1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


  Қарым-қатынас психологиясы



Pdf көрінісі
бет35/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

    2.  Қарым-қатынас психологиясы.  
  Психология  ғылымындағы  негізгі  ұғымдардың  бірі  –  қарым-қатынас 
мәселесі.  Қарым-қатынасқа  түспей  тұрып  жеке  адамды  толық  түсіну,  оның 
адами  қасиеттерін,  дамып  жетілуін  талдау  мүмкін  емес.  Сондықтан  тұлғаның 
дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. 
Қарым-қатынассыз  қоғам  ыдырап  кетеді.  Адамның  психикасы 
айналасындағылармен  қарым-қатынас  жасау  процесінде  ғана  қалыптасады,  
қоғамдық  тәрбие  арқылы  адам  белгілі  мазмұнға  ие  болады.  Қарым-қатынас 
жасау  мүмкіндігінен  айырылған  адам  ойдағыдай  дами  алмайды.  Қарым  –
қатынас  дегеніміз-  тіл  арқылы  пікір  алмасу.  Адамдардың  қарым-қатынасы 
ақпарат  алмасудың  жеке  дара  жағдайына  айналады.  Сӛйлеу  құралдарымен 
қатар  адамдарда  қарым-қатынастың  сӛзден  тыс  жолдары  бар:  келбет,  ым, 
мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы кӛрініс, дене құрылысы, түс, 
иіс  мағыналы  ақпараттық  сигнал  қызметін  атқарады.    Адам  санасының  дамуы 
қоғамның  дамуымен  байланысты.  Қоғамнан  тыс  адам  ӛмірнің  болуы  мүмкін 
емес. 
Кез  келген  адам  дүниеге  келісімен  екінші  бір  адаммен  қарым-қатынасқа 
түсуді  қажетсінеді.  Мәселен,  нәрестенің  анасымен  "тілдесу"  қажетін 
канағаттандырмау  -  біртіндеп  оның    мейірімсіз  болып  ӛсуіне,  кішкентайынан 
айналасына  деген  сезімінің  азаюына  әкеліп  соқтыратыны  байқалып  жүр. 
Сӛйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған 
киім-кешек,  баспана,  ұйкы,  демалу  қандай  қажет  болса,  айналадағы  жұртпен 
араласып,  дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай  қажет  
      Аристотель  қарым-қатынасты  қоғамдық  ӛмірдің  қажетті  және  жалпы 
кӛрінісі  ретінде  қарастырды.  Ол  алғаш  рет  қарым  қатынас  процесінің    жалпы 
үлгісін  (схемасын)  жасаушы.  Ӛзінің  "Риторика"    деген  еңбегінде  ұлы  ойшыл: 
"...кез-келген  қарым-қатынасқа  кем  дегенде  үш  элемент  қажет.  Олар:  бет, 
сӛйлеу, құлақ" - деп кӛрсетті. 
  Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да ӛте күрделі, оны шартты түрде үш 
жаққа  бӛлуге  болады:  коммуникация,  перцепция,  интеракция.  Біртұтас,  ішкі 
бірлігі  бұзылмас  процесті  біз  ғылыми  мақсатта,  терең  және  жанжақты  талдау 


 
үшін  үшке  бӛлеміз.  Естен  шығармайтын  жайт:  тіршілікте  арақатынас  – 
біркелкі, бұзылмайтын процесс.
 
Коммуникация  –  арақатынас  партнерлерінің  бір-бірімен  ақпарат  алмасуы, 
білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі. 
Интеракция  –  тұлғааралық  қимыл  ұйымдастыру,  қатысушылардың  ӛзара 
қозғалыс пен әрекет алмасуы. 
Перцепция  –  адамдардың  бірін-бірі  тануы  мен  тәрбиелеуі  негізінде 
құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар. 
      Адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  күрделі,  ӛзгермелі,  ӛзара 
байланысты  жүйе  ретінде  қарастыра  отырып  оның  бірнеше  түрін  бӛліп 
кӛрсетуге болады. 
       1.Ресми  қарым-қатынас  -  қызметтік  негізде  қалыптасады,  заңмен 
тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі. 
       2. Ресми емес қарым-қатынас -  жалпы қабылданған зандар мен талаптарды 
белгілі  тұрақтанған  ережеге  бағынуды  талап  етпейтін  адамдардың  бір-біріне 
деген қарым-қатынасы. Бұл  ұнату, жақсы кӛру, достық, жолдастық, жек кӛру, 
жауласу т. б. себептер негізінде пайда болады. 
       3.Тігінен  қарым-қатынас  -  бұл  тұлғааралық  байланыс,  басшы  мен  оған 
бағынушылар  арасындағы,  кӛшбасшы  мен  басқа  ұжым  мүшелері  арасындағы 
байланысты  кӛрсетеді,  жалпы  ұжымда  ресми  мәртебеге  ие  тұлға  мен 
қалғандары арасындағы қатынас түрі. 
       4.Кӛлденеңінен  қарым-қатынас  -  бұл  бірдей  мәртебеге  ие  ұжым 
мүшелерінің  арасындағы  тұлғааралық  қарым-қатынасы.  Ұжым  ішінде  тігінен 
және  кӛлденеңінен  қарым-қатынас  түрлерін  бір-бірімен  салыстыруға,  қарама-
қарсы қоюға болмайды. 
    5.Іскерлік  тұлғааралық  қарым-қатынас  -  бірлескен  іс-әрекет,  қызмет 
барысында  адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.  
     6.Жеке  қарым-қатынас  -  орындалатын  іске  тәуелді  емес  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынас.  Іскерлік  және  жеке  қарым-қатынас  түрлері  бір-
бірін  толықтырады.  Іскерлік  қатынастарға  шек  қоюға  болады,  ал  жеке 
қатынасқа шек қою мүмкін емес. 
       7.  Рационалды  тұлғааралық  қарым-қатынас  -  адамдардың  бір-бірі  туралы 
білігі,  басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады. 
       8.  Эмоционалды  қарым-қатынас  -  адамның  адам  даралығын  қабылдауы. 
Бұндай  қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде 
іске асырылады. 
Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарым-
қатынасты қалыптастыруда маңызды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет