1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет7/52
Дата26.10.2022
өлшемі233.12 Kb.
#463361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
1. дебиет теориясы ылымыны діснамалы а идалары дебиет тео

12. Әдеби ағым. Сентиментализм ағымы
Әдеби ағымдар көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі ықпал әсері кеңейіп, жазушының суреткерлік дүниетанымы мен шығармашылық поэзиясы даралана бастаған кезде пайда болады. Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдарды қайта өрлеу, барокко, классицизм, ағартушылық әдебиет, сентиментализм, романтизм, реализм, натурализм, символизм деп бөлуге болады. Әдеби ағым – тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
Осы тұста (ХУІІІ ғасырдың орта кезінде) өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (французша «sentimentalisme» – сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан – ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» (ағымның аты да осыдан алынған) басталды да, кейін Францияға (Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Ресейге (Карамзин, жас Жуковский) ауысты.
Сентименталистердің идеялық тұрғысы – елде енді-енді орнығып, нығая бастаған жас буржуазияның идеологиясы; творчестволық объектісі – сарай маңындағы ақсүйектер өмірі емес, кәдімгі «орта қол» адамдардың күнделікті тіршілігі, солардың көңіл-күйлері, жеке бастарына тән күйініш-сүйініштері, қуаныш-реніштері; негізгі тақырыбы – әдеттегі семья тұрмысы; негізгі қаһармандар – алпауыттар, қолөнершілер мен қарапайым шаруалар. Көркем шығармаларға мазмұн болған оқиғалар енді сарай маңынан аулақ, ашық-мөлдір аспан астына, көктемде құлпырған көк майса шөп үстіне, өзен жағасына, жасыл төбе баурайына көшірілді.
Адамдардың көңіл күйлерін сентименталистер осынау сұлу табиғат көркімен ұштастырып, бір алуан сезімдер мен сырлар қозғау – «жан тебіренту» тәсілдерін тапты. Ағымға тән осы ерекшеліктер енді әдеби жанрлардың да бұрын көп өріс алмаған (элегия, психологиялық роман, мещандық драма, «жылауық комедия» атанған) жаңа түрлерін туғызды.
13. Модернизм және постмодернизм
Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.
Постмодернизм – заманауи философиялық ағым, жаңа әлеуметтік-саяси өмірдің шындығын жеткізетін көркемдік әдіс. «Сананы тұрмыс билейді» деген әркім білетін аксиома тек адамзаттың әлеуметтік сапасына қатысты емес, адамзаттың рухани дүниесіне де, оның ең биік сипатының бірі көркемөнерге, сөз өнеріне де қатысты. 
Қазіргі постмодернизм бағытында ізденіс жүргізіп жатқан қаламгерлердің еңбегі бар. Бұл көбінесе шағын жанрларда, өлең мен әңгімелерден көрінеді. Бізге ертеңгі ұрпаққа сөз өнерінің озығы ретінде көрсете алатын шығармалар тууы керек. Қазір сюжет көп, толған проблема, кейіпкерлер де айналамызда алуан түрлі. Қазіргі заманның шындығын сериалдар мен жеңіл жанрлар, әзіл-оспақ көрсетіп жатыр. Олар көркем дүние емес, тауар, ғұмыры қысқа эстетикалық құндылығы жоқ дүниелер. Осы порталдардан біраз әңгімелер оқыдым. Жақсы әңгімелер бар, дегенмен көпшілігінің көркемдік-бейнелілік сипаты әдеби шығарма деуге сай емес. Жастар жақсы шығармаларды көп оқу керек, үйрену керек. Олардың жаңашылдыққа деген ұмтылысы қуантқанмен, нәтижиесі ойландырады. Бұрын мұндай шығармаларды газет-журналдар жарияламайтын. Постмодернист жазушылардың озық үлгілерін оқып, түсініп, бүгінгі шындықты заманауи үрдісте жеткізу маңызды. Абай да, Мағжан да, Мұқағали да шығармашылықтың үйрену, еліктеу кезеңінен өтті. Кейін сол тұлғалармен тең тұратын, бәсекелесе алатын дүниелер тудырды. Осындай алыптардың жолымен жүрсек әдебиет артта қалмайды. Қаламгерлерді өнері дамыған өзге елге жіберіп оқытудан көрі, болмаса әлемнің қаламгерлерін жинап жиын өткізуден көрі бұл жолды таңдаған әрбір жас бұл ағымның биігінде тұрған туындыларды жеке, оқи отырып бойға сіңіріп, терең түсініп, жүрекпен қабылдаса тиімді болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет