1-дәріс Ведение. Квантование энергии и строение атома (3 часа)


Сілітілік металлдар спектрлері (Спектры щелочных металлов)



бет8/9
Дата12.03.2024
өлшемі306.5 Kb.
#495084
түріИсторический очерк
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 дәріс атом.физ от24.10.13

Сілітілік металлдар спектрлері (Спектры щелочных металлов)

Li, Na, K, Rb және Cs сияқты сілтілік металдар атомдарының сәулелену спектрлері сутегі спектрлеріне ұқсас бірнеше сызықтар серияларынан тұрады. Солардың ішіндегілердің өте қарқындылары: басты, анық, диффузиялық және негізгі (немесе Бергман сериясы). Бұл атаулардың өз шығу тектері бар. Басты серия жұтылу кезінде де бақыланғандықтан аталған. Демек, ол атомдардың негізгі күйге ауысуына байланысты. Айқын және диффузиялық сериялар сәйкесінше айқын және бұлыңғыр (диффузиялық) сызықтардан тұрады. Бергман сериясы өзінің сутегі серияларымен ұқсастығына байланысты негізгі (іргелі) деп аталған.


Өткен жүзжылдықтың соңында Ридберг сілітілік металдар серияларының жиіліктерін есептеуге мүмкіндік беретін эмпирикалық формулалар қорытты. Бұл формулалар барлық сериялар үшін қолданымды және мынандай түрде жазылады:

мұндағы —сериялар шекарасына сәйкес келетін жиілік, — Ридбергтұрақытысы, —бүтін сан, —бөлшек сан.
Осылайша, сызықтар жиіліктері екі термнің айырмасы ретінде алуға болады: тұрақты ( ) және бальмерлік термға қарағанда күрделірек айнымалы. тұрақтылары әр түрлі сериялар үшін әр түрлі мәнге ие. Мысалы, натрийдің спектрлік серияларын келесі формулалар арқылы сипаттауға болады.
Айқын (резкая) серия ( әрпі серия атының алғашқы әрпі болып табылады sharp — резкий).

Басты серия:(principal — главный),

Диффузиялық серия:(diffuse — диффузный).

Негізгі серия (Бергман сериясы)(fundamental — основной).:

Қысқарту үшін айнымалы термдерді әр серия үшін сәйкес SP, D, F  әріптерін п санына қосып көрсете жазуға келісілген. Онда айқын серияның айнымалы термі орнына nS болады.
Басты серияның айнымалы термі пР, диффузиялық — nD, негізгі — nFдеп жазылады.  
Қысқартылған белгілеулерді қолданатотырып, натрий сериялары үшін формулаларды мына түрде көрсетуге болады:
Айқын серия:

Басты серия:

Диффузиялық серия:

Негізгі серия:

Терм тұрақты көбейткішке дейін дәлдікпен атом күйінің сәйкес энергиясымен дәл келеді. Демек, спектрлік термдердің әр қатарына энергетикалық деңгейлердің өз қатары сәйкес келу керек. Натрий атомы деңгейлерінің эмпирикалық схемасы суртте көрсетілген. Басқа сілтілік металдар деңгейлерінің схемаларының сипаты натрийдікі сияқты болады.


Натрий деңгейлерінің схемасы (сур.) сутегі атомы деңгейлерінің схемасынан айырмашлығы – әр түрлі қатардағы ұқсас деңгейлер бірдей емес биіктікте жатады. Осы айырмашылыққа қарамастан, бұл екі схема өте ұқсас келеді. Бұл ұқсастық сілтілік металдар спектрлері ең сыртқы (валенттік немесе оптикалық) электронның бір деңгейден екінші деңгейге ауысулары кезінде сәулеленеді деп есептеуге негіз береді.
Суреттен күй энергиясы п санынан басқа, қай термге түскеныне, яғни термдер қатарының нөміріне тәуелді болатыны көрінеді. Сутегі атомының деңгейлернің схемасында термдердің түрлі қатарлары электрон импульс моменттерінің мәндерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сілтілік металдар термдерінің түрлі қатарлары да оптикалық электрондардың импульс моментімен ерекшеленеді.



Сур.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет