Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек карастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің центрінде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Греция ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотельосы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Сол кездің өзінде-ак Айдың тұтылуы бойынша жүргізілген бақылаулар арқылы, Жер пішінінің шар тәрізді екені белгілі болды. Ол Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға болар еді деген болжам айтты. Аристотель Жер - Әлемнің табиғи центрі болғандықтан, ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды. Аристотельдің мұндай түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол кезең үшін әжептәуір жетістік еді.
Біздің заманымыздың II ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (90-160 жж.) өзінен бұрын өмір сүріп, кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, геоцентрлік (грекше гео - жер) жүйесін жасады. Ол дүниенің центріне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді. Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда он төрт ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік етті. Дегенмен планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын, К. Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді кажет етті. Оны XVI ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды.
973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортаазиялық ғалым-астроном, математик, физик, географ, философ, этнограф, дәрігер Әбу Райхан Бируни өзінің 150 еңбегінің 50-ін астрономияға арнаған. Ол Птолемей құрған әлем жүйесінің дұрыстығына күмәнданып, гелиоцентризмді жақтады. Алғаш рет, Коперниктен 500 жыл бұрын, Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған Бируни болғаны бізге тарихтан мәлім. Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жер шарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер глобусын жасады, 20 жыл бойы Күннің қозғалысын бақылады. Бируни Күнді отты шар деп есептеп, Күн тәжінің түтінге ұқсас табиғаты жайлы пікір айтты. Оның еңбектері мұқият орындалған бақылаулар мен зерттеулерге негізделді. Бируни көп саяхат жасады. Сол кезде ол аспан шырақтарына қарап бағдарлаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты. Бируни жинақтаған материалдары мен бақылауларын қорыта отырып, 1031 жылы астрономияның әр түрлі мәселелерін баяндауды қамтитын үлкен еңбек жазды. Ол кітап 1887 жылы Лондонда алғаш рет араб тілінде басылып шықты. Бируниге дейін мұндай ғылыми жүйеленген еңбек жазылмаған, әрі ортағасырлық әдебиеттерде бұған теңдес еңбек болған жоқ.[2] Оорттың бұлты
XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап планеталарды және Күн жүйесін қызу зерттеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біз басқа жұлдыздардан планеталар жүйелерін тапқымыз келеді. Күн жүйесінің ішкі құрылымын зерттеп, түсінгіміз, жерді басқа планеталармен салыстырғымыз келеді. Бұл біздер үшін өте маңызды мәселе. Біздің бәрімізді толғандыратын сұрақтар: "Осының бәрі қалай пайда болды? Жерде тіршілік қалай пайда болды? Ол канша уақытқа созылады? Біздің болашағымыз қандай?
XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн жүйесінің айқын шегі болуы неғайбыл. Оорта бүлтының орбитасынан әрі шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Күн жүйесінің планетааралық заттары шашырап, жұлдызаралық заттарға алмасады.
Күн жүйесінің перийферийі (шеткі аймағы) туралы біздің мәліметіміз өте мардымсыз. Ғарыштық зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға көмектеседі.
№ 9 дәріс тақырыбы. Күн жүйесіндегі үлкен және кіші планеталар Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе деген сөз).
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон.Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі. Күн жүйесіндегі аспан денелері топтасқан – «Құс жолы» галактикадағы шоқжұлдыздардың бірі. Құс жолы көзге қарай аспан әлемінде айқын көрінеді. Құс жолы қазіргі телескоптармен байқағанда көмескі жарқыл шығаратын аса көп жұлдыздар шоғырын көреміз, ал жай көзге ол тұтасқан шұғыла болып көрінеді. Құс жолы орасан зор жұлдыздар жүйесі. Галактика құрамына кіретін жұлдыздардың негізгі бөлігі. Галактикағы сонымен қоса жер аспанда байқалатын басқа да жұлдыздар мен өз жұлдызы күн де жатады. Галактикадағы жұлдыздардың жалпы саны орасан көп – шамамен 100 миллиардтай. Күн – Галактиканың қарапайым жұлдыздарының бірі.