1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет37/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

1-ші    лидер  жағдайға  байланысты  ӛзін  танытады.  Мысалы,  оқушылар 
сыныпта музыкалық кеш ӛткізеді делік. Ол кӛптеген шығармаларды біледі,  әр 
түрлі  музыкалық      аспаптарда    ойнайды.  Бұл    арада  ӛзінің  дарыны  мен 
шеберлігін  кӛрсетеді.Ол  осы  шараны  ӛткізуді  ұйымдастырып,  лидерлік 
танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.  
Лидердің  2-ші  типі,  әр  түрлі  іс-шараларды  ӛткізуде  ұжымның  басқа 
мүшелеріне  жан-жақты  ықпал  ете  алатын  оқушы  лидер  бола  алады.  Мысалы, 
топ  далада  түнейтін  болып,  туристік  саяхатқа  шығарда,  лидер  оқушы   
маршрутты  әзірлейді,  топты  қажетті  құрал-жабдықтармен,  азық-түлікпен 
қамтамасыз  етуді    ұйымдастырады.  Алайда  оңың  лидерлігі  қысқа  мерзімдік 
дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді.  
3-ші типі оқушы ӛзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл 
сынып және топ бастығы т.б. 
Формалы  және  формасыз  топтар  мен  ұжымда  олардың    мүшелерінің   
«психологиялық  үйлесімділігі» болады. «Психологиялық  үйлесімділік»  - топ, 
ұжым  мүшелері  қасиеттерінің  неғұрлым  қолайлы  үйлесімі.    Мұның  ӛзі  ортақ 
істің  табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз 
етеді.  Егер екі және одан да кӛп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» 
болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе ӛзгелеріне ұнайтын болады деген 
сӛз.  Топ  мүшелері  бірі-бірінің  мінез-құлқын,  қатынас  тәсілін  жатырқамай 
дұрыс қабылдайды.  
«Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын 
екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде  шағын топтың қоғамнан 
ұзақ  уақыт  тыс  қалу  нәтижесінде  де  пайда  болады.  Психологиялық 
үйлесімсіздікке  кейде адамдардың тұйықтығы,   беймазалығы,   тәкаппарлығы,   
менмендігі   себеп болады 
Шағын  топтың  ұзақ  уақыт  оқшау  қалуы,  олардың    бір-бірі  туралы 
ақпараттың  әбден  сарқылуынан  да    «үйлесімсіздік»    болады.  Топ  мүшелерінің  
бір-бірін  анық  білетіндігі  соншалық,  арасындағы  ӛзара  қатынаста  еш  қызық 
қалмайды.  
Топтағы  "моральдық  психологиялық  ахуал"  (кейде  мұны  "әлеуметтік-
психологиялық  ахуал"деп  те  атайды)  дейтін  ұғымның  да  мәні  зор.  Бұл  топ, 
мүшелерінің  ӛзара  қарым-қатынасындағы    ортақ  тәртіп  пен  жауапкершілік, 
яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың 
үйреншікті  жұмыс  стилі,  онда  ортақ  пікірдін  орнауы,  т.б.  Топтың  кӛтеріңкі 
кӛңіл  күйі  ұжымдық  міндеттің  нәтижелі  орындалуына  қолайлы  әсер  етеді. 
Ӛзара  жарасқан  ынтымақ,    сыйластық,  ұжым  мүддесін  қастерлейтін  жерде 
қандай  ауыр  жұмыс  болса  да  жеңіл  атқарылады.  Мұндайда  ауыртпалық 
сезілмейді,  сары  уайым,  жабырқау,  түңілу,  жалғызсырауға  орын  қалмайды. 


 
Тату-тәтгі  ӛмір  сүретін  ұжымда  ұрыс-керіс  болмайды,  шығармашылық  іске, 
білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы 
жағдай жасалады. 
 
Әлеуметтік    кауымға    біріккен    адамдардың  кӛңіл  күйлерінің  бірдей 
болып келуі ұжымдық  кӛңіл  күй болып табылады. Мұндай кӛңіл күйі кӛптеген 
адамдарды  қамтуы  мүмкін.  Мысалы,  ең  алғаш  ғарышқа  адам  ұшқанда  барлық 
халқымыз қуанды. Мереке адамның кӛңіл-күйін туғызады.  Сұрапыл апат, жер 
сілкіну,  су  тасқыны,  соғыс    адамдарды  қайғыға  батырады.  Сӛйтіп    ұжымдық 
кӛңіл-күй      мазмұнына  қарай  жағымды  немесе  жағымсыз  болып  келеді.  Ӛте 
жағымсыз  ұжымдық  кӛңіл  күй    үрей  болып  саналады.  Кейде  бұл  жағдай 
кӛптеген  адамдардың    шырқын    кетіреді,  ӛмірдің,  жұмыстың    қалыптасқан 
ырғағына  нұқсан  келтіріп,    қалыптасқан    қатынасты  бұзады.  Ұжымның  бір 
мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкіл 
ұжымды  қайғыға батырады. 
 
Топта  және  ұжымда    қоғамдық  пікір  орнайды.    Қоғамдық  пікір  - 
әлеуметтік ӛмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті 
жӛніндегі бірыңғай баға.  Қоғамдық  пікірдің кейде ауқымы кең  болады: елге, 
континентке,  бүкіл  әлемге  тарайды.  Халықаралық  ӛмірдің  соғыс  пен 
бейбітшілік,  экономика,  дін,  спорт    мәселесі  сиякты  проблемалары  туралы 
кӛптеген  миллион  адамдарда  белгілі  бір  қоғамдық  пікір  туады.  Алайда 
қоғамдық пікір кәсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты 
ғана  қамтуы  да  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  қоғамдық  пікір  мазмұны  топтың, 
жеке адамдардың ісі кӛлемінде болуы мүмкін.  
Қоғамдық  пікір  ұжымның,    топтың,  адамдардың  ӛміріне,  олардың  бір-
бірімен ӛзара қатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы 
мұғалімдер  ұжымы    мен  оқушылар  арасында  қоғамдық пікір болады.  Оны  бір 
топ  оқушы,  мұғалім    қалыптастырып,  солар  қолдап,  дамытуы  мүмкін.  Шағын 
топ кӛлеміндегі  қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер 
мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер  дұрыс кӛрсетілген 
болса, ол сол адамның ӛзіне де, топ, ұжымға  да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір 
жалған  сӛзге,  ӛсекке  негізделген  болса,  жаңағы  адамның  жүрегіне  нақақтан-
нақақ  жара салады, ұжымдағы, топтағы ӛзара қатынасты да нашарлатады. 
Жарыс.  Бұл,  адамдардың,  ұжымдардың,  топтардың  ӛзара  қатынасы, 
мұндай  қатынастың  барысында  жарысушы  жақтар  бірі-бірінің  кӛрсеткішінен 
асып  түсуге  ұмтылып,  бірінен-бірі  озып  кетіп  жатады.  Жарыс  ӛзінің  сипаты 
жағынан  әлеуметтік  болады,  ейткені  оның  мазмұны  қоғамның  мүддесі  мен 
талабына  орайлас  келеді.  Жарыстың  негізі  неғұрлым  мазмұнды  болса, 
соғұрлым ол  құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын ӛнімнің саны мен 
сапасын  арттырады,  спорттық  нәтижелерді  алға  бастырады  т.  б.  Оның 
бәсекеден  айырмашылығы,  жарыстың  антогонистік  пиғылы  болмайды.  Ол 
қарсыласынан  басым  түсуі  үшін  қандай  да  болсын  арам  қылыққа,  қулық-
сұмдыққа баруды қаламайды.  
Жарыс  дегеніміз  -  адамдардың  ӛзара  байланыс  жасау  формасы. 
Сондықтан  да  ол  ұжымның,  топтың  ӛз  ішінде  адамдардың  бір-бірімен 
қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді.  


 
Еліктеу.  Әлденені  ӛзіне  пір  тұтып,  саналы  не  санасыз  түрдe  соған 
ұқсамақ  болуды  еліктеу  дейді.  Қоғамдық  ӛмірде  ол  маңызды  орын  алады. 
Мысалы,  оқушы  кинофильмде    ӛзіне  ұнаған  бір  кейіпкеріне  еліктеп,  соның 
мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын ӛз бойына сіңіруге тырысады. Киім, 
шаш  қою,  үйдегі  мебель,  қарым-қатынас  мәнері  -  бұлардың  бәрі  де  еліктеу 
объектісі бола алады. 
Еліктеу кӛпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай 
дегенмен  де  топтағы,  ұжымдағы    адамдардын  ӛзара  қатынасынан  да  орын 
алады.  Ол  сол  бірлестікті  құрайтын  адамдардың  ұқсас  мінез-құлқының,  іс-
әрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды.  
 
Бет алды еліктеу де, сондай-ақ  ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл 
әсіресе  жас  балалар  тобында  жиі  кездеседі.  Бет  алды  еліктеу  екі  адамның 
сӛйлесуінен  де  кӛрінеді.  Сӛйлеу  мәнерлері,    сӛз  саптауы  ӛзіне  жат  ортаға  тап 
болған  адам,  біраз  уақыттан  кейін  еріксіз  түрде  солардың  әуенімен  сӛйлеп 
кететін  болады.  Сӛйтіп,  еліктеу,  басқа  да  әлеуметтік-психологиялық 
құбылыстармен  бірге  топтағы,  ұжымдағы    адамдардын,  ӛзара  қатынасының 
мазмұны және формасына айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет