1 Дәрістер Дәріс №1. Тері және мех шикізатын химиялық талдау


Дәріс № 12. Ылғал сыйымдылығы және суланғыштықты анықтау. Бу өткізгіштігін анықтау



бет5/9
Дата16.07.2016
өлшемі2.63 Mb.
#203949
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс № 12. Ылғал сыйымдылығы және суланғыштықты анықтау. Бу өткізгіштігін анықтау

Ылғал сыйымдылығы және суланғыштық былғары және мехтың былғары ткані суға салғанда суды сору қасиетін сипаттайды.Ылғал сыйымдылығының көрсеткіші ретінде ( 2 немесе 24 сағат) былғары немесе тканінің сыналатын үлгілерін, белгілі уақытта суда болғаннан кейінгі ылғалының абсолютті құрғақ үлгінің массасынан проценттік қатынасы қабылданған.

Ылғал сыйымдылығы Ы, процент, мына формуламен есептейді:

100

Бұл жерде: q1- су өткеннен кейінгі, үлгі массасы, r ;q0 - абсолютті құрғақ үлгінің массасы, r.

Былғары немесе былғары тканінің суланғыштық көрсеткіші (2 немесе 24 сағ) үлгінің белгілі уакытта суға салғанда оның массасының улғаюы, оның 18% ылғалдылық масссасына есептегенде процентпен көрсетілген қатынасы болып табылады. Суланғыштық С, процент, мына формуламен есептелінеді:

Бұл жерде q1 – су өткеннен кейінгі үлгі массасы,г;q0- тәжірибие алдындағы 18% ылғалдылықтағы үлгі массасы,г.

Анықтауда ылғал сыйымдылығының шамасы суланғыштың шамасынан әрқашанда көп екендігін байқауға болады. Бірақ ылғал сыйымдылығын анықтағанда, үлгі құрамындағы барлық ылғалды есептейді, ал суланғыштықты анықтағанда тек суға салғанда сіңірген ылғалды есептейді.

Ылғал сыйымдылық пен суланғыштықты анықтау әсіресе ұлтанға арналған былғарыға маңызды. Бұл былғарылардың жоғары ылғал сыйымдылығы бұрандалап бекітуді әлсіздендіруге, ултанның жалпайып кетуіне, оның уйекелуінің арқасында жылдам тозуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар жоғарғы ылғал сыйымдылық былғарының гигиеналық қасиеттерін нашарлатады.

Осы көрсеткіштердің мөлшеріне илеу, түрлері,өңдеу санаты, былғары және былғары тканінің кеуектігі үлкен ықпал жасайды.

Ылғал сыйымдылығын және суланғыштықты анықтауда былғары немесе былғары тканінің үлгісі суды сіңіреді, бұл кезең одан суда еритін заттар жуылады. Кейбір былғарылар құрамында бұл заттар жеткілікті, көп мөлшерде болып анықтау нәтижесі әжептәуір қателендіруі мумкін.

Бұл жағдайда Үлгінің салмағының артуы сулану нәтижесінде жұтылған судың мөлшері мен жұтылған заттардың мөлшерінің айырмашылығы болып саналады. Үлгі жұтқан судың нақты мөлшерін табу үшін массасының өсіміне үлгі салған судық құрғақ қалдық массасын қосу керек .

Осылай тапқан көрсеткіш «жуылуға түзелінген суланғыштық» деп аталады.

Суланғыштықтың салмақтық және көлемдік түрлері қабылданған. Көлемдік суланғыштық үлгінің массасына және оның жұтқан су көлемін анықтауға негізделген.

Ылғал сыйымдылығын анықтау. Сынауды жүргізу алдында, үлгілердің ылғалдылығын анықтайды. Ол үшін физико-механикалық сынауларға алынған былғары немесе былғары тканінің қалдықтарының 4г болатындай етіп жіңішке жолақтар кеседі. Жолақтарды жылдам майдалап, олардың ылғалдығын анықтайды.

Ылғал сыйымдылығын сынауда үлгілер көпбұрышты өлшемді 50х60 мм тен бөлшектер ретінде болады. Оларды0,01 гр абсолютті ауытқумен салмағын өлшейді. Өлшеуді ылғал мөлшерін анықтауға сынақ мөлшерін алумен бір уақытта жүргізу керек.



9-сурет. Ылғал сіңіргіштік анықтау үшін арналған қондырғы.

Суды үлгінің массасынан он есе артық мөлшерде алады. Үлгіні екі сағат өткеннен кейін судан шығарып сүзгіш қағазбен бетін кептіреді (сықпай), және салмағын өлшейді (q2 массасын ). Сонан соң үлгіні сол суға тағы 22 сағ салып, одан шығарып, сүзгіш қағазбен кептіріп, тағы салмағын өлшейді. (q24 массасын)

Сынау нәтижелерін былғары немесе былғары тканінің абсолютті құрғақ массасына қайталай есептейді. Бұл үшін үлгінің бастапқы массасын абсолютті құрғақ былғарының массасына q1 мына формуламен есептейді: q1

Бұл жерде q- ауалы бір құрғақ үлгінің массасы, г; Ы – үлгінің ылғалдылығы (массалық үлесі), процент. Суланғыштықты салмақтық жағдайда анықтаусалмақтық суланғыштықты салыстырмалы сыйымдылық сияқты анықтайды, бірақ есептеу амалдары немесе былғары тканінің абсолюттік құрылым массасын емес 18%ылғалдылығына есептейді. Бұл үшін үлгіде ылғал мөлшерін анықтағаннан кейін оның массасын 18%ылғалдылығына есептейді.


Бұл жерде : Ы –сынау алдындағы үлгідегі ылғал мөлшері, процент; q – ылғал молшері, Ы – болғандағы үлгінің массасы, г.

10-сурет. Көлемдік су өтушілікті анықтайтын аспап.

Салмақтық, суланғыштық Сс % (2 немесе 24 сағаттық) мына формуламен анықталады:

Сс

Бұл жерде : q 2,24 – суланғаннан кейінгі үлгінің массасы, г; q 1 – 18 % ылғалдылығы үлгі массасы (сулағанға дейінгі),г.

Былғары немесе былғары тканінің салмақтың суланғыштығын ылғал сыйымдылығына қайта есептеу мына формуламен жүргізеді:

Ы2,24

Ылғал сыйымдылығын салмақтық суланғыштыққа қайта есептеу мына формуламен жүргізіледі: Сс 2,24 = 0,82 Ы2,24-18

Едәуір мөлшерде сумен жуылатындар барулгілерді сынау кезінде түзетпе енгізеді. Бұл ұшін сынаудан соң суды өлшемді цилиндрге ауыстырып оның көлемін өлшейді. Одан 50 мл сұйықтықты алып буландырып 130 0С кептіргіш шкафте кептіріп , құрғақ қалдықтың мөлшерін анықтайды. Құрғақ қалдықтың барлық сұйықтық көлеміндегі массасын суланғыштықты немесе ылғал сыйымдылығын сумен жуылғандарға түзетпе жасап анықтайды. Көлемдік суланғыштық белгілі жағдайда былғарыны немесе былғары тканінің үлгісін сіңірген ылғал көлемінің оның бастапқы массасына проценттік қатынасын көрсетеді.

Көлемдік суланғыштықтың ең қарапайым және кең таралған анықтау әдісі – Кубелка әдісі деп атайды.

Бұл әдіс бойынша анықтауды біріктіргіш түтікшесі 0,1 мл бөліктерге бөлінген шыны ыдыста жүргізеді(10-сурет). Бұл ыдысты нөлдік бөлгіге дейін 20±2 0С температурада сумен толтырады.

Диаметрі 70мл дөңгелек түрдегі үлгіні қалыпты жағдайда ұсталынғаннан кейін, техникалық таразыда 0,01г абсолютті қателікпен өлшеп ыдысқа салады. Бұл кезде ыдыстың цилиндрі 1 жоғарғы жақта , ал колба 2 төменде тұру керек. Ыдыстың цилиндрін резинкелік тығынмен 3 тығыз жауып, содан кейін ыдысты колбамен 2 жоғары төңкереді, бұл кезде үлгінінң барлық беті сумен жуылады.

Су колбаға 2 қайта құйылу үшін 2 сағат өткеннен кейін ыдысты бастапқы қалпына келтіреді, 1 минут өткенен соң градуирлі түтікшеден, үлгі жұтқан су көлемін анықтайды. Сонан соң ыдысты қайтадан төңкеріп сол қалыпта тағы 22сағат қалдырады, уақыт өткенен кейін,тағы жұтылған су көлемін анықтайды.

2 сағат көлемдік суланғыштықты,%, мына формуламен есептейді:

Ск 2 = Ү/q100

Бұл жерде: Ү – 2 сағат ішінде жұтылған су көлемі,мл; q – үлгінің бастапқы массасы,г.

24 сағаттық суланғыштықты да осылай есептейді. Сынауға екі паралельді үлгіні алады. Нәтижеге екі анықтаудың арифметикалық орташа мәнін алады. Әр анықтаудан кейін ыдысты мұқият жуады.

Осы әдісті қолдана отырып, жұтылған су мөлшерін ғана емес, жұту жылдамдылығын да анықтауға болады. Бұл үшін үлгінің жұтқан су көлемін өлшеуді белгілі қысқа уақыт аралында жүргізеді. Су жұту жылдамдылығы түрде көрсетуге болады. Ол кезде ординат осьіне суланғыштық көрсеткіштік (немесе жұтылған су көлемін) , ал абсцисс осіне кеткен уақытты салады.

Көлемдік суланғыштықты немесе көлемдік суланғыштықтың жылдамдығын анықтағанда сумен жуылатындарға түзетпе жасамайды.

Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғарының динамикалық жағдайларда салмақтың суланғыштығын анықтау. Динамикалық жағдайда былғары суланғыштығын сынау, статикалық сынаумен салыстырғанда өте интенсивті және аяқ киімді кию кезінде былғарының су жұту процессі ұқсас болады. Әдетте динамикалық жағдайда салмақтық суланғыштың шамасы үлкен болады.

Сынау ЦНИИКП – де жасалынған аспапта ( 10 сурет) былғарының су сіңіргіштігі мен су өткізгіштігін анықтаған үлгілерде жүргізіледі. Суланғыштық мөлшерін анықтауды сынау басталғаннан 1 сағат өткен соң жүргізу ұсынылған. Салмақтық суланғыштықты белгілі уақыт өткен соң былғары үлгінің салмағын өлшеумен анықтайды да, оны үлгінің бастапқы массасының өту проценті арқылы есептейді.


Бу өткізгіштігін анықтау

Бу өткізгіштік деп былғары немесе былғары тканінің су буын өткізу қабілетін айтады. Бу өткізгіштік былғары немесе былғары тканінің гигиеналық қасиетін бағалауға қолданылатын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол көптеген факторларға байланысты.

Бу өткізгіштікке былғары немесе былғарының тканінің тесіп өткен капиллярлы, саңылаулар диаметрі, өзең талшықтарының гидрофильдік қасиеттері және оған енгізілген заттар, жабынды қабаттың сыртқы бетінің табиғаты т.б. үлкен ықпал етеді.

Бу өткізгіштік сыналатын үлгінің екі жағынан су буының әртүрлі қысымын жасап оның белгілі ауданы арқылы белгілі уақытта өткен мөлшерін анықтау арқылы жасалады.

Бу өткізгіштік үлгінің 1 см квадрат ауданынан 1 сағ ішінде өткен ылғал миллиграмымен есептеледі немесе сыналатын үлгі арқылы өткен су буының массасының осындай жағдайда оның ашық бетінен буланған су массасына проценттік катынасы арқылы анықталады.

Бу өткізгіштік арнайы металл стаканда (11 сурет) диаметрі 55 мм дөңгелек үлгіде анықталады. Үлгінің жұмыстық бөлігінің диаметрі 36 мм . Ішкі диаметрі 25 см эксикаторға 1 л кукірт қышқылын құяды(тығыздығы 1,84).



11-сурет. Бу өткізгіштікті анықтайтын стакан

Станканға тазартылған суды 30мм-ге дейінгі биіктікке құйып, алдымен резіңке сақинаны 2 салып, сонан соң бет жағын сыртқа қаратып алдын-ала бірқалыпты жағдайда келтірілген сыналатын үлгіні 3 салады. Үлгіге үйкеліс тығырының 4 қойып қақпақты 1 тығыздап бұрайды.

Осылай дайындалған кіші стаканды күкірт қышқылы бар эксикаторға салады. Эксикаторда бір уақытта үлгісі бар бірнеше стакандар орналасуы мүмкін. Бірақ, міндетті түрде екі бақылайтын стакандар болуы керек (үлгісіз).

Жабық эксикаторды стакандармен бірге термостатта 20±30С темп-да 18 сағ ұстап, содан кейін барлық стакандардың аналитикалық таразыда салмағын өлшейді. Салмағы өлшелінген стакандарды сол эксикаторға кайта салып, термостатты сол температурада тағы 6 сағ ұстайды.

Екінші салмағын өлшеуден кейін стакандардың массасының (сумен қоса) 6 сағ санаудағы кемуін анықтайды.

Салыстырмалы бу өткізгіштікті Бс % мына формуламен есептейді: Бс

Бұл жерде : q- 6 сағ санаудан кейінгі , стаканның ішіндегісімен массасысның кемуі, г; q1- бақылаушы стакандардың суымен массасының кемуінің арифметикалық ортасы,г.

Егер бу өткізгіштікті Бс үлгінің белгісі арқылы, белгілі уақытта өткен ылғал мг арқылы көрсету керек болса, есептеуді мына формула бойынша жүргізеді:

Бс

Бұл жерде:q – стаканның ішіндегісімен массасының кемуі,мг.;π r2 – үлгінің жұмыстық ауданы,см2.

Сынаудың нәтижесі ретінде бір сынақтан алынған екі үлгінің арифметикалық орта нәтижесін алады.



Дәріс №13. Бу сыйымдылығын анықтау. Гигроскопиялықты және ылғал берушілікті анықтау.

Былғары басқа табиғи талшық және аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған синтетикалық материалдармен салыстырғанда ылғалды едәуір көп мөлшерде сіңіреді. Бұл аяқ киімді пайдалануда үлкен әсерін тигізеді,өйткені аяқтың жағдайы,материалдың жоғарғы жағынын су буын сіңіру және өткізу қасиетіне байланысты болады.

Былғарының су буын жұту қасиеті бу сыйымдылығымен сипатталады.

Бу сыйымдылық бу өткізгіштікпен бірге былғарының маңызды гигиеналық көрсеткіші болып табылады.

Бу сыйымдылығын 8 сағ 28-320Cтемпературада, ауаның 100 проц. Салыстырмалы ылғалдылығында, ауамен бір беттік түйісуі кезінде құрғақ үлгі массасының ұлғаюы мен анықталады.

Бу сыйымдылығын , бу өткіштікті анықтауға арналған стаканда жүргізуге болады.

Тұрақты массаға дейін кептірілген және аналитикалық таразыда салмағы олшенген былғарының бу өткізгіштікті анықтауға арналғандай дөңгелек үлгісін алдын ала тазартылған су құйылған стаканға бет жағымен жоғары қаратып салады. Үлгінің беттік жағына алюминийді пластинканы жауып (үлгі өлшемімен бірдей) стаканның қақпағын бұрандамен бұрап, термостатқа салып, 300 С температурада 8 сағ ұстайды. Сонан соң үлгіні стаканнан алып бірден аналитикалық таразыда салмағын өлшейді.

Анықтау нәтижелерін екі тәсілмен көрсетуге болады:



  1. Бу сыйымдылығын Б үлгі жұтқан ылғал мөлшерінің абсолютті құрғақ үлгі массасына қатынасы, процент ретінде есептейді:

Бұл жерде : а- ылғал сіңіргеннен кейінгі үлгі массасы, b- абсолютті құрғақ үлгі массасы, г.



  1. Бу сыйымдылық үлгі сіңірген ылғал массасын, мг , осы үлгінің массасына , г, қатынасымен көрсетіледі. Бұл тәсіл, былғарының су буын жұту жылдамдығын, белгілі уақыт аралығында былғарының жұтқан бу мөлшерін анықтау арқылы , мысалға, сынаудың әрбір сагатында жұтылған бу мөлшері арқылы анықтауға мүмкіншілік береді. Әртүрлі былғарының бу сыйымдылығын салыстыру үшін су буын жұту жылдамдығын графикалық түрде, абсолютті және салыстырмалы шамалармен көрсетуге болады. Бұл кезде абсцисс осіне уақыты, ал ординат осіне бу сыйымдылықты салады.

Сынауды аяқкиім пайдалану жағдайына жақындату үшін кейде мақсатқа сәйкес бу сыйымдылықты есептеуді қалыпты жағдайда ұсталған үлгі массасына қатынаспен жүргізеді.

Былғарының бу сыйымдылығын оның бу өткізгіштігімен бір уақытта анықтауға, яғни алюминдік пластинканы, қолданбайды. Су буының жұту жылдамдығын бұл жағдайда сынақ басталған кезінен бастап есептейді.


Гигроскопиялықты және ылғал берушілікті анықтау.

Физикалық мәніне қарай былғары немесе былғары тканінің гигроскопиялылығы буланғыштыққа жақын. Гигроскопиялық былғары және былғары тканінің қоршаған ауадан бу жұту қабілеттілігімен сипатталады. Гигроскопиялықты, 100% тең салыстырмалы ауа ылғалдығына 16 сағат бойында ұсталынған үлгі массасының ұлғаюымен анықтап, оның бастапқы үлгі массасына проценттік қатынасы арқылы есептейді. .

Бұл жерде: q1 – эксикаторда ылғалданған үлгі массасы, q – ауалы құрғақ күйдегі сол үлгі массасы, г.

Ылғал берушілік тұрақты жағдайларда ылғалданған үгіні ауада 8 сағат ішінде кептіру нәтижесінде оның берген ылғал мөлшерімен сипатталады.

Ылғал берушіліктің көрсеткішін ылғалданған үлгі массасының кемуін оның бастапқы ауалы құрғақ массасына проценттік қатынасы түрінде анықтайды.

Дәріс № 14. Пісу температурасын анықтау Гигротермиялық тұрақтылықты анықтау.

Пісіру температурасы былғары және былғары тканінін жылуға және ылғалға тұрақтылығымен сипатталады.Оны алдын ала суландырылған былғары немесе былғары тканінін пісіру температурасына көптеген факторлар ықпал етеді,олардың ішінде әсіресе ең маңыздысы илеу түрі болып табылады.

Былғары және былғары тканінің пісіру температурасын анықтау жартылай фабрикатта осы көрсеткішті анықтауға сәйкес және сол аспапта жүргізіледі.Кейбір былғарының пісіру температурасы, мысалы, хроммен иленген былғарының 1000С жоғары болғандықтан сынауды глицеринде немесе су ( 25 бөлігі) мен глицерин қосындысында(75 бөлігі) жүргізеді.
Гигротермиялық тұрақтылықты анықтау.

Гигротермиялық тұрақтылық дымқыл былғарының жоғарғы температурада беріктілігін сақтау қасиетімен сипатталады.

Гигротермиялық тұрақтылықты анықтау былғарыны ылғалды күйде 600С температурада 4сағат бойы қыздыру нәтижесінде оның беріктілігінің кему шамасымен бағаланады.

Гигротермиялық тұрақтылықтың көрсеткіші қыздырылған ылғалды үлгілердің жыртылу күшінің қыздырылмаған ылғалды үлгілердің жыртылу күшіне процентпен көрсетілген қатынасы арқылы анықталады.\


Бұл жерде: ΔLк – қалдықты ұзару, мм; L – үлгінің жұмыстық бөлігінің алғашқы ұзындығы, мм.

Серіпелі ұзаруды анықтау. Салыстырмалы серіппелі ұзару, процес белгілі және бірдей кернеу кезіндегі жалпы салыстырмалы ұзару Ес мен қалдықты ұзару Еқ арасындағы айырмашылық бойынша мына формула бойынша есептелінеді:

Еұ = Е с қ

Мұнда Е с - белгілі кернеуде анықталған салыстырмалы толық ұзарту, проц.; Еқ - сол кернеудегі салыстырмалы қалдықты ұзарту,проц.

Біркелкілік коэффициентін анықтау. Былғары және мехтың былғары тканінің көлденең және ұзындық бағыттағы қасиеттері біркелкі емес. Былғары мен былғары тканінің біркелкілік дәрежесін біркелкілік коэффициентімен бағалауға болады. Ол бір бағыттағы қасиет көрсеткіштерінің екінші бағыттағы сол көрсеткіштерге қатынасын 100 көбейту арқылы анықталады.

Есептеуде аз санды көп санға бөлу керек. Ол кезде аз санның қандай бағытқа көлденең немесе ұзындық жататындығын қарамайды. Былғары және былғары ткандерінің өзара перпендикуляр бағытта қасиет көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы болса, оған жоғарғы біркелкілік коэффициенті тең. Қаттылықты және былғары серпімділігінің шартты модулін анықтау. Былғары серпімді – созымды материалдар қатарына жатады және Гук заңына бағынбайды, сондықтан кейде былғарының қаттылық және созылғыштығын сипаттауға қолданылатын серпімділік модулі шартты көрсеткіш болып табылады.

Былғары серпімділігінің модулін Е Н/м2 , керу күшінің соған сәйкес созылғыштығына қатынасымен анықтау қабылданған, оны 9,8 Мпа керу күшіне есептейді .Есептеуді мына формуламен жүргізеді:

Е= σ/Е


Бұл жерде: σ – 9,8 Мпа –тең кернеу; Е-9,8 Мпа кернеудегі үлгінің салыстырмалы созылғыштығы,проц.

Шартты серпімділік модулі көрсеткіші былғарының қаттылығын сипаттау үшін қолданылады. Бұл кезде, былғарының қаттылығы ретінде оның кергендегі күшке қарсыласу қабілетін айтады. Керу кезіндегі қаттылық,күштің соған сәйкес үлгінің созылғыштығына қатынасын білдіреді.

Қаттылық және серпімділіктің шартты модулі ара қатынасын мына формуламен анықтайды:

Д=Е S,


бұл жерде: Д – керу кезіндегі қаттылық, Н; Е – керу кезіндегі серпімділіктің шартты модулі, Н/м2; S – үлгінің көлденең қимасының орташа ауданы 2.

Гигротермиялық тұрақтылықтың шамасы негізінде былғарының илеу түріне және толықтырылуына байланысты. Былғарыда қышқылдықтың көбеюі гигротермиялық тұрақтылықты төмендетеді. Ұлтанға арналған былғары мен юфтіде гигротермиялық тұрақтылық стандартпен нормаланады. Сынауды жүргізу үшін 4 былғары үлгісін кесіп алады, үлгі формасы созуға арналған сынаудағыдай болады.

Юфтіні сынауда үлгіні алдын – ала, шаң мен өңдей отырып майдан айырады.

Екі үлгіні он еселік мөлшер тазартылған суда 20 ±3 0 С температурада 18 сағат ішінде жібітіп, сонан соң бет жағын сүзгіш қағазбен кептіріп жыртатын машинада жыртылу шегіне сынайды.

Басқа екі үлгіні тазартылған сумен сол температурада ылғалдандырғанан соң 1 сағатқа суы бар эксикаторға салып,60 0 С температурада термостатқа ұстайды. Үлгілер су үстінде жіппен немесе сумен бос ілініп тұруы керек. Үлгісі бар эксикаторда 4 сағат термостатқа қойып, сонан соң 20 ±5 0С температурадағы суға 30мин. батырады. Сүзгіш қағазбен кептірілген үлгілерді жыртылу күшіне сынайды.

Гигротермиялық тұрақтылық ГТ, проц. Мына формуламен анықталады:



Бұл жерде: Р 1- термоөңдеуге түскен ылғалды үлгілердің жыртылу күші, Р 2 – термоөңдеуге түспеген ылғалды үлгілердің жыртылу күші.




Дәріс №15 Былғары және былғары тканінің механикалық сынау әдістері. Үйкелуге сынау
Механикалық қасиет былғары және мехтың сапасын сипаттайтын және олардың жарамдылығын алдын – ала анықтайтын, негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. Былғары және мехтің былғары тканінің механикалық қасиеттерін бағалау үшін алуан түрлі әдістер: созу, үйкелу, майысу, қысу және т.б. қолданылады.

Созуға сынау

Созуға сынау былғары және мех үшін, олардың механикалық қасиетін бағалауда үлкен маңызы бар. Қасиет бұйымдарын дайындау былғары, мех және оларды пайдалану кезінде созу әсеріне ұшырамайтын өнім үшін де анықталады.Былғары және былғары тканін созуға сынауда келесі көрсеткіштер анықталады: беріктік шегі, ұзарту (жалпы, серіппелі және қалдықты )беттік қабаттың беріктігі,серіппеліктің шартты модулі,қаттылық.

Созылған сынаудан алынған көрсеткіштері шикізатты алғашқы өңдеуден бастап өзеңнің талшықтық құрылысын сақталу дәрежесімен және мех және былғарыны өңдеу процестерінің режимдерімен байланысты.

Сонымен бірге,осы көрсеткіштердің көмегімен былғары және былғары тканінің түрлі бағыттағы бірыңғайлық қасиеттерін бағалап оларды беріктігін беттік қабатының созылымдылығын, қаттылық және басқа қасиеттерін талдауға болады.

Сынауда екі жағы күрек формалы үлгіде (12 сурет) жүргізіледі. АВСД учаскесі үлгінің жұмыс учаскесі деп аталады. Жұмыстық учаскенің АВ ұзындығы,ВС және АД ені болып табылады.

12-сурет Созылуға сынау үшін арналған үлгі формасы

Әдетте, былғарыны сынауда үлгілерде жұмыстық бөлігінің ұзындығы 50мм және ені 10мм болады. Мехтің және тондық елтірісі жоқ үлгісінің жұмыстық бөлігінің ұзындығы сондай бірақ ені 55мм болады.Мехтің шикізаттың барлық түрімен алынған үлгілерде жұмыстық бөліктің ұзындығы 25мм ені 5мм.

Созуға сынау үшін былғары немесе мехтің шикізаттың әрқайсысынан 4 үлгі алады: екі ұзын бойына (жота сызығы бойымен) және екі көлденең. Түпкілікті нәтижелер көлденеңдік және бойлық үлгілерден алынған көрсеткіштің ортақ арифметикадағы мәне бойынша есептеледі.

Сынау алдындағы үлгінің жұмыстық бөлігін, түзу сызықпен 5 тең учаскеге бөліп, оларды қатарлық таңбамен 1-ден 5-ке дейін таңбалап, содан соң әрбір учаскенің қалыңдығын өлшейді. Әрі қарай үлгілерді біркелкі жағдайларға келтіреді.

Сыналған тіркеліп кіріспес бұрын алдын-ала 1 кестенің 1-6 бөлімдерін дайындап мүмкіндікке қарай толтыру керек.



Былғары немесе мех түрлері

Үлгінің былғ.

Немесе


мехта орналасуы

Үлгінің нөмері

Нүктелердегі қалыңдық

Орташа қалыңдық

Кесіндінің орт. қалыңдығы

Үзілудегі күш


Созылудағы беріктік шегі, Па

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

8







Үзілудегі созылуы

9,8МПа (былғары),

4,9МПа(мех)

Кернеу сәйкес күш


9,8МПа ұзару

9,8МПа қалыңдықты ұзару

9,8 МПа серіппелі ұзару

мм

%

мм

%

мм

%

мм

%

9

10

11

12

13

14

15

16

17




Созуға сынауды жырту машиналарда жүргізеді. Ең көп қолданылатын жырту машинасы РТ-250 (13-сурет). Сынайтын былғары немесе былғары тканінің үлгісін 7 қысқаша 6 және 8, оның геометриялық осі қысқыш ортасымен өтетіндегідей етіп, ал жұмыстың учаскесін шектейтін сызықтар олардың қыры мен шектейтіндей етіп бекітеді. Сынаудың алдында жүктің көрсеткіштік шкаласы 3 және ұзару шкаласы 9 нөлдік көрсеткіште тұруы керек . электродвигателін қосканда томенгі қысқыш 8 бұранда гайка 10 қос күш арқылы төмен түсіп үлгі арқылы өзімен бірге жоғарғы қысқышты тартады. Бұл кезде үлгі ұзарады. Жоғарғы қысқыш қозғалысы рычаг арқылы маятник 5 жүгін 11 ауытқып соған сәйкес созу күшін жасайды. Сол күш деңгейі тісті тақтайша 1, шестерня 4 және онымен бір осьте бекітілген тіл 2 көмегімен күш шкаласында белгіленеді. Куш ұлғайту үлгіні жыртқан кезде , маятник жүгімен жайлап өзінің бастапқы қалпына келеді.

Күштің шкаласында нолдік көрсеткішке қайтып келеді. Шкала корсеткішінің үлгі жыртылғаннан кейін де бақылау үщін сол тілімен бір осьте бекітілген бақылау тілі еркін қозғалады. Үлгінің ұзаруы шкалада мм-мен белгіленеді.



13-сурет. Жыртатын машина РТ-250

Жырту машинасы РТ-250, ұзарумен түскен салмақтың байланыстығын автоматты түрде жазатын аспаппен жабдықталған. Диаграмманың горизонтальді осіне түскен салмактың мағынасын белгілеп, ал вертикаль әске салмаққа сәйкес үлгінің ұзаруын белгілейді. Түскен салмақтың мағынасын белгілі масштабта, аспапта жабдықталған арнайы масштабы сызғыш көмегімен диаграмма түсіреді.

Диаграммадағы ұзару шамасы үлгінің, милиметрмен көрсетілген абсолютті ұзаруына тең. Қажет болғанда масштабты ұзартуға болады.

Созу кезіндегі беріктік шегін анықтау. Созу кезіндегі беріктік шек деп – былғары және мехтың былғары ткані жыртылғанан кейін үлгінің көлденең қимасының аудан бірлігіне келетін салмақты айтады. Бұл көрсеткіш биік дәрежеде былғары немесе мехтың былғары тканінің механикалық қасиеттерін сипаттайды және стандартпен шектелінеді. Беріктік шегін анықтау кезінде жыртуға кететін салмақ жырту машинаның шкаласымен белгіленеді. Үлгінің көлденең қимасының ауданының үлгінің енін қалындығының көбейту арқылы анықтайды. Сыналатын үлгі жұмыстың учаскісін бойыда қалыңдығынан бірыңғай болмауы мүмкін, сондықтан көлденең қиманың ауданын жыртылған жерден есептейді. Созу кезіндегі беріктік шекті σс, Па, мына формуламен есептейді:

σс

Бұл жерде: Р- жыртуға кеткен салмақ, Н; S – жыртылу орнындағы үлгінің көлденең қимасының ауданы, мм2.

Созу кезіндегі беттік қабаттың беріктігін анықтау. Беттік қабаттын беріктігі аяқ-киімнің жоғарғы жағына арналған былғары сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Беттік қабатты берік емес былғары созып-керу процесінің операциясында күшке шыдай алмай сондықтан беті шетінеді. Мұндай шетінеулер былғарыны пайдалану кезінде де пайда болады. Мехтың шикізатты созу кезінде жарылудың пайда болуы қаракул және басқа да елтіріде жиі кездеседі.

Былғары және былғары тканінің беттік қабатының беріктігі ол шетінеген кезде паскальмен өлшенетін кернеу шамасымен (Па) сипатталады.

Беттік қабаттың беріктігін былғары және мехтың былғары тканін созу кезіндегі беріктік шегімен, бір кезде анықтайды.

Сетінеу пайда болған кездегі кернеуді ur санау үшін түскен салмақ шамасын, созылу диаграммасынан анықтайды немесе күш шкаласы арқылы белгілейді.

Беттік қабаттың беріктігін σс, Па , мына формуламен анықтайды:

σс

бұл жерде: Р1 – беттік қабатта пайда болған бірінші шеті – неу кезіндегі салмақ, Н;S –үлгінің көлденең қимасының ортақ ауданы, мм2 .

Егер сынау уақытында сетінеу пайда болмаса, онда беттік қабаттың сетінеуіне керекті кернеу былғары немесе былғары тканінің жырту кернеуіне тең деп қабылдайды.



Салыстырмалы ұзартуды анықтау. Былғары және былғары тканінің ұзаруын анықтауды сол үлгілерді созу кезіндегі беріктік шегімен анықтаумен бір уақытта жүргізеді.

Жалпы ұзару серіппелі және қалдықты ұзарудың жиынтығына тең. Былғары және былғары тканінің жалпы ұзаруын жыртылу кезіндегі түскен салмақ бойынша немесе белгілі салмақтың белгілі көлденең қимаға түсуі ретінде анықтап, салыстырмалы ұзару арқылы белгілейді.

Жыртылу кезіндегі салыстырмалы ұзаруды, %, мына формуламен анықтайды:

100%

бұл жерде:∆Lр – жыртылу кезіндегі ұзару, мм; L – үлгінің алғашқы жұмыстық ұзындығы, мм.

Алдын – ала берілген кернеуде салыстырмалы ұзаруды анықтау үшін (былғары үшін 9,8 МПа) мынаны істейді. Әр үлгінің ортақ қалыңдығын және ортақ енін есептеп шығарады. Осы ортақ шамалардың көбейтіндісі үлгінің көлденең қимасының ортақ ауданын береді.

Содан кейін ортақ қима шамасын берілген кернеуге көбейтін сол кернеуге сәйкес берілген үлгіге түскен салмақ шамасын алады. Созылу диаграммасын пайдалана отырып, есептелінген күшке немесе берілген кернеуге сәйкес ұзару шамасын табады.

Егер сынауды, диагаммаға жазусыз жүргізсе,онда оны жүргізген кезде салмақ шкаласы керекті есептелген салмаққа жеткенше бақылап, жеткен кезде ұзару шкаласынан ұзарудымиллиметрмен белгілейді.

Берілген 9,8 МПа немесе 4,9 МПа кернеудегі салыстырмалы ұзару Ее% мына формуламен есептейді: Ее=

Бұл жерде: Δlc- беттік қабатта сызат пайда болған кезде сәйкес ұзару, мм; l- үлгінің бастапқы жұмыстық ұзындығы, мм.

Қалдықты ұзаруды анықтау. Қалдықты ұзарудың шамасын үлгінің салмақ түсіргеннен кейінгі ұзындығы мен оның бастапқы ұзындығы айырмасының үлгінің бастапқы ұзындығына қатынасы ретінде анықтайды. Ол процент арқылы беріледі. Қалдықты ұзарту – шартты шама, ол түскен салмақ алынғаннан, ұзындықты өлшегенге дейінгі өткен уакытқа байланысты. Былғары және мехтың былғары тканінің қалдықты ұзаруын әдетте 9,8 және 4,9 МПа сәйкес кернеуде анықтайды.

Сынау алдында үлгінің жұмыстық бөлігінің орташа қалыңдық және орташа енін тауып, оларды көбейту арқылы қиманың ауданын есептейді. Қалыңдықты ұзаруды кернеуге дәл келетін салмақты табу үшін керекті анықтайды.

Үлгілерді жырту машинаның қысқышына, созу кезіндегі беріктік шегін анықтағандай етіп бекітіп, юерілген кернеуге дейін сәйкес түскен салмақ ұлғайтып онда үлгі 10 мин ұсталынады. Сонан сон үлгіні жырту машинаның қысқышынан босатылып, 30мин тыныштықты калдырады. Көрсетілген уақыт бекіткеннен кейін жұмыстық учаскенің ұзындығын өлшеп ұзындықтың ұзаруын, яғни қалдықты ұзаруды Δlқ мм есептейді:

Δlc=(lқ -l)

Мұнда : lқ- созудан кейін 30 минут тыныштықта ұсталған үлгінің жұмыстық бөлігінің ұзындығы, мм; : l-үлгінің жұмыстық бөлігінің алғашқы ұзындығы ,мм.

Салыстырмалы ұзындықты ұзару ε% мына формуламен есептейді:

Еқ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет