4.Темпераменттің және тұлғаның басқа қасиеттерінің өзара
байланысы
Темперамент және мінез-құлық. Темперамент адамның жалпы мінез-
құлық мәдениетіне тәуелді. Мәселен, кей адам ӛзін тежеп, тізгіндеп отыру
былай тұрсын керісінше жанталасу, ӛршелену, ашу-ыза, қуаныш, күйіп-пісу
секілді эмоциялық жағдайларды әдейі жасап отырады. Кейбіреулер тіпті
күйгелектікке түсіп, темпераментінің күшті не әлсіз жақтарын паш етіп,
басқаларда үрей немесе аяушылық сезімін туғызғысы келеді. Мұндайлар кӛбіне
барлық жағдайды темпераментке нервке аударып, ӛзінің ұстамсыздығын,
дӛрекілігін, жӛнсіз, әдепсіз, сотқарлығын ақтағысы келеді. Бұл тәрбиесіз,
мәдениетсіз адамның қылығы.
Адамның ӛз мінез-құлқын қоғамда қабылданған моральға сәйкес
ұйымдастыра алуы мәдениеттілік болып табылады. Жеке адам басқалардың
жағдайымен, кӛңіл-күйімен санасып отыруы керек, оларға ілтипатпен қарап,
кӛңіл қалдыратындай әсерлер туғызбауға тырысып отырған жӛн. Бұл үшін
ұстамдылық қажет.
Күйіп-пісіп жүретін холерик ӛзін тежеп, тізгіндейді басқалармен орынсыз
дауласа бермейді, назарын басқа жаққа аударып, қолайсыз ситуациядан бойын
аулақ ұстайды. Меланхоликтің ӛзін-ӛзі үрейге де, қорқынышқа да билетпей
ұстауына болады.
Темперамент және ерік. Күшті ерік адамды тізгіндеп, ӛз эмоциясын
меңгеруге, импульстерін тежеуге мүмкіндік береді.Темперамент пен еріктің
ӛзара байланысы әр уақытта бірыңғай жұп-жұмыр болып келе бермейді.
Темпераменттің сүйекке сіңген жағымсыз сапалары мінездің еріктік
сапаларының қалыптасуына кедергі келтіреді. Кейде импульсивтік қасиет,
әсіресе, ӛмірдің шешуші кезеңдерінде парасатты ерікті тізгіндейді. Бірақ
қалыптасып келе жатқан ерік біртіндеп темпераментке ықпал жасайды, қажет
жағдайда оны ӛзіне бағындырады.
Темперамент және іс-әрекет. Қей жағдайда адамның іс-әрекеті күшті
және тез реакция жасауды, енді бірде бір қалыпты, байсалды қимылдауды
кажет етеді. Іс-әрекеттің әрбір түрінің ӛзіне тән белгілі қарқыны мен
динамикасы болады және адам ӛзі араласқан істе қажетті сапаларды
қалыптастырып, дамытып отырады. Алғаш жеке адамның табиғи ерекшеліктері
іс-әрекетте табысқа жеткізу не бӛгеуі мүмкін, бірақ, кейіннен белгілі бір
әрекетпен сан рет жабдыққан соң байырғы қасиеттер іс-әрекеттің талаптарына
сәйкес бейімделе бастайды. Мәселен, холерикке алғашқы кезде шабан
қозғалысты баяу және тыныш қарқынды қажет ететін әрекетке тӛселу қиын,
ӛйткені оның тума ерекшеліктері осы іске қажетті сапаларға қарама-қарсы
келеді. Холерик шыдамсыздық, оқыс қимыл қозғалыс, аптығушылық
байқатады. Келе ол іс-әрекеттің талабына кӛндігетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |