Орман аңдары мен құстарының биологиясы орман шаруашылығы ісі профильдік пәндері: ботаника, дендрология (ағаш текті өсімдіктерді тексеретін), орман шаруашылығы, орман пирологиясы, орман өсіруді жоспарлау, орман таксациясымен (ағаш егу көлемін анықтау) байланысты. Құстардың кең тараған есепке алу тәсілі-дарақты есептеу (үні-дауысы арқылы, көзбен шолып байқау). Өте қызықты нәтижені құстардың ұясын санағанда байқауға болады. Оның қарапайым тәсіліне түрлердің кездесуі жатады. Ұсақ аңдарды қапқанмен, орға, жырашыққа қамап ұстағанда, санайды. Қояндарды, жыртқыштарды, тұяқты аңдарды қыста, қардағы ізіне қарап, санақ жүргізеді. Аңдармен құстарды қоректену жолында, әрі өсімдіктерге тигізген әсеріненде бақылайды. Ол үшін ұядағы балапандар өңештерін қайта тарту әдісін қолданады және қалған қоректі жинап, тұжырымдайды. Жануарлардың экологиясын, мінез-құлқын зертеу үшін оларды жақсы жасырылған торуылдан қарайды. Уақытты зерттеу әдісі-хронометражда пайдалы. Інді, ұяны, қорек орнына келгендегі де санақ оң деректер береді. Түрлі өздігінен жазу, автоматтық аппараттар, радиобелсенді изотоптар, радиотаратқыштар да қолданылады. Сақиналауды жақсы білесіздер.
Жануарлар биосфераның кішкене бөлігін құрады. Олардың массасы барлық тірілердің 2% аспайды. Бірақ, олар жоғарғы қуат потенциалымен, үлкен жылжымалылығымен, орасан зор әр түрлілігімен ерекшеленеді. Жануарлар өсімдіктермен, бірін-бірі жеумен қоректеніп, биологиялық заттар және қуат айналымына қатысады. Жануарлар–Жер экологиялық жүйесінің басты бір бөлігі. Жануарлар әлемін жер үстіндегі жануарлар, балықтар және басқа су жануарлары деп бөледі. Қазір жануарлардың 1 500 000 түрі жазылған. Нақты түрлер саны бірнеше млн немесе ондаған млн-ға жетеді. Жануарлар түрлерінің саны: қарапайымдар-1,5-2,0 мың; губкалар-5; ішекқуыстылар-9; құрттар-20-25; моллюскілер-70-105; буынаяқтылар-750–1050 мың, оның ішінде 1 млн жуығы шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалар; тікентерілілер–5 мың. жуық; қабықтылар, жартылай хордалылар-1500-2000 жуық, хордалылар–50 мыңға жуық. Қазақстанның қазіргі жан-жануарлар әлемінде сүтқоректілердің 172, құстардың 490, бауырымен жорғалаушылардың 51, қосмекенділердің 12, балықтардың 100-ден артық түрлері бар. Әлем омыртқасыздарға (жәндіктер, шаянтәрізділер, моллюскілер, құрттар және басқалар) өте бай (40 мың. астам түрлер). Тек жеке жәндіктердің 30000 астам түрлері тіркелген. Қазақстан жан-жануарлар әлемінің аса көп әртүрлілігі республиканың географиялық орнына, күрделі тарихи көрінісіне және жан-жануарлар әлемі кешенінің қалыптасу жолына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |