1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Астрономия пәні және оның басқа пәндермен байланысы



бет13/15
Дата30.05.2023
өлшемі417 Kb.
#474501
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
15 лекции по Астрономии

Біздің галактика. Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты галактика құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген километр жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады. Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған.
Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы Галилео Галилей байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде зерттеуді XVIII ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты. Василий Струве 1847 жылы көлем бірлігіндегі жұлдыздар саны галактикалық жазықтыққа жақындаған сайын көбейетіндігін, ал Күннің галактика ортасында орналаспағандығын анықтаған. Ол 1859 жылы бүкіл Галактика жүйесінің осьтен айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде XX ғасырдың 1-ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты. XX ғасырдың 20-жылдарында америкалық астроном Харлоу Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген шоқжұлдызында екендігін анықтап, күннің галактика орталығында орналаспағандығын дәлелдеген. Швед астрономы Бертиль Линдблад жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына сүйене отырып, Галактиканың динамикасы мен құрылысын зерттеген, Галактика құрылысының күрделі екендігін ашқан. 1927 жылы голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу кезінде Галактиканың меншікті кіші осінен айналатындығын дәлелдеді. Галактиканың ортасына жақын бөліктері сыртында жатқан бөліктеріне қарағанда жылдамырақ айналады. Галактиканың орталығынан күнге дейінгі қашықтық 10 кпк. Күн 250 км/с жылдамдықпен галактика орталығын екі жүз елу миллион жылда (айналу периоды) толық бір рет айналып шығады. Галактикалар – біздің Галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. Олар аспанда Құс жолынан тыс жарық тұман түрінде көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те атайды. Америка астрономы Эдвин Хаббл XX ғасырдың 20-жылдарында бізге ең жақын Галактика өте әлсіз көптеген жұлдыздардан тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес айнымалы жұлдыздардың болатындығын байқаған. XX ғасырдың 30-жылдары эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары көптеген сақина, дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы Галактика ашылды. Қуатты радиосәуле шығаратын топтасқан галактика N-галактикалар қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз тәріздес көзі квазарлар деп, ал қуатты радиосәуле шығаратын бұрыштық өлшемі бар Галактика радиогалактикалар деп аталады. Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу нәтижесінде америкалық астрономдар мынадай қорытындыға келді: оның орталығында осыдан бір жарым миллион жыл бұрын жарылыс болған, соның салдарынан ыстық сутек ағыны 1000 км/с жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар ағынын тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы себеп болған. Астрофизик Виктор Амбарцумянның пікірі бойынша, мұндай жарылыстар қазір де жүріп жатыр. Бұрынғы КСРО-да жасалған Галактика каталогында он бесінші жұлдыздық шамадан жарығырақ отыз мыңдай Галактика бар. Олар барлық аспанның төрттен үш бөлігін қамтиды. Бес метрлік телескоппен жиырма бірінші жұлдыздық шамаға дейінгі бірнеше миллиард Галактикаларды көруге болады.
XIX ғасырда француз ғалымы Мессье барлық тұмандықтардың жүйелі тізімін жасады. Оған жүзден астам тұмандықтар енді. Тек XX ғасырда ғана бұл түмандықтардың табиғаттары анықталды. Олардың тозаң мен газ араласқан түмандықтардан, шар тәрізді және шашыраған газ шоғырларынан, галактикалардан түратыны белгілі болды. Жүлдыздар арасындағы кеңістік бос тәрізді болып көрінеді. Шынында, барльщ жүлдыздар арасындағы кеңістіктер заттарға толы. XX ғасырдың басында жүлдыздар жарығының жұтылу немесе әлсіреу қасиеті ашылды. Жарықты жұтатын заттың Құс жолында шоғырланғаны және шүйке тәрізді құрылысы бар екені анықталды. Бұл зат физикалық құрамы жақсы зерттелген тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар арасында тозаңнан басқа өте үлкен мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе көп). Олар бейтарап сутегінің 21 см толқын ұзындығында сәулелер шығарады. Егер бейтарап сутегі бұлтына жақын жерден көк ыстық жұлдыз тұтанса, жұлдызаралық газдар мен тозаңдардың сәулеленуі байқалады. Жұлдыздың шығарған ультракүлгін кванттарын бұлттың атомдары жұтады да, осы атомдар жарық кванты түрінде кайта сәуле шығарады.
Орионның үлкен тұмандығы — ең жарық газды тұмандық. Дүрбі арқылы (қырағы көзге құралсыз көзбен де көрінеді) бір сызық бойына орналасқан үш жұлдыздан сәл төменде орналасқан Орионның белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы шамасында.
Ыстық жұлдызды қоршаған иондалған газдар аймағын жұлдыздардың ультракүлгін сәулелерін өте интенсивті сәуле ретінде қайта шығаратын машина ретінде елестетуге болады. Оның спектрінде әр түрлі химиялық элементтердің сызықтары бар. Газды тұмандьщтардың түсі де газдың температурасына, тығыздығына және химиялық құрамына байланысты әр түрлі: жасылдау, кызғылт және басқа да түспен реңдес келеді. Газ тұмандықтарының пішіні әр түрлі. Кейбіреулерінің пішіні ортасында жұлдызшасы бар сақина торізді — бұл планеталық тұмандықтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет