1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Психология  ғылымының  басқа  ғылымдармен  байланысы



Pdf көрінісі
бет5/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

3.Психология  ғылымының  басқа  ғылымдармен  байланысы,  
салалары. 
Психология  сан-салалы    ғылым.  Қазірде  оның  40-қа  жуық  саласы  
бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының 
бір 
саласы 
болып 
келіп, 
жаратылыстану, 
медицина, 
әдебиеттану 
ғылымдарымен  де  сабақтасып,  байланысып  жатты.  Психологияның    қоғамдық 
ғылымдармен    тарих,  әдебиет,  лингвистика,  география,  антропология,  ӛнер 
ғылымдарымен  де  байланысы  зор.  Адам  психологиясын  жақсы  білмейінше, 
оларға  әсер  етіп,  жігерін  қозғап,  жүрек  сезімдерін  толғандыратын,  кӛркем 
шығармалар туындату мүмкін емес деген.  
XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталған,  психологияның  жеке 
ғылымға  айналуына,  оның  табиғи  біліммен  бірлесуі  себеп  болды.  Бұған 
психологияға  эксперименттік  әдістің  (Г.Фехнер)  енгізілуін  де  жатқызуға 
болады.  Психологиялық  ілімдердің  табиғи-ғылыми  теориясын  рефлекторлық 
құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: 
А.А. Ухтомский, Л.А. Орбели, П.К. Анохин, Н.И. Красногорский,  К.М. Быков, 
НА.  Бернштейн,  И.С.Бериташвили).  Қазіргі  кезеңдегі  психологияның  негізгі 
мәселелерін  ӛңдеуге  Ч.  Дарвиннің  эволюциялық  идеялары  үлкен  ықпал  етті. 
Олар  тіршілік  иесінің  ортаның  ауыспалы  жағдайына  бейімделуі  кезіндегі 
психиканың  рӛлін  анықтауға,  психикалық  әрекеттің  тӛменгі  түрден  жоғары 
түрге кӛтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді. 


 
Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар.  Мұны кезінде 
орыс  педагогикасының  атасы  К.Д.  Ушинский  де  ерекше  атап  кӛрсеткен  еді. 
Шәкірттердің  психика  дүниесіне  әсер  ету  үшін,  оларды  дұрыс  тәрбиелеп, 
нәтижелі  оқыту  үшін  бұлардың  психикалық  әрекеттерінің  мазмұнын,  ӛсіп-
дамуын,  мінездері  мен  қабілеттерін,  жеке  психологиялық  ӛзгешеліктерін  білу 
қажет.  Сонда  ғана  ұстаздың  оқу-тәрбие  жұмыстары  жемісті  болып  шығуы 
мүмкін.  
Математика,  биология,  кибернетика,  этика,  эстетика,  социология  т.б. 
ғылымдардың  соңғы  жаңалықтары  психологияға  акеңінен  еніп,  оның  жан-
жақты  дамуына  әсер  етіп  отыр.  Психология  мен  этика  арасында  тығыз 
байланыс  бар.  Этика  адамның  міне-құлық  нормаларын,  адамгершілік 
принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.  
Психологияның  қай  саласы  болсада  күнделікті  ӛмірімізге  қызмет  етеді. 
Оларды  тудырған  қоғамның  нақтылы  талап-тілектері,  ӛмірде  болып  жатқан 
ғылыми-техникалық прогрестің әсері.  
Еңбек психологиясы – бұл   тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік 
маңызды  қасиеттерін,  мамандық  таңдап,  еңбек  әрекетін  тиімді  етіп 
ұйымдастыру,  оның  ӛнімін  арттыруын,  қызмет  орнын,  құрал-сайман 
аспаптарды  нәтижелі  еңбек  етуге  қолайлы  етіп  дайындау,  шаршау,  зорығу, 
демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады. 
Инженерлік психология – еңбек психологиясы бӛлімдерінің бірі. Ол адам 
мен  техниканың  қарым-қатынасынан  туындайтын  мәселелерді  зерттейді. 
«Адам-машина»  саласындегі  әрекеттерді  тиімді  етіп    ұйымдастыру, 
ақпараттарда сақтау, ӛңдеу оны жобалау үлкен орын алады.   
Арнайы    психология  –  адамның  психикалық  қызметінің  әр  түрлі 
формаларын,  ми  зақымы  ауруымен,  ақыл-есі  кіресілі-шығасылы  немесе 
психика  дүниесінде  жетімсіздіктері  бар,  жан  -  қуаттары  бұзыла  бастаған, 
психологиялық  функцияларына  зақым  келген  адамдардың  ерекшеліктерін 
зерттейді. 
Психологияны  бұл  саласында    бірнеше  бағыт:  олигофренопсихология    - 
мидың  туа  біткен  ақауы    бар  адамның  психологиясының  дамуын, 
сурдопсихология  –  саңырау  немесе  естуі  нашар,  керең  болып  туған  балалар 
психикасын,        тифлопсихология  –  соқыр  немесе  нашар  кӛретін  адамдар 
психологиясын   зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет