1 Дәріс Заң психологиясы пәні мен міндеттері



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі28.66 Kb.
#452349
1   2   3
1 Дәріс Заң психологиясы пәні мен міндеттері

Заң психологиясы психология және юриспруденция ғылымдары негіздерін қамтиды. Құқықтық және заң әрекеті барысындағы қарым-қатынастағы адамдардың психикасында өзіндік ерекшеліктері болады. Психология гректің «псюхе»-жан және «логос»-ілім деген мағынаны білдіретін екі сөзінен тұрады, яғни жан туралы ғылым саласы. Психология адамдардың психикасын зерттейді, ал психика немесе жан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет. Психиканың ең қарапайымнан күрделіге дейінгі бірнеше формалары бар: ең қарапайым формасы бір клеткалы-қарапайымдыларға, ал ең күрделісі «сана»-деп аталады және ол тек адамдарға ғана тән. Адам санасы ми қызметімен тығыз байланысты. Психика немесе жан көптеген психикалық-жан құбылыстарынан тұрады. Психология ғылымында жан құбылыстарын үлкен үш топқа бөлеміз:

1. психикалық процесстер

2. психикалық жағдайлар

3. психикалық қасиеттер

Психикалық процесстер үш топқа бөлінеді: танымдық, эмоциялық, еріктік.

Психикалық процесстерге түйсік, қабылдау, ойлау, ес, қиял, зейін және олардың қасиеттері жатады. Психикалық жағдайлар эмоциялық және сезімдік (адамның көңіл-күйі) ерекшеліктермен байланысты. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез-құлық және қабілет жатады. Адамның психикасы, ойы, саналы әрекеттері мен іс-қимылдары, өзін-өзі бақылауы, ұстауы, творчествосы және т.б. адам миының жемісі.

Психология адамдар жайлы ғылымдар саласында жетекші орын алады. Психологияның медициналық, әлеуметтік, балалар, әскери, еңбек, саяси және т.б. көптеген салалары бар. Заң психологиясы да психология ғылымының бір саласы болып табылады

Қылмыстық іс жүргізу заңының көптеген ережелерін жүзеге асыру барысында да (кәмелеттік жасқа толмағандардың ақыл-ойының қалыптылығын куәгерлердің және жәбірленушілердің оқиғаны дұрыс қабылдап, айта білу қабілетін ескеру) қажетті психологиялық білім көлемінің болуы, соттық-психологиялық сараптаманы тағайындау талап етіледі. тергеу-іздеу әрекетіндегі бастапқы бейхабар жағдайларды ізделінуші қылмыскердің мінез-құлықтық ерекшеліктерін бағдарға алу шешуші маңызға ие (куәгерсіз жасалған қылмыстардың 5 пайызы ғана материалдық іздер арқылы, дәйектер арқылы ал қалған бөлігі мінез-құлық көріністері арқылы көрінеді). Қылмысты ашудың теориясы мен тәжірибесінде, тергеу әрекеттерінің стратегиясы мен тактикасында психикалық заңдылықтарды білу аса маңызды.

Психологиямен және құқықтанумен шектесіп жатқан заң психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның әдістері мен методологиялық қағидаларына сүйене отырып жұмыс істейді. Заң психологиясының құрылымы оны зерттейтін мәселелерінің ауқымы құқықтық реттеу логикасымен анықталады. Заң психологиясының тәжірибелік нұсқаулары материалды және іс жүргізу құқықтарының ережелеріне сәйкес келеді.

Заң психологиясының өзіндік категориялар жүйесі бар. Бірнеше бөлімдерін ажырата аламыз:

методологиялық бөлім – заң психологиясы мен даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.

құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі- құқық негіздерін жүзеге асыруды; жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді.

криминалдық психология (қылмыстық) қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін; қылмыстық тәртіптің мотивін; басқа қылымстардың мотивін зерттейді.

ізденістік –оперативтік психология – заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зерттеу әшкерелудің психологиялық аспектілерін зерттейді.

соттық талдау мен соттық экспертиза мәселелеріндегі Сот психологиясы психологиялық аспектілерін зерттейді.

әрекетті түзету психологиясы- заң психологиясының бөлімі. Қылмыстық жазалаудың психикалық тиімді жолдарын; қылмысты жазалауды өтеу мәселелері; айыпталғандардың психикасы мен жазаны өтеу орындарындағы психикалық негіздерді зерттейді.

Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясында адамның құқықтық реттеу логикасына сай келетін меншікті категориялар бар. Ол бес бөлімнене тұрады, әрбір бөлімнің қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.




  1. Құқықтық психология:
  • құқықты мінез-құлықтың әлеуметік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктері. Құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады




  1. Қылмыстық психология:
  • қылымыстық мінезқұлықтың таралуына психологиялық факторлардың ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.




  1. Қылмыстық сот ісін жүргізудің психологиясы:


А) алдын ала тергеу психологиясы тергеу әрекетінің психологиясы, тергеушінің және қылмыстық іске қатысушылардың жеке басының психологиясы, тергеушінің танымдық ізденушілік іс-әрекетінің психологиясы, тергеушінің хабар тапшылығы жағдайындағы іс-әрекетінің психологиясы, тергеу-іздеу әрекетіндегі харарлық модельдеу, тергеушінің коммуникативті іс-әрекетінің психологиясы, қылмысты ашу жүйесіндегі тергеу әрекеттерінің психологиясы, қылмыстық іс жүзіндегі сот психологиялық сараптама.

Б) сот қызметінің психологиясы сот қызметі ерекшеліктерінің психологиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет