№1 ДӘріс заманауи педагогтың КӘсіби дамуындағы педагогикалық зерттеудің РӨлі мен маңызы жоспар


ХХІ ғасыр педагогінің негізгі құзыреттіліктері. Қазіргі педагогтың кәсіби дамуы



бет5/10
Дата08.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#476982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Педагогикалық зерттеулер Лекция 1

5. ХХІ ғасыр педагогінің негізгі құзыреттіліктері. Қазіргі педагогтың кәсіби дамуы.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзырет ұғымы (лат. сompetentia – жетемін, лайықпын) екі мағынада түсіндіріледі: заңмен, жарғымен, немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері. Белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Жаңа педагогикалық парадигма бойынша қазіргі стандарттардың өзінде «білім, білік, дағды» ретінде қарастырылған білім беру нәтижелерінің орнына құзыреттілікті қалыптастыру өмір талабына сай тұлғаның әлеуметтенуін, өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінен күтілетін нәтиже ретінде қарастырылуда.
Қазақстандық жалпы орта білім беру стандартында (2007ж.) «құзыреттілік» және «құзырет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып, оларға мынандай анықтамалар беріледі:
Құзырет – тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзыреттілік - оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Ш.Т.Таубаева жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттардың құзыреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзыреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді:
өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілеті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект);
табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнитивтік аспект);
өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылғын және жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы (құндылық аспект).
Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзыреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдістерінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.
Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін анықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен байланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзыреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзыреттілікке М.В.Прохорова басқарушылық құзыреттілікке көп көңіл аударады.
Л.М.Митина өз зерттеулерінде «педагогикалық құзыреттілік» ұғымының «білім, білік, дағдыны және оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста, тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін» қамтитынын ашып көрсетеді.
Кәсіби құзыретілік мәселесі халықаралық деңгейде Еуропалық кеңес форумдарында және конференцияларда жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып, олардың негізгі түрлері айқындалған.
В.А.Сластениннің, М.И.Мищенконың пікірлерінше, педагогтың кәсіби құзыреттілігііс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлықтарының бірлігі.
Салыстырмалы түрде талданған тағы басқа анықтамалар негізінде кәсіби құзыреттіліктің екі тұрғыдан қарастырылуын аңғарамыз:
- біріншіден, көптеген зерттеушілер кәсіби құзыреттілікті мамандардың даярлық деңгейлерімен байланыстырады;
- екіншіден, ғалымдар кәсіби құзыреттілікті маманның тұлғалық қасиеттерімен байланыстырып зерттейді.
Құзыреттілік тұрғыдан оқыту барысында білім беру нәтижесіне, оның тұрақтылығына, оның өлшемдеріне басты назар аударылады. Бұл бағытта оқушылардың дербестігі, өз беттерінше жұмыс істей алулары ескеріледі. Егер дәстүрлі оқытуда тек оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткіштері маңызды болса, құзыреттілік тұрғысынан оқытуда олардың оқу жетістіктері, мүмкіндіктер деңгейі, тұлғасының қалыптасуы, әлеуметтенуі, іскерліктері жоғары мәнге ие болады.
Мұғалім жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінде кәсіптік денгейі жоғары болуы үшін педагог мамаңдығына тән іскерлік пен дағдыларды толық меңгеруі негізінде ғана кәсіби құзыретті маман бола алады.
Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің құрылымы оның негізгі іскеліктер жүйесі арқылы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет