1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Педагогтық қабілет және оның құрылымы



Pdf көрінісі
бет117/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
Егенисова Психология (1) (1)

4. Педагогтық қабілет және оның құрылымы. 
Педагогтық  қызметте  табысқа  жету  бірқатар  себептермен:  мұғалім 
білімінің  тереңдігі  және  кеңдігімен,  оның  жалпы  мәдениет  деңгейімен, 
әдістемелік  қарулануымен,  ақырында  оның  жеке  басының  ерекшеліктерімен 
анықталады.  Осы  айтылғандармен  қатар  табысқа  жетуде,  ең  бастысы, 
қызметтің шығармашылық сипатта болуында педагогтық қабілеттің елеулі мәні 
бар.  Дегенмен    педагогтық  қабілеттің  бар-жоғын  топшылауға  болады.  Ол 
белгілер:  тұрақты  педагогтық  байқағыштыққа  бейімділік,  педагогтық 
қиялдау.  Егер  адамда  мұғалімдік  жұмысқа  деген  бейімділік  болса,  онда  ол 
педагогтық қызметтен лэззат алады да бар күш-жігерін ӛзі сүйген іске жұмсауға 
талпынады.  Осындай  бейімділіктің,  ал  кейінен  істі  жан-тәнімен  сүюдің 
негізінде  бастапқы  кезде  саналы  түрде  болмаса  да балаға  деген  үйір  сезімі,  ал 
содан  соң  оларға  деген  айқындалған  саналы  сүйіспеншіліктің  жатуы  мүмкін. 
Педагогтық  жұмысқа  бейімділік  мектепте  оқып  жүрген  жылдардың  ӛзінде 
кӛрініс  беруі  мүмкін.  Ол  тек  мұғалім  боламын  деген  талаптан  ғана  емес, 
сондай-ақ  жас  шәкіртермен  жүргізілетін  қоғамдық  жұмысқа  ынтадан  да 
білінеді.  
Байқағыштық. Мұғалімге тән  жіті байқағыштық  -  педагогтық қабілеттің 
ӛзекті  қасиеті.  Бұл  оқушыны  ұғынуға,  оның  әр  түрлі эмоциялық жағдайының, 
ұшыраған  қиындықтарының  басты  себептерін  байқауға  жәрдемдеседі. 
Байқағыштық  қасиет  арқасында  мұғалім  шәкірт  мінез-құлқындағы  кӛзге  түсе 


 
бермейтін  ӛзгерістерді  қалт  жібермейді  және  оның  болашағын  болжай  алады. 
Осындай  педагогикалық  байқағыштық  оқушыларға  білім  беру  және 
тәрбиелеуді  білгірлікпен  жүзеге  асыру  жолында  мұғалімнің  сүйеніші  болатын 
жеткілікті материал береді. 
Педагогикалық  қиялдау.  Ұстаздық  қабілеттің  жетекші  қасиеті  -
педагогикалық  қиялдау.  Бұл  мұғалімге  шәкірттің  дамуын  жобалауға  қажетті. 
Баланың  ӛткен  және  қазіргі  ӛмірін  терең  білуге  сүйеніп,  мұғалім  оқушының 
келешекте  кандай  жағдайда,  қандай  болатынын  топшылай  алады.  Логикалық 
оймен  біте  қайнасқан  шығармашылық  қиял  педагогтық  талантқа  тән 
педагогтық тапқыштықты қамтамасыз етеді. Талантты мұғалім - жаңашыл. 
Ұстазда  болатын  тағы  басқа  қабілеттер.  Балалар  ұжымымен 
байланысты  болатын  мұғалімдерге  ұйымдастырғыштық  қабілет  қажет. 
Мұғалімнің  мамандығына  орай  (тарихшы,  математик,  физик  т.б.)  басқа  да 
арнаулы қабілеттер қажет болады. Мәселен, әдебиет пәнінің мұғалімі кӛркемдік 
талғаммен  коса  әдеби  шығармашылық  қабілетке  ие  болса,  нұр  үстіне  нұр. 
Арнаулы қабілеттерінің ӛрісі кең  ұстаздар оқушылардың пәнге деген ынтасын 
арттырып  қана қоймай, шығармашылықпен ойлауға машықтандырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет