер - бұл мамандық иегерлері дәрігерлердің бөлігі. Бұл дәрігерлер адамды тек қана емдемей, оларға қажетті жаңа күштер қоса алады. Мысалы оларға жаңа күш не бұрыңғыдан ақылды ете алады. Бұған көбіне орыс халықтары болады деп есептелінеді. Себебі қазірден бастап Ресейде бұл зерттеле бастапты.
ГМО фермер
ГМО фермер - бұл мамандық иегерлері бұрынғыдай емес, жаңа генномодифицифті жаңа көкөністер мен жемістер өткізеді. Бұлар таңғажайып тәсілмен өсіріледі. Бұның мақсаты - қазіргі кездегі нашар өнімдерден құтылу.
Вертикальды фермерлер
Вертикальды фермерлер - бұл мамандық иегерлері өз өнімдерін вертикальды орналасқан үлкен жылыжайларда өсіреді. Олар шыңдарда орналасады деп көзделеді. Келешекте вертикальды фермерлер атауы өзгереді деп есептелінеді.
Виртуалды ұстаз
Виртуалды ұстаз - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.
Климат менеджері
Климат менеджері - бұл мамандық иегерлері аты айтып тұрғандай ауа-райымен жұмыс жасайды. Олар ауа-райын табиғи емес, жасанды түрде зерттейді.
Космос кемелерінің жүргізушілері
Космос кемелерінің жүргізушілері - бұл мамандық иегерлері аты айтқандай космос кемелерің жүргізеді. Әрине, келешекте олар бізге кәдімгі жүргізушілер іспеттес саналады.
Космос экскурсаводтары
Космос экскурсаводтары - бұл мамандық иегерлері жақын маңда орналасқан космостарға космостық саяхат жүргізеді.
Метеорг-полицейлер
Метеорг-полицейлер - бұл мамандар келешектегі нашар ауа-райына байланысты түрлі қылмыс болады деп есептелінеді. Сол себепті олар климатпен қатар, тәртіпті де бақылайды.
Электрондық қоқыс мамандары
Электрондық қоқыс мамандары - бұл мамандар жылдам әрі тез Интернет бетіндегі керексіз адамдарды өшіреді.
2. Ұзақ мерзімді қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамалары4. Қуаңшылық атмосфералық және топырақтық болып бөлінеді:
1) атмосфералық қуаңшылық - атмосфераның жауын-шашынның жеткіліксіз болуымен, жоғары температурамен және төмен ылғалдылықпен сипатталатын жай-күйі. Жазғы кезеңде атмосфералық қуаңшылық көктемгі және күзгіге қарағанда өсімдіктерге едәуір көбірек кері әсерін тигізеді, өйткені ол ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау кезеңінде байқалады. Атмосфералық қуаңшылық вегетативтік массаның жинақталуын азайтады, жапырақтардың солуына себепші болады, өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметін төмендетеді, сирек дәнділікті, бос масақтылықты, дәннің жадаулығын туғызады, түйнектер мен тамыр-жемістілердің өсуін тоқтатады, майлы дақылдардың тұқымдарында майдың түзілуін кідіртеді. Атмосфералық қуаңшылықтың өлшемдері қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларына 2-қосымшада келтірілген.
2) топырақтық қуаңшылық топырақтың құрғауымен сипаттамаланады. Көктемгі кезеңде топырақта ылғалдың жетіспеуі өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуында, топырақтың құнарлы заттарын пайдалану мүмкіндігінде, пайдалы микроорганизмдердің қызметінде білінеді. Топырақтық қуаңшылықтың өлшемдері қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларына 3-қосымшада келтірілген.
Жазғы кезеңде осы өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Атмосфералық және топырақтық қуаңшылықпен бүліну сипаты және дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
жапырақтардың (төменгі және жоғарғы ярустардың) сарғаюы немесе қоңырлануы, сондай-ақ олардың жасыл күйінде қурауы;
масақтардың сарғаюы;
ұрықтардың немесе дамыған гүл шоғырының, түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің қурауы немесе түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің түсуі, пісіп-жетілмеген жемістердің қурауы;
орамдардан жаңадан пайда жіп тәріздес сабақтардың (жүгеріде) солуы.
Қолайсыз жағдайдың одан әрі қарай сақталуы кезінде жақындаған қатты зақымданудың белгілері мыналар болуы мүмкін: қылқандардың ағаруы (дәнді масақты дақылдарда), жапырақтарының жоғары бөлігінің түтік тәріздес болып оралуы, жапырақтарда күндізгі уақытта серпінділіктің жоғалуы, оның дәлелі олардың уақытша солуы (жапырақтар бүгіліп қалады) болып табылады.
Дәннің мерзімінен бұрын қурауының екінші белгісі дәннің масақтанудан сарғаюына дейінгі аз ғана ұзақтық - жұмсақ бидайда көп дегенде 20-22 күн және қатты бидайда - көп дегенде 23-25 күн болады.
5. Үсу - қатты аяз кезінде қар жамылғысы болмаған кезде немесе оның қуаты жеткіліксіз болған кезде төменгі температурамен қыстайтын дақылдардың бүлінуі.
Қары аз қыс кезінде көптеген қыстайтын дақылдарда күзгі шыңдалудан кейін ауыспалы температура минус 15 - минус 22 о С шегінде болады. Қарқынды жылымықтардан кейін топырақтың мейлінше төмен температурасы кезінде өсімдіктер өліп қалады. Қысқа жеткіліксіз дамымай кеткен өсімдіктер үшін (түптену сатысына жетпеген күзгі дәнді дақылдар) қар жамылғысының биіктігі 5 см-ден аз болған кезде, ауа температурасының минус 15 о С-қа дейін төмендеуі едәуір залал келтіруі мүмкін. Үсу өлшемдері өлшемдері қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларына 4-қосымшада келтірілген.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады. Өсімдіктердің үсумен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
өсімдіктің әр түрлі органдары (жапырақтары, сабақтары, тамырлары) бүлінеді;
түптену түйінінің бүлінуі неғұрлым қауіпті болып табылады, ол солған кезде өсімдік өледі.
6. Жылудың жетіспеушілігі - белсенді және тиімді ауа температураларының іс жүзіндегі жиынтықтары және физиологиялық даму (әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары дамуының белгілі бір фазаларының басталуы) үшін қажетті теориялық константтар бойынша айқындалады. Тиімді ауа температураларының жиынтықтары - бұл биологиялық нөлден төмен температураны алып тастағандағы он күндік орташа температуралардың жиынтықтары, яғни оның кезінде сол немесе өзге де дақылдың белсенді өсуі басталатын температура. Вегетациялық кезеңде жылудың жетіспеушілігі кезінде белсенді және тиімді ауа температураларының жиынтығы қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларына 4-қосымшада келтірілген.
Жаздық дәнді-дақылдар үшін даму кезеңінде жылудың жетіспеушілігін бағалау өсімдіктердің нақты фазааралық кезеңінде өсімдіктердің жылуды қажет етуіне байланысты. Егер ауаның орташа температурасы негізінен 10 о С-тан төмен, ал»"масақтану-пісу" кезеңінде 15 о С-тан төмен болса жаздық дәнді дақыл өсімдіктері»"себу-масақтану" кезеңінде өзінің дамуын тоқтатады. Жаздық дәнді-дақылдар 5 о С-тан жоғары температура кезінде өз дамуын бастайды, сондықтан жылудың жетіспеушілігін бағалауда оң ауа температураларының жиынтықтарын (0 о С-тан жоғары) немесе тиімді ауа температураларының жиынтықтарын (5 о С-тан жоғары) пайдалану қажет.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Жылудың жетіспеушілігі кезіндегі өсімдіктердің бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
өсімдіктердің баяу өсуі;
өсімдіктердің дәндену және пісуі кезеңінде жемісті органдарының дамуының нашарлауы (дәнді дақылдардың масағы (сіпсебасы) өнімділігінің төмендеуі) күнбағыстың, жүгері собығының майда қоржыншаларының пайда болуы және т.б.).
7. Топырақтың шамадан тыс ылғалдануы Қазақстанның жекелеген аудандарында вегетациялық кезеңде байқалады, онда топырақ 10-12 см тереңдікте, ылғалдылықты көзбен шолып бағалау кезінде қатарынан кемінде 20 тәулік бойы жабысқақ немесе аққыштық жай-күймен сипатталады. Жекелеген тәуліктерде (4-5 тәуліктен көп емес) топырақтың жұмсақ иілімді жай-күйге ауысуы мүмкін.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Шамадан тыс ылғалдану кезінде өсімдіктердің бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады: 
ауылшаруашылығы дақылдарын себу және олардың дамуының бастапқы фазалары кезеңінде өсімдіктердің шіруі байқалады;
биік өскен егісті жинауды қиындататын астықты жинау кезеңінде астықтың жатып қалуы.
8. Ауаның шамадан тыс ылғалдануы он күндік норманың 150%-ындай жауын-шашынның болуы кезінде 10 және одан да көп күн ішінде ауаның 80% және одан да көп салыстырмалы ылғалдылығының орташа тәуліктік мәнімен сипатталады.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
9. Су басу қардың еруі, қатты нөсерлі жауындар, судың желмен көтерілуі кезінде, сеңнің кептелуі кезінде және т.б. жер бетіндегі су объектілерінде су деңгейінің күрт көтерілуі нәтижесінде елді мекендердің, ауыл шаруашылығы алқаптарын сұрапыл су басумен сипатталады.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
10. Аңызақ 5 м/с және одан да күшті желдің орташа жылдамдығы кезінде кемінде 5 күн 30% және одан да аз ауаның ең аз салыстырмалы ылғалдылығының, 25 о С және одан да көп ауаның ең жоғары температурасының сақталуымен сипатталады.
Аңызақтың қарқындылығы ауаның құрғақтығымен және температурасымен, сондай-ақ аңызақ ағыны қозғалысының жылдамдығымен айқындалады. Өсімдіктерге әсеріне байланысты аңызақ қарқындылығының өлшемдері қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларына 6-қосымшада келтірілген.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Аңызақпен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
жапырақтардың (төменгі және жоғарғы ярустардың) сарғаюы немесе қоңырлануы, сондай-ақ олардың жасыл күйінде қурауы; 
масақтардың сарғаюы;
ұрықтардың немесе дамыған гүл шоғырының, түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің қурауы немесе түйнектердің, гүлдердің, түйіндердің түсуі, пісіп-жетілмеген жемістердің қурауы; 
орамдардан жаңадан пайда жіп болған тәріздес сабақтардың (жүгеріде) солуы.
Қолайсыз жағдайдың одан әрі қарай сақталуы кезінде жақындаған қатты бүлінудің белгілері мыналар болуы мүмкін: қылқандардың ағаруы (дәнді масақты дақылдарда), жапырақтарының жоғары бөлігінің түтік тәріздес болып оралуы, жапырақтарда күндізгі уақытта серпінділіктің жоғалуы, оның дәлелі олардың уақытша солуы (жапырақтар бүгіліп қалады) болып табылады.
Аңызақ және топырақта ылғалдың жетіспеуі қалыптасып бітпеген дәннің құрғауын туғызуы мүмкін. Қураған (толысып бітпеген) дәннің ерекше белгісі - оның жадаулығы. Дәннің мерзімінен бұрын қурауының екінші белгісі дәннің масақтанудан сарғаюына дейінгі аз ғана ұзақтық - жұмсақ бидайда көп дегенде 20-22 күн және қатты бидайда - көп дегенде 23-25 күн болады.
3. Қысқа мерзімді қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамалары
11. Бұршақ жылдың жылы мезгілінде қуатты жаңбырлы-түйдек бұлттардан нысаны және шамасы бойынша әр түрлі қатты мұз бөлікшелері түріндегі жауын-шашынның болуымен сипатталады.
Бұршақтың жауу ұзақтығы және жауу жолағының алаңы кең шектерде ауытқып отырады: уақыт бойынша бірнеше секундтан 1 сағатқа дейін; алаңы бойынша жолағының ені 1-2 км, ұзындығы 10-20 км-ге дейін жетеді.
Бұршақ бүлінген өсімдіктер өз органдарын қалпына келтіре алмайтын ауыл шаруашылығы дақылдарының гүлдеу және жемістерінің пісуі кезеңінде барынша зиян келтіреді.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Өсімдіктердің бұршақпен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
жапырақтар (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) құлаған, жыртылған;
шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;
гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған, соғылған, құлаған;
дәнділердің дәндері ұшқан (аз, көп, өте көп дәрежеде);
өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті.
12. Нөсер жауын-шашынның 1 сағат және одан да аз кезең ішінде 20 мм және одан да көп мөлшерде үлкен қарқынмен жаууымен сипатталады.
Қатты нөсерлер топырақтың су эрозиясын және егістіктің жатып қалуын тудырады, бұл астық жинауды қиындатады және астықтың едәуір ысырабына себепші болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын себуден олардың көктеп шығуына дейінгі кезеңде нөсерлі жауын-шашынның болуы топырақтың тығыздалуын туғызады және күншуақты құрғақ ауа райы орнаған кезде топырақ қабатының пайда болуына ықпал етеді, бұл өнімнің көктеп шығуын қиындатады. 
Нөсер өсімдіктердің бастапқы дамуы кезеңінде егістікке механикалық әсерін тигізеді: топырақтың беткі қабатын жапырады, ішінара шайып кетеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын жинау уақытында нөсерлер үлкен шығын келтіреді, өнімнің сапасын нашарлатады.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Нөсерден бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;
гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) шайылған;
өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті;
егістіктің ағынды сумен шайылуы;
көктеу пайда болғанға дейін топырақ бетінде қабыршақтың пайда болуы.
13. Үсіктер ауыл шаруашылығы дақылдарының белсенді вегетациясы кезеңінде олардың едәуір бүлінуіне әкеп соғатын ауа температурасының (топырақ бетіне) 0 о С-тан төмен төмендеуімен сипатталады.
Өсімдіктер бүлінетін немесе өліп қалатын температура ауыспалы деп аталады. Бұл температура өсімдіктер дамуының мынадай түрлеріне және фазаларына байланысты болады:
күздік, ерте жаздық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алғашқы даму фазасында минус 7 о С-қа дейінгі қысқа мерзімді үсікке шыдай алады. Масақтану кезеңінде күздік, ерте жаздық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар минус 3 о С, ал гүлдеу уақытында минус 1 о С температурада бүлінеді. Сүттеніп пісу фазасында дәнді дақылдар минус 2 о С кезінде бүлінеді. Пісуіне қарай дәннің төменгі температураға төзімділігі артады;
тамыржемістілер, иірілетін және кейбір майлы дақылдар бастапқы дамуында минус 5 о С-қа дейін, гүлдену фазасында минус 2 о С-қа дейін төзеді;
жүгері, картоп, қытай бұршағы минус 2 о С-қа дейінгі температураға төзеді, бірақ гүлдеу фазасында минус 1 о С кезінде бүлінеді;
жылуды сүйетін өсімдіктер (қара құмық, түйебұршақ, күріш, мақта, бақша дақылдары) минус 0,5 о С кезінде бүлінеді.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Үсіктерден бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
жапырақтар (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) семген, қоңырланған, қарайған, шеттері, ұштары, ортасы бүлінген; сабақтары мен өркендері (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) қарайған, ұштары, жартысына дейін, негізіне дейін семген;
гүл шоғырлары, түйнектер, гүлдер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) семген, коңырланған, түсіп қалған;
піскен жемістер, дән (жекелеген өсімдіктерде, көбісінде, көпшілігінде, барлығында) бүлінген (аз мөлшері, көп бөлігі, барлығы);
өсімдіктер тұтасымен үсіген (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы).
Балауыздық пісіп жетілмеген жүгері дәнінің мүмкін болатын бүлінуінің алғашқы белгісі орам жапырақтары түсінің кенеттен өзгеруі болып табылады, ерігеннен кейін олар жасыл бояуын тез жоғалтады және солып қалады; бүлінген дән тығыздығын жоғалтады.
14. Қатты жел жылдамдығы 15 м/с және одан көп желмен сипатталады. Ауыл шаруашылығы егістіктері желдің қандай сипатқа (орташа жылдамдық, ең жоғарғы жылдамдық, жел екпіні) ие екендігіне қарамастан желдің 15 м/с жылдамдығы кезінде бүлінуі мүмкін.
Қатты жел егістіктердің пісуі кезеңінде залал келтіреді, биік өскен дәнді және басқа да дақылдардың жатып қалуын туғызады.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Өсімдіктердің қатты желден бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;
гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;
өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті;
егістіктердің ұшырылуы - тамырлардың жалаңаштануы, дәнді өсімдіктердің түптену түйіндерінің жалаңаштануы, әлсіз тамырланған өсімдіктердің (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) толығымен ұшырылуы;
басып қалу - өсімдіктердің жел ауыстырған топырақпен көмілуі.
15. Сел салыстырмалы қысқа уақыт аралығында ағын су арналарының құрылымын едәуір өзгерістерге ұшырататын және өте үлкен бұзылулар әкелетін судың және сазды бөлшектерден бастап ірі тастар мен кесектерге дейінгі тау жыныстары сынықтарының көп мөлшері қоспасының уақытша таулы ағынымен сипатталады.
Бұл өлшемдер барлық агроклиматтық аймақтар үшін қолданылады.
Өсімдіктердің селмен бүліну сипаты мен дәрежесі мынадай белгілер бойынша айқындалады:
жапырақтар (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) жыртылған;
шөптес өсімдіктердің сабақтары (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) сынған;
гүл шоғырлары, гүлдер, жемістердің түйіндері, пісіп-жетілмеген жемістер, піскен жемістер (жекелеген, көбі, көпшілігі, барлығы) шайылған;
өсімдіктердің жатып қалуы - уақытша, түпкілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет