1 Дәрістер Дәріс №1. Тері және мех шикізатын химиялық талдау



бет4/9
Дата16.07.2016
өлшемі2.63 Mb.
#203949
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қышқылдықты анықтау.

Былғары және мехтің былғары тканінде әрқашанда белгілі мөлшерде қышқыл болады.Қышқыл әсіресе минералдылық қышқыл,былғары тканінің тұрақтылығына жылу және ылғал бір мезгілде әсер еткенде өте теріс әсер етеді.

Былғарыда және былғары тканінде қышқылдың шамадан көп мөлшері олардың ұсақталу процесінде жылдам бұзылуына жағдай жасайды.Былғары және былғары тканінде қышқылдықты анықтаудың бірнеше әдістері белгілі.ЕҢ көп тараған әдіс,былғары немесе былғары тканінің нақты мөлшерін 0,1 Н калий хлориді ерітіндісінде ұстап,содан алынған сығындының рН анықтау негізінде құралған.Калий хлориді ерітіндісі бұл кезде буферлік ерітінді ретінде қолданылады.

Былғары немесе былғары тканінің сығындысының рН анықтау шартты,өйткені рН шамасы,сынақтың пайдалану дәрежесіне,сұйықтық коэффициентке,өңдеу ұзақтығына,темпеартураға және басқа факторларға байланысты болады.Сондықтан талдау қатаң белгіленген жағдайларда жүргізілуі керек.

2,5 г майдаланған сынақты тығыз тығындалатын колбаға салып 100мл 0,1г калий хлорид ерітіндісімен мезгіл-мезгіл шайқайды. 4 сағ соң сығындының потенциометрлі түрде рН анықтайды.

Хлор калийді сығындыда рН анықтаудың экспресс әдісі бойынша 2г майдаланған сынақты колбада кері мұздатқышпен 100мл 0,1 Н калий хлорид ерітіндісінде,су моншасында өңдеумен анықталады. Су моншасының температурасын жылдам 800 С –ке жеткізіп осы температураны 5мин ішінде ұстап тұрады,колбаға бұл кезде сілкиді. Мұздатқышты өшіріп, колбаның ішінднгісін тез суытып,сығындыны фарфорлы терден сүзіп және рН ты шыны электродпен потенциометрде анықтайды.



Дәріс №9. МЕХ ЖӘНЕ БЫЛҒАРЫНЫҢ ФИЗИКО-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН СЫНАУ. Үлгілерді сынауға дайындау.
Мех және былғары мехтік немесе былғарылық бұйымдар жсасау процесінде және бұйымдарды падалану кезінде күрделі физико-механикалық әсерлерге ұшырайды( ылғал және жылу әсерлері,созылу,уйкелену,қысылу,майысу және басқа әсерлер). Бұйымның ұзақ пайдалануы белгілі шамада осы әсерлердің интенсивтілігіне байланыста болады.Сондықтан физико-механикалық қасиеттер,әртүрлі мех және былғарының міндетін анықтайтын және сапасын сипаттайтын негізгі қасиетінің бірі болып табылады. Мех және былғарының физико-механикалық қасиетін бағалау үшін лабораториялық сынаулар жүргізген.

Барлық сынау әдістерін шартты түрде екі негізгі топқа бөлуге болады:



  1. Физикалық сынау әдістері

  2. Механикалық сынау әдістері

Физикалық сынау әдістеріне қалыңдықты ,тығыздықты ,мех және былғарының су және жылу,бу және ауа өткізгіштік ж.б әсерлерге қатынасын сипаттайтын анықтау әдістерін жатқызуға болады.

Механикалық сынау әдістеріне,мех және былғарыны созу,үйкеу,қысу,майыстыру және т.б сынауларды,сипаттайтын көрсеткіштерді анықтауды жатқызады.



Үлгілерді сынауға дайындау.

Мех және былғары құрамындағы ылғалдың мөлшеріне байланысты өздерінің физико-механикалық қасиеттерін өзгертетін,материалдарға жатады. Ал мех және былғарының ылғал мөлшері,қоршаған ауаның ылғалдығына және температурасына байланысты болады. Мех және былғарының әртүрлі салыстырмалы ылғалдылық және температура жағдайларында болған үлгілерді сынақ жасау,салыстырмайтын және қате нәтижелер береді. Сондықтан сынақты сынауға дайындауды нақты гигротермиялық талап орындалуы керек:сынақ белгілі температура мен салыстырмалы ау ылғалдылығы жағдайларында ұсталуы керек.

Бір қалыпты жағдай ретінде:ауа температурасы 20±30 С және салытырмалы ылғалдығы 65±5% қабылданған. Температураны өлшеу термометр немесе термографпен,салыстырмалы ылғалдық әртүрлі конструкциядағы психрометрлермен,сонымен қатар шашты гигротермиялық жағдай жасау қиын.Сондықтан мех және былғары үлгілерін тұрақты жағдайда бірқалыпты ылғалды күйге дейін эксикаторда сәйкес тұз және қышқыл ерітіндісінің үстінде ұстайды.Олар белгілі температурада берілген салыстырмалы ылғалдықты сақтайды.Бұл үшін,дихромат натрийдің қаныққан ерітіндісін немесе тығыздығы: 1,27-1,32 күкірт қышқылының ерітіндісін (150 С температурада) жиі қолданады.Күкірт қышқылының ерітіндісін тазартылған судың әр литріне 375 мл (690 г)тығыздығы 1,84 күкірт қышқылын қосумен дайындайды.Эксикаторлардың диаметрі 25см болуы керек:олардың қақпағы сырғып жақсы жабылатын болуы керек.

Жұмыс барысында күкірт қышқылының ерітіндісі ылғалды жұтатын болғандықтан оның тығыздығы бірте-бірте төмендейді.Тығыздықты қалпына келтіру үшін ерітіндіге күшті күкірт қышқылын (тығыздығы 1,84 г/куб см ) қосады.

Мех шикізатынан алынған кесінді үлгілерді эксикаторға салмас бұрын,олардың жүнін мұқият қырқады.

Бір эксикаторға салынатын үлгілер массасына 50г аспауы керек.Үлгілерді эксикаторда,олардың айналасында ауа үздіксіз ауысып тұратындай етіп қояды.

Үлгілерді тепе-теңдік ыдғалдыққа келтіру аралығы 2 сағатқа тең соңғы екі өлшеудің массалық айырмашылығы 0,2 проценттен аспаған кезде бітті деп есептеуге болады.Әдетте бұл 24 сағаттан кем болмайды.

Санауға алынған былғары немесе мех тканінің бөліктерінен,бірқалыпты ылғалдыққа келтірілгеннен кейін үлгілерді кеседі. Кесуді болат кескіштермен жүргізеді,олар тік бұрышты,квадратты,дөңгелек және басқа түрде бол мүмкін.Кескіштердің бейнесі мен өлшемі,стандартқа сәйкес,үлгілердің сырт бейнесі мен өлшемімен анықталады.

Кескіштерді биіктігі 40-50мм қайрау бұрышы 20-25 градус және жоғарғы шетінің қалыңдығы 4-5мм болатындай етіп дайындайды ( 4 сурет). Кесілген үлгілерді сынау нәтижесінде ықпалын тигізетін ешқандай көрінетін ақау болмауы керек. Үлгілердің сызықтық өлшемдерін,ауданы және қалыңдығын анықтайды. Сызықтық өлшемдерін анықтау үшін масштабы сызғышты қолданады.Үлгінің ауданын сызықтың өлшемдерінің нәтижесі бойынша есептейді.Қалыңдықты қалыңдық өлшегіштің көмегімен өлшейді.
Дәріс №10. Қалыңдықты анықтау. Тығыздықты және кеуектікті анықтау

Былғары немесе мех тканінің қалыңдығын өлшеу үшін әртүрлі конструкциядағы қалыңдық өлшегішті қолданады.Бұл кездерде жылжымайтын алаңда 1 орналасқан үлгіге,жылжымалы жасалынатын өлшегіштерді қолдануға болады.( 5 сурет).


5 сурет.Индикатор түрдегі қалыңдық өлшегіш.

Өлшемес бұрын индикатор 5 тілінің нөлдік жағдайын тексеру керек.Тілді циферблагтағы нөлдік бөлікке белгілеу бұрандасы 3 басын бұру арқылы жеткізеді.2 және 1 алаңдары тілдік нөл көрсеткен кезде бір-біріне тығыз беттесуі керек.

Иін 4 басып,алаң 2 көтереді де,өлшегіш алаңдарын арасына үлгіні қоыйп және йінді жайлап түсіреді.Тілдің көрсетуін белгілеп қалыңдықты анықтайды.Өлшеуді 0,01 мм –ге дейінгі абсолютті ауытқумен жүргізеді.

Өлшеу нәтижесі үлгіге түсетін жоғарғы алаңның пішіні мен ауданына және циферблагттың бөлу мәніне байланысты болады.Бұл кезде,қалдық өлшегіштің жоғарғы алаңының қысымының шешуші маңызы бар. Былғарының әртүрлі түрлерінің (аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғары,галантериялы ж.б) және мехтың қалыңдығын өлшегенде жоғарғы алаңның үлгіге қысымы 49 КПа-ға тең қалыңдық өлшеуіштер қолдануға болады.Қысым серіппемен және жүктің көмегімен жасалынады.

Бірақ,үлгідегі қысым,қалыңдық өлшеуіш серіппесінің созылуына немесе жүктің салмағына ғана емес,сонымен қатар өлшейтін алаңның пішіні мен ауданына да байланысты болады.Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған былғарының және мехтың қалыңдығын анықтауда қолайлысы диаметрі 10мм жақық алаңы бар өлшегіш болып табылады.Аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғарының қалыңдығын анықтауда,мұндай алаңдармен үлгілердің нақты қалыңдығы дұрыс шықпауы мүмкін.Бұл жағдайда, алаңның диаметрі 2мм – ге тең немесе сыртқы түрі сфералық алаңнан тұратын, қалыңдық өлшнгіш пайдаланылады, қысым жүкпен берілетін қалыңдық өлшегішті қолданғанда, үлгі мен алаңдар бетескенен соң 5 сек-тан кейін өлшеу қабылданған. Серіппелі қалыңдық өлшегіштің көрсетуін үлгі өлшейтін алаң беттескен бойда бірден жазып алады.



Тығыздықты және кеуектікті анықтау

Тығыздық p, кг/м3- материалдың негізгі бір физикалық қасиеті, ол зат массасының m оның көлеміне V, қатыныасын көрсетеді.



Кеуек материалдарда былғары және мехтің тканы тығыздық салыстырмалы және шын тығыздық болып бөлінеді. Салыстырмалы тығыздық былғары тканінің үлгісінің массасының оның кеуек көлемін қоса есептеген толық көлеміне қатынасы. Сондықтан,салыстырмалы тығыздық былғарының және мех тканінің, кеуектік көлеміне соған сәйкес оларды өндірген шикізат түріне және өңдеудің технологиялық процестеріне байланысты болады.

Басқа тең жағдайларда бос тері мен мех шикізатына жалған өнімдердің салыстырмалы тығыздығы әрқашанда төмен болады.Өзеңнің құрылымын босаңсытатын технологиялық операциялар (күлдеу,пикелдеу,созу т.б)былғар және былғары тканінің салыстырмалы тығыздығын азайту,әсерін тигізеді. Престеу,нығыздау сияқты операцияларда кейін былғарының салыстырмалы тығыздығы артады.Салыстырмалы тығыздық кеуектікпен байланысты болғандықтан оның шамасына қарай былғарының және былғары тканінің жылу,су,ауа өткізу қабілетін жанама жоруға болады.Былғары және былғары тканінің салыстырмалы тығыздығы анықтау үлгі массасын және олардың көлемін анықтау арқылы жүргізіледі.

Массасы техникалық таразының көмегімен 0,01г дейін абсолюттік ауытқумен,көлемі үлгінің ығыстыра сұйықтық көлемімен анықтайды.Көлемді анықтау үшін сынапты қолданады,ол былғары және былғары тканіне саңылауларына кірмейді және оларды дымқылдандырмайды.Көлемді анықтау бюреткада, олардан жиналған приборларда және де волюметрлерде жүргізіледі. Бірақ, кейбір былғары түрлерінде, мысалы, күдеріде және мех тканыныде нәтижелі дәлдігі жеткіліксіз болады. Бұның себебі, сынап бәрі – бір саңылауларға сәлдесе болса кіреді және сонымен қатар, үлгі біршама қысады. Осындай былғарының салыстырмалы көлемін анықтау әдетте, керосин, ксилол, толуол немесе хлоридінің (IV) көмегімен жүргізіледі. Ұлтандық және кейбір басқа аяқ – киімнің төменгі жағына арналған былғарылардың салыстырмалы көлемін үлгінің орташа қалыңдығы мен ауданын өлшеу жолымен жеткілікті дәрежеде толық анықтауға болады.

Былғары және мех тканінің шын тығыздығы деп үлгінің массасының тығыз көлеміне (кеуектік есепке алынбайды) қатынасын айтады. Былғары және былғары тканінің шын тығыздығы, оған кіретін құрамдас бөліктердің: көндік заттардың, майлы заттардың, толықтырғыштардың т.б. тығыздығына байланысты болады.

Тығыз заттадың көлемінің шын тығыздығын анықтау да майдаланған үлгіні, оның саңылауларын толтыратын, бірақ былғары және былғары тканінің ісінуіне және олардың құрамдас бөліктерінің жуылуына әсер етпейтін сұйыққа салу арқылы жүргізіледі. Бұл мақсаттарда керосинді жиі қолданады: ксилол, толуол да қолдануға болады. Бұл әдісті былғары немесе былғары тканінде осы еріткіштерде еритін заттар болмаса ғана қолдануға болады. Бұл әдіс бойынша былғары мен мехтің тканіндегі салыстырмалы және шын тығыздықты және олардың кеуешіктігін анықтауды екі тәсілмен жүргізуге асыруға болады.

Бірінші тәсілде, былғарыны немесе былғары тканін ені 2-3мм ұзындығы 20мм болатындай етіп бөліктерге майдалайды. 5-10 г. Майдаланған үлгіні техникалық таразыда өлшеп , сыйымдылығы 50млпикнометрге немесе өлшемді колбаға салып, бюреткадан керосин құйып белгіге дейін жеткізеді. Құйылған керосин көлемі Ү1 өлшейді, ал пикнометрді тығынмен немесе сүзгі қағазбен жауып бір тәулікке қалдырып қояды. Осы уақыт ішінде былғары немесе былғары тканінің саңылаулары сұйықтықпен толып пикнометрде белгілі тұрақты деңгей орнығады. Пикнометрге тағы да белгіге дейін молшерін Ү2 өлшеп керосин құяды.

Пикнометр көлемі Ү0 мен оған бірінші және екінші рет құйылған керосин көлемінің айырмасы былғары немесе былғары тканінің тығыз затының шын көлеміне тең.

Үшын= Ү0 – (Ү1 + Ү2).

Пикнометрден керосинді төгіп , майдаланған үлгіні сүзгіш қағазға жайып бет жағынан абайлап (қыспай) керосиннің артығын кетіреді. Сонан соң үлгілерді толығымен сол (кептірілген) пикнометрге салып, оған белгіге дейін керосин құяды.

Пикнометр көлемі Ү0 мен бұл жолғы құйылған керосин көлемінің Ү1 айырмашылығын, былғары немесе былғары тканінің тығыз заттары мен олардың кеуектерінің қосындысы көлеміне , яғни салыстырмалы көлеміне Үс тең.

Шын және салыстырмалы көлемдер белгілі болса , былғары немесе былғары тканінің оған сәйкес тығыздығын , сонымен қатар кеуек көлемін табамыз. Және кеуектегі К табады.

Үкеуек = Үе – Үшыны К =Үкеуек100 . Үс

Кеуекті, салыстырмалы және шын тығыздық негізінде де есептейді.

К=ρ шын – ρ с 100.. ρ шын

Екінші тәсіл біріншіге қарағанда аз еңбек талап етеді жылдам және дәл жүргізеді.

Былғары немесе мех тканінен (жүні қырқылған) 40 × 40мм өлшемді үлгі кесіп алып оның бес нүктесінен қалыңдығын өлшеуішпен орташа қалыңдығын анықтайды. Үлгіні аналитикалық таразыда өлшеп, керосині бар стаканға салады. Стакаанды вауумді шкафке немесе вакуумді эксикаторға қойып, 5 минут ішіндеодан ауаны сорып алады. Содан соң үлгіні керосиннен шығарып, үлгіні беттерінен абайлап керосинннің массасын табады. Керосиннің массасын және тығыздығын біле тұра (алдын – ала ареметрмен анықтайды.) Оның алған көлемін оңай анықтайды.

Жоғарыда келтірілген формулаларды пайдалан отырып былғары немесе былғары тканіннің кеуектің, олардың шын және салыстырмалы тығыздығын есептейді. Бұл кезде үлгіні өзінің көлемін оның орташа қалыңдыған ауданына көбейту арқылы анықтайды.



Дәріс № 11. Ауа өткізгіштігін анықтау.

Су тартқыштықты және су өткізгіштікті анықтау
Былғары және мех тканінің ауа өткізгіштігін саналатын үлгінің екі жақ бетіне қысым айырмашылығы арқасында ауа өткізу қабілеттілігімен сипатталады.

Былғары немесе былғары тканінің ауа өткізгіштігі оның кеуектігімен, демек, былғары және тері өндірісі тәсілімен тығыз байланысты. Сонымен қатар ауа өткізгіштік, былғары және былғары тканінің бумен жылу өткізгіштіген байланысты, олар өнімнің гигиеналық қасиеттерін сипаттайды.

Былғары және былғары тканінің ауа өткізгіштігі арнайы аспапта анықтайды. (5- сурет)

Ауа өткізгіштігі көрсеткіші ретінде үлгіні екі бетінің қысым айырмашылығы 9,81гПа болғанда 1 см2 сыналатын үлгінің ауданына 1 сағ ішінде өтетін куб.см ауа көлемі болып табылады.

Сынау үшін диаметрі 5,5см дөңгелек үлгіні пайдаланады. Сынаудың алдында, түтік 1, мен ұштық 8 ара қашықтығын 100мм тең етіп қояды. Сонан соң аспаптың ауа кірместік саңылаусыздығын тексереді. Бұл үшін қысқыштар 3 және 7 жауып, цилиндр тығынын 2 ашып, оған жоғарғы деңгейіне дейін су құяды, сонан соң қышқыщ 3-ті. 3-тік суға толу үшін сәлашады.

Резина сақинаға 6 ауа өткізбейтін дөңгелек материалды, (резина полимер) қойып, оның үстіне үйкеліс тығырығын 5 салып, камераның тығынын 4 соңына дейін бұрып бекітеді. Цилиндрді тығынмен жауып, қысқышты 3 ашады. Бірнеше тамшы аққаннан соң, су цилиндрде тұрақты деңгейде тұруы керек. Егер цилиндрде су деңгейі төмендесе немесе үштіксе тамшылар пайда болса, онда цилиндрдің тығынын тығыз жабылмағаны. Егер резеңке түтік 9 ауа жіберсе, онда цилиндрде жоғары көтерілген ауа көпіршіктері байқалады.

Аспаптың санаусыздығын тексерген соң, цилиндрден үлгісіз су ағуы жылдамдығын тексеріп реттейді. Су ағу жылдамдығы 20±3 температурада, 20±1 ішінде 100мм болу керек. Жылдамдықты, үштіктің 8 шығатын ұшының диаметрі мен түтік 9 диаметрі мен ұзындығының өзеруімен реттейді.

Резеңке дөңгелектің орнына былғары немесе былғары тканінің сыналатын үлгісін қойып,оған үйкеліс тығырық салып қақпақ 4 айналдыру арқылы тығыз қысады. Қысқыштар 3 пен 7 жауып, цилиндр тығынын ашып оған 20±3 0С температурадағы суды тығынына дейін құяды. Содан соң тығынды герметикалық жауып, алдамен 3, сонан 7 кысқштарын ашады.

Бұл кезде цилиндрдегі су деңгейі төмендей бастайды. Ол , қалай цилиндрдің нөлдік бөлігіне теңескенде секунд өлшеуішті қосып, 100мг су цилиндрден аққаннан сон секунд өлшегішті тоқтатып қысқыштарды жабады. Цитлиндрге су құып, сол үлгіні екнші сынақтан өткізеді. Сынауды аяқтағанан кейін қысқышты жауып, камера қақпағын ашып, үлгіні алады.

Егер, былғары немесе былғары ткані ауданы өте баяу өткізсе, сынауды 30минут ішінде жүргізеді. Сонан соң 110 куб см ауаның үлгі арқылы өтетін уақытын есептейді. Абсолютті ауа өткізгіштің сынау нәтижесін Аа секунд, мына формуламен есептейді:

Аа= t-t 0

Бұл жерде; t-100 куб см ауаны өткізуге кеткен уақыт.с; t 0 – үлгісіз, аспаптан 100куб см су ағу уакыты, с.

Түпкілікті нәтижені , екі анықтаудың арифметикалық орташа көрсеткішбойынша есептейді. Егер, бір үлгінің паралельді сынаудың нәтижесі арифметикалықтан орташадан ±3 праценттен көп ауытқыса, сынауды қайталайды. Салыстырмалы ауа өткізгіштік:

Ас =Ү×3600/SAm

Бұл жерде: Ас =Ү – үлгі арқылы өткен ауа көлемі (сынау шарты бойынша 100 куб. См-ге тең), S-10 см 2 тең үлгінің жұмыстық ауданы: Aм – абсолюттік ауа өткізгіштік, с.


Су тартқыштықты және су өткізгіштікті анықтау

Мех және былғарыдан жасалған бұйыдарды пайдалану кезінде судың әсеріне ұшырайтын болғандықтан оның әрекетіне белгілі тұрақтылығы болуы қажет. Мехтің және былғарының бір бетімен жанасу жағдайларында суды суды өткізу қабілетін, екі көрсеткішпен сипаттауға болады; су тартқыштығы және су өткізгіштігі.

Су тартқыштық біріншіден былғары және мехтің шикі және сыртқы қабатынан сумен ылғалдау қабілеттілігіне байланысты болады. Су тартқыштыққа илеу түрі, былғары және былғары тканінің қалыңдығы және тығыздығы, енгізілген майлаушы және толықтырушы заттардың табиғаты және мөлшері, әрлеу және басқалар ықпал етеді.

7 сурет. Қозғалмайтын жағдайларда су өткізгіштікті анықтайтын аспап

Былғары және былғары тканінің тез су тартқыштығы оның тез су болғыштығының дәлелі бола алмайды. Былғары және мехтің былғары ткані тез су тартканмен, су өткізгіштігі төмен болуы мүмкін. Бұл өзең құрылымының элементтері мен оған енгізілген заттардың (толықтырғыштарға ж.с.с.) ісінуіне байланысты болады. Ісінген соң олар өзеңдегі құралам аралық кеңістікті толықтырып , судың ары қарай өтуіне бөгет жасайды. Былғары және былғары тканінің су өткізгіштігі, алдын ала дымқылданудан кейін олардың өткізу қабілеттілігімен сипатталады. Су тартқыштық сияқты су өткізгіштік илеу түріне, былғары және былғары тканінің кеуектігіне және толықтырғыш заттардың мөлшеріне байланысты болады.

Су тартқыштық пен су өткізгіштікті анықтау әдістерін былғары және мехтің сыналатын үлгісіне судың әсеріне байланысты екі топқа бөлуге болады:



  1. Статикалық, яғни сыналатын қозғалмайтын жағдайларда анықтау әдісі;

  2. Динамикалық, судың әсерін механикалық қозғалмалы жағдайларды анықтау әдісі.

Былғары және мехтің су тартқыштық және мехтің су өткізгіштігінің өту статикалық анықтау әдістері әртүрлі, олар коп елдерде кеңінен колданылады.

Бірақ, былғарының кейбір түрін сынауда, әсіресе аяқ киімге арналған былғарыда, бұл әдістер, былғарының пайдалану жағдайларындағы су тартқыштығы мен өткізгіштігін бағалауда тиянақты сенімді нәтижелер бермейді.

Біздің және шет елдерде, белгілі дәрежеде қию жағдайына ұқсайтын, динамикалық аяқ киім былғарысының су тартқыштық және су өткізгіштігін сипаттайтын аспаптар жасалған. Бұл аспаптар, үлгілерді сынау, илеу сипатымен , сынау көрсеткіштерімен, жасалу конструкциясымен өзгешеленеді.

Статикалық жағдайларда сынау. Статикалық жағдайларда былғары және мехтің былғары тканінің су тартқыштық және су өткізгіштігінің анықтауды арнайы жасалған 9,81 кПа тең жоғарғы қысымда жүргізіледі (7 сурет).

Сынауды схемасы 7 суретте көрсетілген аспаппен жүргізеді. Аспап негізден 1 және қаңқадан 2 тұрады. Негізге металлды түтік(труба) бекітілген, оның жоғарғы бөлігіне суға арналған резервуарлар тұғыр және төрт сынау жүргізетін камера 10 бекітілген. Үлгінің беткі жағын төмен қаратып камераға 10 салады. Камераның сыртқы жағында қақпақты бұрайтын оймасы бар . Қақпақ металлды сақина түрінде жасалған. Сақина мен үлгінің арасына үйкеліс тығырығын қояды. Қақпақты бұрағанда үлгінің шеттері камераға тығыз қысылады. Қақпақтың ішкі диаметрі және камераның ішкі тесігінің диаметрі 3,56 см тең, ауданы 10см2 сәйкес келеді, клапан кнопкасын 3 басқанда түтікшілер системасынан суды кептіруге болады. Гридуирлейтін түтікшкнің 5 төменгі ұшы 100 см биіктікте тұрады.



8 сурет. Қозғалмалы жағдайда су өту, су болғыштықты анықтайтын аспап (а) және үлгіні бекітіетін ұя (б)

Стопорлы бұранданы 9 босатып үлгімен жанасқан цилиндрді 8 төменге түсіруге болады.

Қаңқаның ішіне аспаптың электр жабдықтары орналасқан. Жабдық оған бекітілген камералармен бекітілген және қысатын контактпен (цилиндр 8) төменгі кернеуде болады. (20-В). Әлгіден су өткенде, аспаптың сыртымен және қысатын контакттың арасында су болған үлгі арқылы электрлік тізбек пайда болады да реле жұмыс істейді, ол секунд сынағыштың жұмысын ток салалы, сонда сигналды шам жанып, дыбысты сигнал береді. Үлгіден су өткен кезде аспаптың сигналды системасының сегментін жөндеп күнге кептіру, оның артқы қабырғасында орналасқан тұтқалармен жүргізіледі. Аспап өте сезгіш камераның қысқыш контактісіне жай ғана тиіп кетуінің кезінде электорлы тізбек тұйықталып, сигналды шам жанады да секунд санағыш жұмысын тоқтатады. Сондықтан үлгіні саларда камераны электрлік тізбектен ажыратады, бұл кезде секунд сынағыш қосылып тұрса, онда ол жұмысын тоқтатпайды.

Су тартқыштығын анықтау үшін сыналатын үлгіні камераға 10 салып, камераның қақпағын бұрап жабады. Стопты бұранданы 9 босатып, цилиндрді 8 үлгінің бетіне түсіреді. Осындай жағдайда цилиндрді бұрандамен 9 бекіткен «жүйе» түмбдерді қосады, бұл кезде жасыл шам жанады. Градуирлы түтіктің 5 ұшында резіңке түтікше 4 кигізіп,қысқышты 6 ашып, шыны түтікте 7 бу пайда болғанда, сол камераның секунд сынағышын қосады. Клапан кнопкасы 3 басын түтікте 7 су өтуін байқайды. Ауаның соңғы көпіршігінің өту уақытын дәл белгілеп, клапан3 кнопкасын жібереді, қысқышты 6 жабады және традуирлі түтікшеден 5 резіңке түтікше босатады.

Үлгі су болғанда секунд санағыш сынау басталғанннан өткен уақытты белгілеу үшін автоматты түрде өшіріледі және сынағыштың үстіне де қызыл түсті шам жанады.

Үлгіні камерадан алмас бұрынсекунд санағышты өшіріп, клапан3 кнопкасына басу керек, бұл кезде су түтіктер системасынан ыдысқа құйылады.

Келесі үлгіні сынау алдында сол камерадағы, секунд санағыш корсеткішін нөлге келтіреді. Су тартқыштықтың корсеткіші ретінде үлгінің сумен беттескен уакытынан бастап, үлгінің қарама қарсы бетіне оның бірінші тамшысы пайда болғанға дейінгі секунд саны болып табылады.

Су өткізгіштің көрсеткіші былғары немесе былғары тканінен 1см квадрат арқылы 1 сағат ішінде откен мм су молшері болып табылады. Су өткізгіштікті анықтау үшін , алдын ала 24 сағ бойы 20±200С температурада суланған сыналатын үлгіні камераға 10 салып қақпағын қақпағын бұрап жабады. Цилиндрді8 жоғарғы кеніші бекітіліп, градуирлі түтікшенің 5 ұшына резінке түтікшені кигізіп қысқышты 6 ашады. Шыны үтікте 7 су пайда болғанда секунд санағышты қосады. Клапан 3 кнопкасын басып түтіктерден 7 соңғы ауа копіршігі шыққан соң клапан кнопкасын 3 босатады. Қысқышты 6 жауып, градуирлі түтіктерден резінке тетікті ажыратып, басын 3 кнопкасына барып, градуирлі түтікшенің су деңгейін оңдық бөлікке дейін жеткізеді.

Суды жылдам өткізетін үлгіні сынау кезінде , ол арқылы 2 мл суды өткізеді(оған кем дегенде 2 сағ уакыт кету керек). Содан кейін , аспаптың грдуирлі түтікшесіндегі , су деңгейін 0,05 мл абсолютті кателікпен белгілеп аукытты санағыш арқылы есептейді. Сонан сон үлгі арқылы 5 мл. Суды өткізіп түтікшедегі оның денгейін және уакытты санағыш арқылы тағы анықтайды. Су денгейіне және карап, сәйкес уакытта үлгі арқылы өтетін су молшерін есептейді. Егер үлгі арқылы 2 сағ азғана су өтсе, сынауды тағы 2 сағатқа ұзартады.

Үлгілердің әрқайсысымен кем дегенде 2 анықтау жүргізіледі, олардың әрқайсысындағы айырмашылығы орта шамадан 10%аспауы керек.

Сынау 20±20С температурада жургізілуі керек. Су өткізгіштік С, мл (см2 саг) мына формуламен есептеледі: 

Бұл жерде: Ү- сынау үлгісі арқылы сынау уақытында өткен су мөлшері, мл, t- сынау уақыты,с;S-үлгі ауданы,см2.

Динамикалық жағдайларда сынау . Аяқ киім және басқа да былғарыдан жасалған бұйымдардың әртүрлі бөлшектері пайдалану кезінде түрлі-түрлі деформацияға салынады. Сондықтан былғарының міндеттеріне қарай су тартқыштықты және су өткізгіштікті лабороториялық қозғалмалы жағдайда сынау тәсілі үлгінің әр-түрлі сипаттағы деформациялық әсері бойынша жүргізіледі. Былғарының су тартқыштық және су өткізгіштік динамикалық жағдайда анықтау әдістерінің көбісі аяқ-киімнің жоғарғы жағына арналған былғарыны сынау үшін жасалған, 8 а – суреттегі ЦНИИКП –де жасалынған аспаптың схемасы берілген. Аспап былғары үлгісін коп рет майыстырады және созады( немесе тек майыстырады, немесе тек созады).

Сонымен бұл ьелгілі дәрежеде сыналатын аяқ-киімнің жоғарғы жағының қию кезінде болатын әсерлеріне ұқсайды. Осындай жағдайда су өткенге дейінгі уакытты және де үлгі арқылы белгілі уақыт аралығында өткен су мөлшерін анықтайды.

Аспапта бір мезгілде қатар екі үлгіні сынауға болады. Аспаптың металды үстеліне 1-2 жұп тік тіреулер 3 және 9 бекітілген тіреудің әр жұбына бағыттаушы 6 мықтап бекітілген, оған екі қысқыш 4 және 7 орналасқан.

Қысқыштың әрқайсысында үлгіні 16 бекітуге арналған 15 орналаскан (8,6-сурет) . үлгіні ұяда бекіту бұрандамен 5 және қысылатынсынаның 14 көмегімен жүргізіледі.

Қысқыш 4 қатты тіреуге 3 мықтап бекітілген және бағыттаушы бойынша 6 ешқайда қозғалмайды. Қысақыш7 бекітілген үлгісімен бірге бағыттаушы 6 бойымен редуктор 11 және кривошипті шатун михонизммен, сынакты белдік (клиноременді) беріліс арқылы электродвигательдің көмегімен еркін қозғала алады.

Жылжымалы қысқыштан 7 бағыттаушыға дейін аралық үлгінің жұмыстық ұзындығын көрсетеді, оны гайка 10 комегімен реттеуге болады. Жылжымалы қысқыштың жүру шамасының 1-ден 20мм өзгеруін эксцентрикті тиектің эксцентритетімен 13 реттеуге болады.

Сыналатын үлгінің астында суды тигізу үшін ванна 8 қызметт етеді, оны котеру және томендету тұтқаның 2 көмегімен жүргізеді.

Су құйылған ванна суымен төменгі жағдайда бекітілген үлгінің астынан жеңіл еркін алады.

Тұтқа 12 аспаптың сынау аяқталған секциясының қозғалысын тоқтату үшін қызмет етеді.

Аспап илеу санын белгілеп алу үшін әр секцияда, сигналды қондырғыда орналасқан санағыштармен жабдықталған.

Аспапта 3 жылдамдықта сынау жүргізуге болады: минутына 24, 70 және 120 қос жүрістен. Электр двигателін қосқанда жылжымалы қысқыштар бағыттыушы 6 бойымен ілгермелі –қайтармалы қозғалыс жасайды. Бұл кезде ұя да бекітіліп, суда тұрған үлгілержиырылып жазылады (деформацияланады). Қысқыштар ара қашықтығына, жылжымалы қысқыштың жүру шамасы және үлгінің жұмыстың ұзындығының қатынастарына сәйкес үлгілер иілу мен созылуға немесе тек иілуге, немесе тек созылуға дұшар болады.

Су тартқышты анықтау, үлгінің ылғалдылығы электр өткізгіштіктің өзгеруіне негізделген. Бұл үшін, сигналды қондырғы қызмет етеді. Аспапта үлгі екі контакт арасында бекітілген. Контакттың бірі үлгіні астына шаятын, жерге қосылған су болады. Екінші контакт қозғалмайтын қысқышта бекітілген. Екінші контактіні үлгінің барлық жұмыстық бетіне толық түйістіру үшін үлгіге салатын 3 аңшылық бытыраны (масса 110гр) қолданады. Үлгіден су өткен кезде ол автоматтты турде сигналды қондырғыдан ажыратылады,бұл кезде сигналды шам жанады. Сынау жургізу үшін былғарының физико-механикалық сынауларға арналған учаскесінен өлшемі 90х80мм тікбұрышты формадағы екі үлгіні кесіп алады. Үлгінің ұзын жағы жота сызығының бойына орналасуы керек.

Юфтінің су тартқыштығының және су өткізгіштігінің анықтауда үлгінің біреуі шаңмен майсыздандырады.

Үлгілерді қысқыштардың ұясына олардың ең алыс ара қашықтығы, 60 мм болғанда сыналар 14 және бұрандалар 5 арқылы қатты бекітеді. Үлгі беткі жағымен төмен суға қаралып тұруы керек. Бекітілгеннен кейін ол қатты керілмей жазылып тұруы керек. Үлгінің ішкі жағына 110 г. Кептірілген және салқындандырылған бытыраны салады. Үлгінің астына ең төменгі шекараға ваннаны 8 қояды, оған сынау кезінде үлгі 100 мм батып тұратындай етіп 100 мл су құяды. Ваннаны ең жоғарғы шекараға дейін көтеріп двигательды және сигналды системаны қосады. Қысқыш минутына 70 қос жүріс жылдамдығымен үлгіні иліктіріп қозғала бастайды.

Үлгіден су өткенде сигналды шам жанып, ол аспапты тоқтатпайанықтау секцияларын өшіреді. Сынағышпен қос жүрістің су өткенге дейінгі санын белгілеп, тұтқамен 12 су өткен үлгі секциясын тоқтатады. Үлгінің су өткізгіштігін анықтау кезінде ваннаны сумен ен томенгі шегіне дейін түсіріп басады, қысқыштағы үлгіні де босатып және ондағы бытыраны төгеді. Шкивті айналдыру арқылы қысқыштар арасындағы арақашықтықты 60мм тең етіп, қайтадан үлгіні қысқышқа бекітеді. Үлгінің ішіне кептірген және салмағы өлшенген сүзгі қағазды қояды. Ваннаны ең жоғарғы деңгейге дейін көтеріп, электр двигательді қосады. Сынау басталғаннан 1 сағат өткеннен кейін аспапты тоқтатып, сүзгіш қағазды абайлап алып және салмағын өлшейді, ал оның орнына жаңа салмағы өлшенген сүзгіні қояды.

Аспаптың жұмысын тағыда 1 сағат жалғастырып, сонан соң үлгіден алынған қағаздың салмағын өлшейді.

Үлгі арқылы су жылдам өткенде су жиналмас үшін сүзгіш қағазды жиі ауыстырады.

Су өткенге дейінгі уақытты минутпен, су өткенге дейінгі, жылжымалы қысқыштың сынағышпен анықталған қос жүріснін санын үлгінің деформациялану жылдамдығының бөлу арқылы анықталады.

Су өткізгішті сынау басталғаннан үлгі арқылы 1 және 2 сағат өткен грамм, су мөлшерін белгілеп, оны сол уақыттағы сүзгіш қағаздың қосымша салмағы арқылы анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет