1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет72/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

          2.  Ес  туралы теориялар. 
Психология  есті  органикалық  функция  ретінде  ӛте  ертеден  бастап 
қарастырған және бұл функцияның физиологиялық негіздерінің ашылуына ерте 
қол жеткізді. Э.Мейманның айтуынша  дәстүрлі психологияда ес кӛп жағдайда 
физиологиялық  функция  ретінде  зерттеледі  және  психологтар  есті  ӛте  ерте 
кезден  бастап  органикалық  материяның  жалпы  қасиеттеріне  жақындата 
бастады.  
 
А.Семон  естің  органикалық  негіздерін  белгілеу  үшін  ерекше  «мнема» 
терминін  енгізді,  бірақ  психологиялық  және  физиологиялық  түсініктердің 
жақындауы кезінде әдеттегідей, ол ӛзі сол түсінікті бір рухани функция немесе 
идеалистік  түсінік  ретінде  қарастыра  бастады.  Бірақ  «мнема»  сӛзімен  бәрінен 
де  жақсы  мидың  және  нерв  ұлпаларының  түрлі  қасиеттеріне  байланысты 
кӛрініс  беретін,  естің  органикалық  функцияларының  бірлігін  атау.  Бұл 
мағынада  қазіргі  кездегі  кӛптеген  психологтар  мнема  немесе  мнемикалық 
функция дегенде естің жаратылыстық жағын бӛліп кӛрсетеді. 
 А.Берсон атақты материя мен ес жайлы зерттеуінде екі түрлі ес бар деген 
тұжырымға  келді:  олар  –  ми  есі  және  жан  есі,  бұлардың  әрқайсысы  ӛз 
заңдылықтарына ие. 
 
Есті  іс  -  әрекет  ретінде  зерттеудің  негізін  француз  ғалымдары,  жекеше 
айтқанда Жан Пиаже қалаған. Ол алғашқылардың бірі болып, есті материалды 
еске сақтау, ӛңдеу мен сақтауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіре 
бастаған.  Психологияның  франциялық  мектебімен  барлық  ес  үрдістерінің 
әлеуметтік  шарттанғандығы  және  естің  адамның  практикалық  іс  -  әрекетіне 
тәуелді болатындығы дәлелденді. 
 
Кеңес 
психологиясында 
бұл 
концепция 
жоғары 
психикалық 
функциялардың  пайда  болуының  мәдени  –  тарихи  теориясында  жалғасын 
тауып,  дамыды.  Ес  дамуының  фило  және  онтогенездік  кезеңдері  бӛлініп 
кӛрсетілді. Естің іс - әрекеттік теориясы бойынша әр түрлі елестер арасындағы 
ассоцияциялар  –  байланыстардың  түзілуі,  сондай  –  ақ  материалдың  еске 
сақталынуы  және  қайта  жаңғыртылуы  адамның  осы  мнемикалық  ӛңдеу 
үрдісінде, ол материалмен не жасайтындығымен түсіндіріледі. 
 
Естің филогенетикалық дамуын түсінуге П.П. Блонский айтарлықтай үлес 
қосты.  Ол  ересек  адамда  бар  естің  түрлері  оның  тарихи  дамуының  әр  түрлі 


 
деңгейлері  болып  табылады  және  оларды  соған  сәйкес  ес  кемелденуінің 
филогенетикалық  деңгейлері  деп  санауға  болады  деген  ойды  айтып  әрі  қарай 
дамытты.  Бұл  естің  келесі  кезектілігіне  қатысты:  қозғалыстық,  аффективтік, 
бейнелі, логикалық. П.П. Блонскийдің айтып негіздеген ойы  - адамзаттың даму 
тарихында айтылған ес түрлері бірінен кейін бірі пайда болған. 
 
Бейнелі естің бастауы адам ӛмірінің екінші жылымен байланыстырылып, 
бұл  естің  түрі  ӛз  дамуының  жоғары  нүктесіне  жастық  шақта  жетеді  деп 
саналады.  Барлығынан  ерте  –  6  ай  шамасында  аффективті  ес  кӛрініс  бере 
бастайды,  бірақ  уақыт  бойынша  ең  біріншісі  моторлы  немесе  қозғалыстық  ес, 
генетикалық жоспарда ол барлық естен тұрады. 
 
Адам  есінің  тарихи  дамуын  Л.С.  Выготскийдің  қарастырған  кӛзқарасы 
басқаша  болды.  Оның  пікірінше,  филогенездегі  адам  есінің  кемелденуі  басты 
түрде  еске  сақтау  құрамдарын  жақсарту  мен  мнемикалық  функциялардың 
адамның  басқа  да  күйлері  мен  психикалық  үрдістерімен  байланысын  ӛзгерту 
жолымен  жүреді.  Сӛйлеудің  әр  түрлі  формаларының  арқасында  (ауызша, 
жазбаша, сыртқы, ішкі) адам ӛз есін еркіне қабілетті етіп, есте сақтауды саналы 
түрде басқарып, материалды сақтау мен қайта жаңғырту үрдісін басқара алатын 
болады.  
 
А.Н.  Леонтьев  балалық  жасындағы  тікелей  және  жанама  еске  арнайы 
зерттеулер жүргізген. Ол тікелей есте сақтау – мнемикалық үрдісінің уақыт ӛте 
келе  жанамаланғанмен  ауысатындығын  экспериментальды  түрде  кӛрсеткен. 
Бұл  баланың  кемелдендірілген  ынталар  –  материалды  есте  сақтау  мен  қайта 
жаңғыртуды  меңгеруге  байланысты  орын  алады.  Ынталардың  дамуының  ӛзі 
келесі  заңдылыққа  тәуелді  болып  табылады:  олар  алғашында  сыртқы  болса 
(мысалы:  есте  сақтау  үшін  әр  түрлі  заттарды  қолдану,  қол  саусақтарын  т.б.), 
кейіннен ішкіге айналады (мысалы: сезім ассоцациясы, елестеу, бейне, ой). 
 
Мағыналанған материалды еске сақтауды зерттеген кеңестік және шетел 
зерттеушілерінің  еңбектерін  салыстырып  талдағанда  шығатыны  –  шетелдік 
зерттеулерде  материал  сипаттамасына  кӛп  зейін  бӛлінсе,  кеңес  зерттеулерінде 
сол  материалдың  ӛңделу  сипаттамасына  кӛп  кӛңіл  аударылады,  соған 
байланысты  логикалық  ес  мәселелері  кеңестік  психологияда  тереңірек 
зерттелген. 
 
Есті бүгінгі таңдағы психология ғылымы тұрғысындағы зерттеуде негізгі 
әрі  жанды  болып  отырған  –  есте  қалдырудың  механизмі  туралы  мәселелер 
болып саналады. 
 
Естің  психологиялық  теориясы  ес  механизмін  зерттеудің  ең  бастапқы 
бағыты  болып  есептеле  отырып,  осы  тұрғыдағы  зерттеулер  мен  кӛзқарастар 
кӛптеген  бағыттарға  және  теорияларға  тарамдалады.  Осындай  тарамдаудың 
негізі  ретінде  естің  дамуындағы  адамның  белсенділік  әрекеті  алынады.  Ал  ес 
жайындағы кӛптеген теориялар басты мәселе етіп сол күйінде объектіні немесе 
субъектіні алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет