1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет81/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

 
        № 12  дәріс. Ойлау
 
        Жоспар: 
1.  Ойлау  туралы  жалпы ұғым.  
2. Ой  операциялары(тәсілдері) 
3. Ойлау формалары 
4. Ойлаудың түрлері 
5. Ақыл-ой сапалары 
 
1.Ойлау  туралы  жалпы ұғым.  
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының  байланыс 
–  қатынастарының  миымызда    жалпылай    және  жанама  түрде  сӛз  арқылы  
бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз 
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы 
ғана  білеміз.  Түйсік,  қабылдау  процестерінде  сыртқы  дүниенің  заттары  мен 
құбылыстары  жайлы  қарапайым  қорытындылар  жасалады.  Бірақ  қарапайым 
қорытындылар  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  ішкі  құрылысын, 
оның қажетті қатынастары мен байланыстарын  жӛнді ашып бере алмайды. Ол 
үшін  адам  нақты  қабылдаудан  дерексіз  ойлауға  кӛшу  қажет.Адамның  ой-


 
әрекеті,  әсіресе,  түрлі  мәселелерді  бір-біріне  жанастыра  отырып  шешуде  ӛте 
жақсы кӛрінеді. 
 Ойлау  қабылдау,  елестермен  тығыз  байланысты.  Түйсік  пен  қабылдау 
танымның  бірінші  баспалдағы  болғандықтан,  олардан  тыс  ешбір  ойлау 
болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді 
Адамның  ойы  әрқашанда  сӛз  арқылы  білдіріледі.  Біреу  екінші  біреуге  пікірін 
білдіргенде  ӛзін  естісін  деп  дауыстап  сӛйлейді.  Ой  толық  сӛз  күйінде 
білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.  
Адамның  ойы  ерекше  белсенді  процесс.  Ойдың  белсенділігі  мына 
тӛмендегі жағдайлармен байланысты:  
1)  Ой  адамның  айналасындағы  дүниемен  байланыспайынша  ӛздігінен 
пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу;  
2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру.  
3)  Мәселені  шешу  үшін  ой  әрекетінің  жоспарын  сызу,  оның    болжамын 
(гипотезасын) белгілеу;  
4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап кӛру. 
 Адам ойдың  дұрыс  немесе  бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен 
шешіп,  тәжірибесімен  салыстырып,  тексеріп  отыруы  тиіс.  Егер  адамның  ойы 
айналасындағы дүниемен, адамның тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен 
үйлеспесе ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. Адам ойлаған уақытта 
оны  жеті      рет  ӛлшеп,      бір  рет    кескені  абзал.      Егер,    адам  мәселе  шешуде 
объективтік  жағдаймен  санаспаса,  онысы  ақиқатқа  қайшы  келсе,  онда  ол 
алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды. 
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын кӛбірек білген сайын оның 
ойлауы  да  жетіле  түседі,  қазір  ойлаудың  практикалық  әрекетпен  байланысқан 
сан-салалы  түрлері  пайда  болды.  Адам  ӛз  ойлауының  ақиқаттығын,  яғни 
шындығы  мен  қүдіреттілігін,  ӛмірге  жарасымдылығын  практика  жүзінде 
дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың 
белгілі  ережелері  мен  жүйесінің  пайда  болуы  -  адам  ойлауыны  зор  табысқа 
жетуінің,  тарихи  дамуының  нәтижесі.  Ойлау  заңдылықтары  мен  ережелері 
сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында 
бекіп, зор шындыққа айналды. 
Ойлау  адамның  сыртқы  дүниемен  қарым-қатынас  жасау  процесінде 
туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. 
Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері. 
Ойлау  ми  қыртысында  жүзеге  асатын  психикалық  процесс  болғанымен  ол 
табиғаты  жағынан  әлеуметтік  болады.  Адам  кез  келген  мәселелерді  шешерде, 
тәжірибеде  ашылған  заң,  ереже,  ұғымдарды  пайдаланып    отырады.  Ғылым, 
техника,  ӛндіріс,  ауыл  шаруашылығының  орасан  зор  жетістіктері  бір  ғана 
адамның  ғана  емес,    кӛптеген    адамдардың,  тұтас  ұжымдардың,  тіпті  бірнеше 
ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нәтижесі.  
 
Ойлау  процесі  бірнеше  кезеңдерден  ӛтеді.  Ол  қажеттіліктен    немесе  бір 
нәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің бірінші 
кезеңі.  Ол  адамның  түрлі  материалдық,  рухани  қажеттіліктерінен  туындауы 


 
мүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады.   Ойлау 
процесінің пайда болуы  үшін екі шарт қажет:  
1)Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу; 
2)Бұл  жаңа  және  бейтаныс  нәрсені    тануға,  түсінуге,  сырын  ашуға 
ұмтылу.  
 
Ойлаудың  физиологиялық      негіздері  И.  П.  Павловтың  бірінші  және 
екінші  сигнал  жүйесі  жӛніндегі  іліміне  байланысты  түсіндіріледі.Ойлау  -  ми 
қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда 
екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль  аткарады. 
Екінші сигнал жүйесінде нерв  жүйесі  қызмеіінін ӛз алдына дербес заңдары бар 
деуге  болмайды.  Сигнал  жүйелерінің  мидағы  заңдылықтары  бірдей.  Олардың 
айырмашылықтары  мынада:  егер  бірінші  сигнал  жүйесіндегі  реакциялар 
нақтылы  құбылыстарға  байланысты  туса,  екінші  сигнал  жүйесі  оларды 
жалпылап  отырады. 
Ғылыми-техникалық  прогресс  "ойлайтын"  машинаналарды  дүниеге 
келтірді.  Қазіргі  есептегіш  машиналар  (оларды  ойлайтын  машиналар  деп  те 
атайды) ӛз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді 
үйрене  де,  оны  жақсарта  алуға  да  шамасы  келеді.  Машиналар  белгілі 
ережелерге  сәйкес  мәтінді  бір  тілден  екінші  тілге  аударады,  сӛйленіп  тұрған 
сӛзді  машина  тіліне,  яғни  кодқа  айналдырады.  Мәселен,  осындай  машина 
дойбы  да  "ойнайды".  Ол  адамды  ұтып  кетуі  де  мүмкін.  Бірақ  оқып  үйрену 
қабілеті  жӛнінен  машина  адамнан  аса  алмайды.  Машинаға  қарағанда адамның 
оқып  үйренуі  әлдеқайда  жеңіл.  Адам  ӛзін  машинаға  ұтқызбас  үшін,  ӛз  ӛнерін 
жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы 
жерде  бәрін  машина  істейді,  ал  адамдар  қолын  қусырып,  әзір  асқа  ие  болып 
қарап  отырады  дегенді  айтады.  Бұл  -  сӛз  енжар,  әрекетсіз  адамның  сӛзі. 
Машинаның алдына  тиісті міндет  қойып,  оған  программа  беретін  -  адам.  Осы 
міндетті  қоя  білу  үшіг  адамға  мол  білім  қажет.  Машинадан  "ақыл"  үйренуге 
болмайды, онда "ақыл" жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны 
дұрыс  пайдалана  білуіне  байланысты.  Бұл    үшін  адамға  ӛз  ойлауын  үнемі 
жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің 
дами  түсуіне,  оның  психикасының  шыныға  түсуіне  жағдай  жасайды. 
Әрқашанда  идеяның  иесі  болумен  бірге,  машинаға    тәуелді  болып  қалмау 
жағын да қарастырып отыру -  адамның  алдында тұрған ең басты міндет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет