4. Байқау және байқағыштық.
Айналадағы қоршаған дүниені тану процесінен қабылдау байқауға ауыса
алады.
Байқау дегеніміз – адамдардың танып білгісі келген объектіні мақсатты
жоспарлы түрде қабылдауы. Егер адам жүйелі түрде байқауға жаттықса, байқау
мәдениетін жетілдірсе, онда оның бойында байқағыштық деген қасиет дамиды.
Байқағыштық дегеніміз – кез – келген уақытта кӛзге ілінбейтін,
ерекшеліктерді елей білу. Мысалы: бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың
ұсақ түйектерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.Осы суретті А.Құнанбаев
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген ӛлеңінде жақсы кӛрсеткен:
«Біреуі кӛк, біреуі – жер тағысы
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» -
деген ӛлең жолдарында кез – келген адамға байқала бермейтін кӛріністер сӛз
болып отыр.
Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, оларды егжей –
тегжейлі білуді, жіті кӛру мен қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың
байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның ӛмір
сүрген ортасына, алған тәлім – тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне
байланысты.
Байқағыштық - ӛмірдің әр саласы үшін ӛте қажетті қасиет. Ол, әсіресе
ғылыми жұмыста, мұғалімдік, дәрігерлік қызметте, ақын – жазушы,
суретшілердің ӛмірінде ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |