1 Дәрістер Дәріс №1. Тері және мех шикізатын химиялық талдау


Практикалық сабақ № 7. Алюминий мен цирконийді илегіш ерітінділерінде және былғарыда бірге ажыратпай анықтау



бет8/9
Дата16.07.2016
өлшемі2.63 Mb.
#203949
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Практикалық сабақ № 7. Алюминий мен цирконийді илегіш ерітінділерінде және былғарыда бірге ажыратпай анықтау.

Цирконийді анықтау үшін әртүрле реагенттер ұсынылған., бірақ олардың әлсіз қышқыл ортада комплекс түзейтіндерін пайдалануға болмайды. Өйткені су ерітінділерінде цирконий ионы мен аквогидро оксонондар тез гидролизге және алюмеризацияға душар болады. Цирконийді фотометриямен анықтау үшін тек азобояулар мен хелат түзейтін оттегісі бар реагенттер қолданылады.

Органикалық реагенттердің ішінен, өте сезімтал арнаулы тәсіл ретінде, цирконийді арсеназо Ш қолдану арқылы анықтау ұсынылған.

Бірақ, бұл мүмкіндік құрамында алюминий, титан бар, комплекстік илегіштерлегі цирконийдің, мөлшерін анықтаған кезде қиындалады. Сондықтан алюминий бар илегіштер ерітінділерінен цирконийді фотометриялық жолмен анықтау тәсілін табу үшін зерттеу жүргізілді.

Алынған нәтижелер бойынша, цирконийді толық байлау үшін арсеназо Ш-тің 1%ерітіндісінің 0,5см3м дейінгі мөлшері жеткіліксіз екені анықталды. Цирконийдің мөлшері 175мгк нан көп болған кезде фотометрия жасалатын көлемге арсеназо Ш-ті есе кқп беру керек.

Оптикалық тығыздық нақыт белгіге уақыт аралығында анықтау керек, өйткені, ерітіндіні анықтаған соң, бір сағат өткеннен соң, оптикалық тығыздықтың әжептәуір ауытқуы байқалады және ламберг-Бургер-Бер заңы сақталатын концентрация интервалы азаяды.

Күшті концертрациясы қышқылдармен жұмыс істеудің ыңғайсыздығын еске ала отырып,анализ жасаған кезде оңтайлы ұышқыл 2м НCl сәйкес болды, өйткені тұз қышқылының бір молярлық ерітіндісінде цирконий тез лайланып, тұнбаға түсетіні байқалады.Цирконийдің анықтайтын илегіштерді көп мөлшерде алюминий болатындықтан,оның әртүрлі молілерніңі цирконийді анықтауға тигізетін әсерін анықтау керек болды. Алынған кейбір нәтижелер 3-кестеде берілген.

3-кесте


Тәжірибе нөмері

Zr, Alара қатысы

Zr мөлшері,%

есептелді

Нақты табылды

1

1:0,5

29,5

29,5

2

1:1

29,5

29,3

3

1:3

29,5

29,4

4

1:4

29,5

29,4

5

1:5

29,5

29,4

6

1:0

28,1

28,1

7

1:3,5

28,1

28,1

8

1:6

28,1

28,2

Ескерту: нөмер 6,7,8 ерітінділреде оптикалық тығыздықты өлшеу және соған сәйкес пробадағы цирконийді есептеулер әртүрлі алюминий бар салыстыру ерітінділренің фонында жасалған.

Сульфатоцирконат натрийдің концентрациясы 0,0073 г/100см3. AL2 O3 концентрациясы -1мг/см3.

Алынған нәтижелер мынаны көрсетеді, әртүрлі алюминий мөлшерін шын мәнінде цирконийді анықтауға кедергі жасамайды. Әр түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтай отырып цирконийдің мөлшерін алюминий бар ерітінділердің табу тәсілі ұсынылады.

Осындай фотометриялық анализді жасау ұшін мынадай арнаулы реактивтер мен ерітінділер қолданылады: тығыздығы 1,174-1,85г/см3 тен тұз қышқыл ерітіндісі; арсеназа Ш реагентінің 1% ерітіндісі; тұз қышқылының ара қатысы 1:5 –ке судағы ерітіндісі; желатинаның 1%ерітіндісі; 2М тұз қышқылының ерітіндісі; цирконий хлориксиді ZrOCl2·8H2O

Арсеназо Ш дайындау: 1г. арсеназо Ш-ті 50см3суда қыздырып, ерітеді, 15см3 НCl (1:5) қосады содан соң смен 100см3жеткізеді. Желатинді дайындау:1г. желатинді су моншасында қыздырып ерітеді, содан соң сумен 100 см3-ке жеткізеді.

Анықтау методикасы: Калибровка графигін тұрғызу үшін 5-25мг/см3 цирконий бар цирконий тұзының стандартты ерітіндісін дайындайды. (0,0088г. ZrOCl2·8H2O-ді тұз қышқылының 2М ерітіндісінде еріту керек, қайнағанға дейін қыздырып,алынған ерітіндіні өлшемді колбаға ауыстырып 2М НCl ерітіндісімен жеткізіледі. Оларды 15 минут өткеннен соң нөлдік ерітіндімен салыстыра отырып, оптикалық тығыздығын ƛ670 тең бір сантиметрлік кювета арқылы өлшейді. Нөлдік ерітінді ілгері көрсетілген мөлшерге тең желатин,арсеназо Ш әне тұз қышқылының 25см2 көлемдегі ерітіндісінен тұрады.

Калибровка графигінің координаты оптикалық тығыздық стандарттық ерітіндінің көлемі (5-25мгк цирконий мөлшері үшін) бойынша тұрғызады. Илегіште цирконий мөлшерін анықтау үшін, оның шөкіміне суда күкірт қышқылын қосып ерітеді. Ерітіндінің аликвоттық бөлігін 25см3 өлшемді колбаға құяды. 10см3 2М тұз қышқылын қосады, қайнауға дейін қыздырадығ суытады, калибровка жасаған кездегідей арсеназо Ш, елатин мөлшерін беріп, одан кейін 2М НCl ерітіндісімен белгіге дейін толтырады даүш нөлдік ерітіндісімен салыстыра отырып, фотоколометриялайды.Нөлдік номер 1 ерітінді (салыстыру ерітіндісі) калибровка графигін тұрғвзғпн кездегідей жағдайда дайындайды; номер 2-ге алюминий тұзы – Al2(SO4) 18H2O. TAl2O3 – 1мгс/см3 ерітіндісінің 0,5см3 қосылады; номер 3-концентрациясы номер 2дегідей, бірақ 4см3 алюминий тұзының ерітіндісі қосылады.
Цирконийдің аликвотадағы (г) мөлшерін мына формуламен есептейді:

АqYкалаZr / YMZrOCL2

Бұл жерде: а – калибровка графигін құру үшін пайдаланған ZrOCl2 шөкімі, г., Ү- калибровка графигі бойынша анықталған илегіштің көлемі,см3; аZr – Ццирконийдің атомдық массасы; Ү- калибровка графигін құру үшін қолданылған шөкім ерітілген көлем, см3; MZrOCL2- калибровка графигіне пайдаланылған заттың молярлық массасы, г/моль.

Цирконийдің мөлшерін,%мына формула бойынша анықтайды:


Х=А·100Ṿжалпы/ НṾ
Бұл жерде: Ṿжалпы – илегішті еріткеннен кейін алынған ерітіндінің жалпы көлемі,,см3; Н- илегіштің шөкімінің массасы, г; Ṿ - фотоколометрриялауға алынған зерттелетін ерітіндінің көлемі,см2; А- цирконийдің аликвотадағы мөлшері,г.

Цирконийдің фотометрия тәсілімен анықтаудың дұрыстығын тексеру үшін оны қызғылтты ксиленді индикатор қосылған қышқыл ортада, трилон Б-нің артығын азот қышқылдық нисмутпен кері гитрлеу комплексонометриялық тәсілі қолданылады.Цирконийді анықтаудың осы екі тәсілі бойынша алынған мағыналармен салыстырғанда салыстырмалы стандартты ауытқу фотометрияда 0,019мг/см3 комплексонометрияда 0,03мг/см3-тен аспайтыны анықталды.

Ал енді, зерттелген илегіштерден алюминийді, цирконий бер кезінде анықтау үшін әлсіз қышқыл ортада, алюминийдің алюминионмен қызыл түрге боялуына байланыстыорындалаиын фотометрия тәсілін қолдануға болады. Алюминийді анықтаған кезде цирконийдің кедергі жасайтын әсерін жүзім қышқылымен жоюға болады деп болжай отырып, оны алюминий- цирконий системасына қолданылу тәсілі зерттеледі. Сондықтан, алюминийдің тұрақты ал цирконийдің әртүрлі мөлшері бар ерітінділердің оптикалық тығыздығы зерттелді.

4-кесте


Тәжірибе нөмері

мөлшері,г/л

AL2O3 ZrО2 ара қатынасы

Жүзім қышқылы қосылған ерітінділерінің оптикалық тығыздығы

AL2O3

ZrО2







1

14,47

0

1:0

0,820

0,420

2

14,47

17,49

1:1

0,889

0,460

3

14,47

34,98

1:2

0,875

0,428

4

14,47

52,74

1:3

0,875

0,428

5

14,47

87,45

1:5

0,859

0,440

6

14,47

174,9

1:10

0,806

0,450

7

14,47

349,8

1:20

0,866

0,528

Зерттеу нәтижесінде, цирконийді алюминийге қарағанда 10 есе көп берсек те, ол ерітіндінің оптикалық тығыздығын өзгертпейтіні анықталды.

Маскировка жасайтын реагент- жүзім қышқылының оңтайлы көлемі 50см3 ерітіндіге 1 см3. Жүзім қышқылын өте көп қосу бояу түрінің қоюлығын екі есе төмендетеді.

Салыстыру ерітіндісне 3,0 см3 0,01М сульфатцирконат натрий ерітіндісін қою ұтымды. Егер цирконий әлдебір бетпен толық «маскировка» жасалмаса, онда салыстыру ерітіндісіне, фотометриялау кезінде, сульфатцирконат натрийді қоса отырып тексеруге болады. Бұл кезде, оптикалық тығыздық ұлғаяды,сондықтан «маскировка» раегентінің мөлшерін ұлғайту керек. Ұтымды және жеткілікт зерттелетін ерітіндінің көлемі 50см3, кюбеттің қалыңдығы 20мм. Зерттеу арқылы анықталған, толқын ұзындығы 440 немесе 490нм.

Реагенттердің судағы ерітінділерінмынадай тізбекпен қоя ұсынылады:

1.Алюминий тұзының ерітіндісінің аликвоттық бөлігі.

2. Жүзім қышқылы - 1см2, 2%ерітінді

3. Дистиляцияланған су – 10см3 дейін

4. Тоятталған α-динитрофенол ерітіндісі – 4 тамшы

5. Аммиак ерітіндісі сары түске боялғанға дейін

6. Тұз қышқылы -0,5 см3. 1Н ерітінді

7. Буферлік ерітінді натрий ацетаты , рН-4,3; 35 см3 дейін

8. Алюминий ерітіндісі -2,3см2.,0,1%ерітінді

9. Буферлік ерітінді – 50см3 дейін

Алюминийді әртүрлі тәсілдермен салыстырмалы анықтағанда стандарттан ауытқу фотометрия тәсілінде 0,025, комплексонометрия тәсілінде 0,05 тең болды.

Сонымен, алюмоцирконий комплекстік илегіштер ерітінділерінде және дайын былғарыда цирконий мен алюминийді бірге анықтаудың нақты және жеткілікті дәл тәсілдері жасалды.


Илегіш ерітінділеріндегі алюминийді титан мен цирконийден

алдын– ала ажыратпай фотометриямен анықтау

Соңғы кезде үш компоненттік минералдық илегіштер былғары шығару қнеркәсібінде практикалық түрде көбірек қолданылып келеді. Осыған байланысты илегіштердің құрамын құрайтын компоненттерді анықтаудың өте жетік тәсілдерін зерттеп абу керек болып отыр. Қазіргі кезде илегіш ерітінділерінде алюминий, цирконий, титан бәрге болған кезде, оларды алдын- ала бөліп алмай бірге анықтаудың тәсілдерітжоқ. Осыған байланысты

Zr+Ti+Al системасындағы алюминийді, КФК- 2 фотоколометрінде анықтау тәсілі жатады.

Бұл тәсілдің артықшылығы алюминийді анықтаудыңкеректі дәлдігіне қол жете отырып, оның тез және оғай жүргізілуінде.

Барлық анықтау 15-20 минутта тұнба түсірусіз, фильтрлеусіз, заттарды ажыратусыз істеледі.

Алюминийді, Al+Ti-нан тұратын,екі илегіш системасынан, екінші компонентті жүзім қышқылымен «маскировка» жасау арқылы анықтауға болатынын өткен тарауларда айтылды.

Al+Ti+Zr тұратын үш системада да жүзім қышқылы маскировкалық реагент бола алады, бірақ оның бір бөлігі цирконийді ұстап тұруға келетіндіктен, анықтайтын пробаға берілетін ал және ең керекті оның көлемін анықтау керек.

Орындалған зерртеулердің нәтиесінде, эксперименттік түрде,жүзім қышқылының анықтауы ең керекті көлемі анықталды.Бірақ, пробаны анықтауға дайындау сол кезде болса да қиынға түсті, өйткені қатты илегіштік ерітіндіге айналдырған кезде ерітінді тұнбаға түсіп, лайланып, мөлдір болмай кетуі мүмкін екен, бұл қоспаның коллоидтық түрде екенін көрсетеді. Егер ерітінділерді күкірт қышқылын қосып дайындаса,онда олар кқп уақыт бойы (10 тәулікке дейін) табиғатын өзгертпей мөлдір, біркелкі болып тұра алады екен. Ол үшін ерітінді 2Н күкірт қышқылында дайындауы керек.

Алюминийді анықтауға цирконийдің тигізетін әсерін анықтау үшін бірнеше қоспалар жасалып онын ішінде цирконийдің мөлшері әртүрлі , бірақ алюминий мен титанның мөлшері тұрақты түрде сақталады. Осы қоспа ерітіндісімен алюминийді анықтаудың жұмысы жүргізіледі.

Алынған нәтижелер 5-ші кестеде берілген.

5- кесте

Al+Ti+Zr

Ерітіндінің оптикалық тығыздығы

см3



AL2O3 концентрациясы

25

15

10

15

есептелді

Табылды

Тәжірибенің 1 бірінші сериясы

1:3:1

0,18±0,004

0,26±0,001

0,12±0,01




0,1

0,099±0,001

1:3:2

0,17±0,015

0,2 0,004

0,13±0,01




0,1

0,099±0,001

1:3:3

0,17±0,001

0,26±0,0015

0,33±0,01




0,1

0,09 ±0,002

1:3:5

0,18±0,005

0,24± 0,01

0,12± 0,01




0,1

0,1±0,002

1:3:7

0,16±0,002

0,26 ±0,003

0,33± 0,009




0,1

0,11 ±0,003

1:3:9

0,19 0,003

0,26±0,008

0,3± 0,015




0,1

0,093±0,0002

1:0:0

0,18 0,008

0,28 ±0,0003

0,1 ±0,002




0,1

0,093±0,002

Тәжірибенің 2 бірінші сериясы

1:1:3

0,33±0,003

0,33± 0,002

0,28 ±0,001

0,68±0,013

0,1

0,11±0,002

1:5:3

0,38±0,003

0,33 ±0,002

0,29± 0,001

0,70±0,012

0,1

0,12 ±0,001

1:9:3

0,3 ±0,003

0,32± 0,003

0,2 0,003

0,67± 0,011

0,1

0,125± 0,002

Ескерту: 2 серияның 15 см3 графасында қалыңдығы 2 см қалған ерітінділер үшін 1 см; оптикалық тығыздықты өлшеу уақыты, тексеруді бастаудан фотометрлеуге дейін, өзгеріп отырады, сондықтан кестенің горизонталь бойынша мыналардың бір- бірімен салыстурға болмайды; зерттеудің сенімділігі 0,95 бес рет қайталану нәтижесінде есептелген.

Көрсетілген нәтижелерді талдап қарасақ, қоспадан цирконийдің ара қатынасының Al:Ti =1:10 дейін үлкейгені практика жүзінде алюминийді анықтағанға әсер етпейді.

Кейбір, цирконий және алюминий бар серияларда, ерітінділердің оптикалық тығыздығы, жалғыз алюминий илегішінен тұратын ерітінділерден (баықлау ерітіндісі) көптеу. Мүмкін бұл, қосылған компоненттерде осы төңіректе сәуле толқынның сіңіргенінен болуы мүмкін, бірақ алюминийді анықтауға кедергі жасамайды.

Практика жүзінде серияның барлық ерітінділерінде оптикалық тығыздықтығ мәні бірдей, бұл цирконийдің алюминийді анықтауға кедергі жасайтынын көрсетеді.

Зерттеудің екінші серияларында, алюминий, алюминий мен цирконий мөлшері тұрақты, титанның мөлшері бірте – бірте үлкейтетін ерітінділерден анықталды. (5-сурет)

Алынған нәтижелер, титанның ерітіндідідегі мөлшері тоғыз рет артық болса да, ол алюминийді анықтауға әсер ете алмайтынын көрсетті. Осы зерттелген факторларды ойға ала отырып илегіш заттардың қоспасынан алюминийді анықтау тәсілі ұсынылады.

Илегіштің бір шөкімін (1-5гр) суда еритін 250 см2 көлемі бар өлшемді колбаға құямыз, содан соң оған көрсетілген белгіге дейін 2Н күкірт қышқылының ерітіндісін қосамыз.

Осы дайындалған ерітіндіден алюминийді анықтау үшін, оның 15 см3иалып 100см 3 өлшемді колбаға құямыз, оған 25см3 10% жүзім қышқылын қосамыз, содан соң α-динитрофенол деген индикатордың тоятталған ерітіндісін 4,5см3 қосып, содан кейін оны күшті аммиак ерітіндісімен ерітінді сары түске ауысқанға дейін бейтараптаймыз. Оған ерітінді боусыз болғанға дейін 5-10 см3тұз қышқылын құямыз. Содан соң рН- ы 4,3-ке 10см3буферлік ерітіндіні,10см3 алиминионды (0,1%) қосамыз да, одан кейін ерітіндіні буферлік ерітіндімен өлшемді колбаның белгісіне дейін толтырамыз. Аяғында бөгелмей олардың оптикалық тығыздығын 100мм-лік кюветте ƛ=44нм өлшейміз.

Бұл фотоколориметриялық анықтауға мынадай реактивтер мен ерітінділер керек: α-нитрофенолдың тоятталған ерітіндісі; жүзім қышқылын судағы 10% ерітіндісі,күшті аммиак, тұз қышықылының 1 м ерітіндісі, алюминионның 0,1%ерітіндісі; рН-ы 4,3 буферлік ерітінді (27,2г натрий ацетатын 150см3 суда ерітіп, оған 1,19г/см3тығыздығы бар 10,3г/см3 тұз қышқылын қосып,одан кейінсумен көлемді 1дм3 дейін жеткізу керек);күкірт қышқылының 2Н ерітіндісі;алюминийдің стандарттық ерітіндісі 12,3г Al2SO4 ·18 H2O 1дм2 сыйымдылығы бар өлшемді колбада ерітеміз. Дайындалған ерітіндідегі Al2O3-дің концентрациясы 1,88мг/см2

Градуирлік графикті жасау үшін 100см3өлшемді колбаларға 0,3-тен 20 см3 дейін, алюминийдің стандартты ерітіндісін құямыз, оған осының алдында көрсетілген әдістеме бойынша барлық құрайтын заттарды қосамыз. Содан соң берілген жарық толқынында және кюветтің қалығдығынаолардың оптикалық тығыздығын өлшейміз. Графикті алдын-ала жасаған дұрыс және ұдайы тексеріп тұру керек, әсіресе анықтауға алюминионның жаға ерітіндісі дайындалған кезде.

Илегіш ерітіндісінде алюминий тұтығының мөлшері мг/см3 және % арқылы мынадай формуламен анықталады:

Al2O3 мг/см3 = αҮ / Ү Үр

Al2O3 %α 100Үбарл / НҮал 100

Бұл жерде α- калибровкалық графиктен табылған 100см3 ерітіндідегі алюминий тұтығының мөлшері, мг; Үр – сұйылтуға алынған,зерттелетін ерітіндінің көлемі, см3; Үал – фотоколориметрлеуге алынған, зерттелетін ерітіндінің көлемі,см3; Үбарл- илегішті еріткеннен кейін ерітіндінің барлық көлемі,см3; Ү- сұйытылғаннан кейін алынған сұйықтықтың көлемі, см3;

Осы анықтау тәсілінің дұрыстығын тексеру үшін, ішінде алюминий, титан, цирконий бар стандарттық ерітінділер дайындалып,оған есептелетін жүзім қышқылы құйылып,және көлемдің қызғылт индикаторы қосылып, одан алюминий мөлшері трилон Б- мен қайта титрлеу арқылы анықталады.

6-кестеде алынған кейбір нәтижелер берілген.

Есеп бойынша AL2O3

Мөлшері мг/куб.см



Табылған AL2O3 мөлшері мг/куб.см

Фотоколориметрия әдісі

Көлемдік әдіс

2

2,09±0,01

2,10±0,019

5

4,95±0,02

4,90±0,19

15

14,9±0,07

14,8±0,05

48

48,5±0,01

48,0±0,01

Көрсетілген нәтижелерді талдап қарап, мынадай тұжырымға келуге болады: алюминийді анықтауға ұсынылған осы тәсіл керекті дәлдігімен айрықша көзге түседі және титан мен цирконий бар илегіш ерітінділерден алюминийді анықтауға пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет