1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет99/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

 4.Эмоцияның түрлері. 
 Эмоция күрделі және қарапайым болып бӛлінеді. Эмоция адамның сыртқы 
келбет  әжімі, қимылы, даусы  арқылы  айқын кӛрініп тұрады. Енді қарапайым 
эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек кӛру 
т.б.    Мысалы:  қуаныш  үстінде  адам  ӛте  жомарт,  мырза  болса,  ал  ашу  үстінде 
кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, 


 
шапалақ  ұрады,  жер  тепкілейді,  қатты  күледі.  Мұндайда  дауыс  түрліше 
құбылып,  ұлғайып,  бәсеңдеп,  қатайып,  жұмсарып  отырыады.  Бетпен  бастағы 
тамырлар қанға толып, адам қызарып кӛзіне жас пайда болады. 
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет-
әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның кӛзімен 
аузы  ашылып,  қасы  кӛтеріледі.  Адам  бір  дегеннен  не  істерін  білмей  тұрып 
қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне кӛшеді. Қатты 
қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай  болып  қалады. Жүрегі қатты соғып 
денесін  тер  басып,  шашы  үрпиіп  кӛтеріледі,  беттің  бұлшық  еттері  тартылып, 
дем алуы ӛзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады. 
Ашулану.  Мұндайда  адам  қысылады,  кӛзі  жалт-жұлт  етіп,  дем  алысы 
жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек 
кӛретін  затына  тап  беруге  дайын  тұрады.  Еркін,  қатты  қысып,  тісін  тістеп, 
касын  керіп,  қабағынан  қар  жауғандай  болады.  Ашулану  барлық  адамдарда 
бірдей  болмайды.  Оның  күшті    және  әлсіз  болуы  мінезіне,  тәлім-тәрбиесіне 
байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі  болғанда  адам 
ӛз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций 
айтқандай: «қызба ашу ӛте шығатын ақылсыздық». Ашуды  бастапқыда тоқтату 
керек,сол  себепті  ашулы  күйге  келгенін  сезінген  адам  ӛзін-ӛзі:  ӛзін  ақылмен 
алып  жүру,  ӛз  сезіміне  ие  болу,  жүгенсіз  эмоцияға  берілмеу  деген  сияқты 
бұйрық  беруі  тиіс.  Біздіңше  бұның  басқа  жолын,  «Гуливердің  басынан 
кешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу 
тиімдірек  сияқты:  «Ашуға  берілу  кӛбінесе  басқаның  кінәсі  үшін  ӛзіңді-ӛзің 
жазалаумен бірдей». Ӛте дәл айтылған! 
Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. 
Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, 
кекесінмен күліп келемеждейді. 
 Қызғаншақтық  та  жағымсыз  эмоциялардың  бір  түрі.  Кейде,  адамдар 
туралы: қызғаншақ екен, басқаның жолы болып, бақытқа ие болғанда, ол қатты 
күйзеледі  деді.  Бұндай  күйзеліс    жағдайында  Монтеськенің  ескертуі  орынды: 
«қызғаншақ  ӛзіне-ӛзі  жау,  ӛйткені  ол  ӛзі  тудырған  жауыздықтан  сорлайды». 
Кім  ӛзін-ӛзі  қызғаншақпын  деп  ойлайды  ғой  дейсіз.Айқын  түрде  білінбесе  де 
қызғаншақтық  кең  тараған.  Мысалы:  сәнге  ден  қойған  адам  менде  анау,  не 
мынау жоқ, немесе ӛз ойынша ӛзінен қабілеттсіз әрі абыройы тӛмен адам ана не 
мына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды.Соншалықты ыңғайсыз сезім. 
Бұл  тек  қызғаншақтық  және  еліктеуге  ұмтылыс  екенін  біліп  жеке  басының 
ерекшелігін жоғалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады. 
  Күрделі  эмоциялар.  Аффект,  стресс,  фрустрация,  құмарлық,  кӛніл  күй 
жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа  уақытқа 
созылзса да бұлқ етіп қатты кӛрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның 
бүкіл  психологиялық  кейпін  бұзып,  ерік  күшін  әлсіреу  жағдацйда  ӛтеді. 
(Мысалы:  зәре  ұшу,  қорқу,  долылық,  жан  түршігу,  кенеттен  торығу,  қамығу 
т.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатын 
аффект  адамдардың  жеке  басының  кемшілігі  деп  түсіну  керек.  Бұл  адамның 
ӛзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндай 


 
ұшқалақты  лепірмелікке  бармйды.  Дені  сау  адамның  аффектісінен  психикасы 
ауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажырату 
қажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланыс 
бұзылғандықтан,  екінші  сигнал  жүйесінің  реттеушімен  рӛлі  кемігендіктен 
болады 
Стресс.  Бұл  ағылшын  сӛзі,  шамадан  тыс  зорлану  деген  мағынаны 
білдіреді. Стресс ұғымын  канада ғалымы Гансон Селье (1936) ӛмірге енгізген. 
Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым  Р. Лазарус болды. 
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда кӛбінесе қолайсыз эмоциялар 
туғызады.  Кісі  ұдайы  қиналатын  болса,  оның  діңкесі  құрып,  берекесі  кетеді. 
Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды. 
Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бӛлген:  
1) Организмнің мазасыздануы.  
2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.  
3)  Адам  сыртан  келетін  нәрсеге  тӛтеп  беруге  шамасы  келмеген  жағдайда 
титықтап,  әрекет  жасаудан  қалады.  Мұндай  қолайсыз  әсер  нерв  жүйесінің 
жұмысына  да,  дене  күшіне  де  нұқсан  келтіретіндіктен  адам  ӛзінің  сыртқы 
ортамен  байланысының  үнемі  қадағалап  реттеп  отыру  қажет.Стресс  кезіде 
зейінді аудару  қиынға  соғып,  яғни  қабылдау,  ес,  ойлау  қажеттіліктері  болады. 
ӛте  күшті  тітіркендіргіштер  (Мысалы:  қарулы  қылмыскердің  шабуыл  жасауы, 
ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның 
пульсі  қатты  соғып,  қанға  адреналинің  жұмысы  тӛмендеп,  адам  дұрыс  шешім 
қабылдай  алмайды.  Стресс  адамның  ӛмірі  үшін  қауіпті,  бірақ  та  ол  адамға 
қажетті.  Стресс  арқылы  тұлғаның  үлкен  ситуацияларға  бейімделу  мүмкіндігі 
пайда болады. 
Фрустрация.  (латын  сӛзі  -  жоспардың  бұзылуы)  тұрақты  жағымсыз 
эмоциялық  күйге  душар  ететін  шектен  асқан  қанағаттанбаушылық  яғни, 
тұлғаның  алға  қойған  мақсаты  мен  стратегиялық  жоспарларының  бұзылуы 
фрустрация туғызады. 
Тілек  мақсаттың    жүзеге  аспауының  бәрі  бірдей  фрустрация  туғыза 
бермейді.  Адам  қанағаттанбау,  реніш  сезімін    жиі  бастан  кешіреді.  Мысалы: 
сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу,  таңғы асты  ішіп үлгермеу т.б  бұлардың 
барі  бірдей  фрустрация  туғыза  бермейді.  Фрустрация  қанағаттанбаушылық 
дәрежесі    адамның  тӛзімін  тауысарлықтай  болған  жағдайда  кӛрініс  береді. 
Фустрацияға кӛбінесе эмоцияға берілген, қызба, ӛмір тартысында шынықпаған 
сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды. 
Құмарлық.  Бұл  күшті  қажырлы  эмоция.  Құмарлық туралы  Вольтер  былай 
айтқан:  «Құмарлық  -  кеме  желкен  кернейтін  жел,  ол  кейде  кемені  суға 
батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді». 
  Құмарлықтың  жағымды  және  жағымсыз  түрі  болады.  Жағымды  түріне 
білім алуға, ӛнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, 
ақшаға,  атаққа  байлыққа  және  құмар  ойындарға,  нашақорлыққа,  ішімдікке 
құмарлықтар  жатады.  Егер,  адам  ӛзін-ӛзі  билей  алатын  күш-қуат  тауып, 
жағымсыз  құмарлықтарын  қоймаса,  оның  денсаулығы  нашарлап,  тіпті  ӛлімге 
жеткізуі  мүмкін.  Құмарлықты  сана-сезімен  басқарудың  рӛлін  француз 


 
философы  әрі  ағартушысы  Ж.Ж.Руссо  айрықша  бағалайды.  Оның  пікірінше: 
«басқара  білгенде  барлық  құмарлық  жақсы,  ал  оған  бағынышты  болғанда 
барлығы да жаман.»  
  Құмарлық  туралы  Флаубер  былаша  тұжырымдайды:  «Құмарлыққа  қарсы 
айтудың не қажеті бар?  Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, ӛнердің, қысқасы 
барлығының  қайнар  кӛзі  емес  пе?  Ал  құмарлық  туралы  біршама  сӛз,  бірақ 
барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық- тыныштықтың жауы, 
бірақ онсыз тіршілікте, не ӛнер,   не ғылым болмаған еді. 
Әрине  құмарлықта  сана-сезімнің  белгілібір  бақылауында  болуы  тиіс. 
Әйтпесе,  мағынасыз  бір  нәрсеге  құмарлық  сәтінде  әрект  ету  -  дауыл  кезінде 
теңізге  жүзу  дегендей,тӛтенше  ескерту  дұрыс  болып  шыға  келеді.  Бұл  жерде 
тежелмеген құмарлық жӛнінде айтылып отыр. 
  Кӛңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын,      
не  кӛңіліне  кірбің  кірген,  ызалы,  түсі  суық  деп  ажыратылыды.  Адамның 
кӛніліне  айнала  қоршаған  дүние  әсер  етіп  отырады.  Егер  оның қызметі  жақсы 
жүріп  жатса,  ұжымы  ынтымақты  болса,  отбасы  жағдайы  жарасымды  болса, 
кӛніліде  кӛтеріңкі  болады.  Кӛнілге  адамның  денсаулық  жағдайы,  нерв 
жүйелердің  ерекшеліктері  де  әсер  етеді.  Мысалы:  Адамның  кӛптен  ойлап 
жүрген ісі оңға басса  немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертация 
қорғау  т.б) шат-шадыман  күйге  түседі.  Керісінше ол  ылғы сәтсіздікке  ұшырай 
берсе, ӛздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады. 
Мұндайда  қабағы қатыңқы,  ренішті  күйде жүреді. Сондықтанда «кӛңілсізден 
күлкі  шықпас,  адам  кӛнілден  азады»-,  деген  мақалдар  тегіннен-тегін 
айтылмаған.  Ерік  жігері,    күшті  рухани  ӛміріміздің  мазмұны  адамдар,  тіпті 
ауыр  жағдайда  кӛнілді    жүреді.  Оптимстік  жарқын  болашаққа  сену, 
қиыншылыққа мойымау,  ерік-жігері күшті,  қажырлы адамның басты қасиеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет