1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз. А жәмила в күлай с күләндә д дүдамал е ләззат Туынды зат есімді көрсетіңіз


Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз



бет5/5
Дата18.01.2024
өлшемі61 Kb.
#489374
1   2   3   4   5
11 сынып 5,6 нұсқа

20. Бастауыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.
А) Бұл үйдің балалары естияр еді.
В) Бұл істі көпке қалдырмау керек.
С) Бұл күз айында болған әңгіме.
Д) Бұл баланың таланты бар екен.
Е) Мен бұл жағын білмеп ем.


21. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
В) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны бар екен.
С) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
Д) Айжан дүкенге кетті.
Е) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
22. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Мейманым, жақсы жатып, жайлы тұрдың ба.
В) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.
С) Тәк-тәк, айтпа енді.
Д) Таныды да таң болды.
Е) Қой, не болса да кетейік.
23.Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.
Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ.
А) Кезектес салалас В) Ыңғайлас салалас С) Себеп-салдар салдалас
Д) Талғау мәнді салалас Е) Қарсылықты салалас.
24. Бастауыштан кейін қойылған сызықшаны табыңыз.
А) Қыздардың үлкені Майра да, кішісі – Сайра.
В) Қыздардың - үлкені Майра да, кішісі Сайра.
С) Қыздардың үлкені Майра да, кішісі – Сайра.
Д) Қыздардың үлкені - Майра да, кішісі – Сайра.
Е) Қыздардың үлкені - Майра , кішісі Сайра.
25. Диалект сөзді көрсетіңіз.
А) Қара, ат В) Орман, тоғай С) Бөз, боз Д) Оның, соған, тасбиық. Е) Көпшік, дарбаза
26. Басқа тілден енген сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Секунд, пиала, кеуірт В) Иман, үшбұрыш С) Класс, күрке, ханзада. Д) Кірпіш, билет, пальто Е) Әдебиет, зымыран, жүйе.
27. Сөздердің қайталануынан, қосарлануынан жасалған үстеулер қандай тыныс белгісі арқылы жазылатынын белгілеңіз.
А) Жақша В) Дефис С) Қос нүкте Д) Тырнақша Е) Үтір.
28. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Баланың кітабы В) Оқуды бітірді. С) Көпір арқылы өтті
Д) Менің оқушым Е) Хатқа жауап.
29.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
В) Ертең апам келеді.
С) Табиғаттың тұла бойы тұнған сыр,оның тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.
Д) Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
Е) Бүгін жаңа ай туды.
30. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.
А) Ғылыми стиль В) Ауыз - екі сөйлеу стилі С) Іс-қағаздар стилі
Д)Құжаттар стилі Е) Публицистикалық стиль

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет