1. Ежелгі Қосөзен жеріндегі мемлекеттердің қалыптасуы мен мәдениеті Қосөзен өркениеті


Ежелгі Қосөзен жеріндегі мәдениет



бет3/3
Дата05.04.2023
өлшемі13.37 Kb.
#471762
1   2   3
Ежелгі Қосөзен жеріндегі мемлекеттердің қалыптасуы мен мәдениеті

3. Ежелгі Қосөзен жеріндегі мәдениет

Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археологиялық зерттеулер мен антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда түсірді.


Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы Азия халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабыл-дан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда фран¬цуз ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда болуына әсер еткен. Онымен ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан тұрғындары пайдаланған. Оның өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған. Ол кезде аморитяндар (франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын шығарған. Бабыл жазуын әуелде шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл семиттері мен акадтар үйренген”.
Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөздерден тұратын болса, шумер сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір ғалымдар шумерлер бұл жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып келген деп те санайды. Ендеше, оның жазуы Алдыңғы Азияның халықтарына қалайша кеңінен тарап жүр? Біздіңше, тілдік-этностық туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама мәшһүр болуы, сол кездегі шумер мәдениетінің жетекші орын иеленуіне байланысты болса керек. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа түсіретін аяқпен теппе зырылдауықты, диірменді, соқаны, доңғалақты, желкенді қайықты, мыс, қола құймаларын, күн тізбесін алғаш ойлап тапқан жұрт. Шетінен математик, астроном, жер өлшеуші. Заңды, аспан денелерінің адам организміне әсерін жүйелеген. Гемопатиялық медицина қалыптастырған. Олардан қалған қыш тақтайшаларының талайы ежелгі рецептер мен ібіліс сиқырынан аман сақтайтын магиялық формулалар болып шықты. Құрылыста арка, күмбез, нақыш, фриз, шыны шытыра, тас қашау, металл безендіруді бірінші боп пайдаланыпты. Арасына сабан, қамыс салып, қам балшықтан кіріш басу, қыш кіріш, ағаш бөлшектерден үй салуды кең өрістеткен.
Тұрған үйлері төрт бұрышты, қосқабатты, ішкі аулалы, аспалы бақты болған. Су құбырларын тартқан. Қалаларының қақ ортасында жебеуші тәңірінің құрметіне арналған алып ғимарат орнатқан. Сәулет өнерімен бірге мүсін өнерін де өрістеткен. Музыка аспаптары мен музыка теориясын да бірінші боп ыждаһаттаған шумерлер. Аспан-Жер-Жерасты бір-бірімен бағыныштылық жолымен байланысып тұрған кешенді құбылыс деп түсінген. Сол нанымға негізделген заң жүйелері бар. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ХІХ ғасырда диірмен тасқа (базальт) Бабылдың ұлы падишасы Хаммуранидың 282 баптан тұратын сот тәртібі қашалып жазылған. Заңды патшалар емес, құдайлар ойлап табады деген ұғым олардың қатал орындалуын қамтамасыз еткен. Құдай бақилық. Оған ешкімнің күші жетпейді. Ал адам пәнилік. Оның құдаймен, табиғатпен, басқалармен қарым-қатынасы осыған негізделген. Атақты Гильгамоштен бастап, шумер мифтері осылай үйретеді. Шумерлердің өздерін де, жазуларын да өміршең етіп жүрген осы іргелі мәдениеті. Әйтпесе, олардың патшалығы осыдан бес мың жыл бұрын көршілес Акад мемлекетіне тізе бүккен. Содан қайтып бас көтермеген. Акадтарды жеңген бабылдар да шумер мәдениетінің мұртын шақпастан, одан әрі дамыта түскен. Бабылдардың тез көтерілуіне оң ықпал еткен факторлардың бірі – осы шумер жазуына үйрену арқылы қалыптасқан жоғары сауаттылық еді. Бабылдар тек шумер жазуын ғана емес, сол арқылы келген өнер-білімді де дамытты.
Олардың орнына келген ассириялықтар да солай етті. Оған 1849 жылы ағылшын оқымыстылары А.Г.Лэйрд пен О.Рассамның “Нимрод” төбесінен (ежелгі Ни-невия) тапқан ассириялық патша Аптшурбанипалдың (б.д.ж.д. 668-631 ж.ж) 30 мың қыш қалақшалардан тұратын аса бай кітапханасы айғақ бола алады. Олардың арасынан дәрігерлік, балгерлік, математика, дін, тарих тақырыбындағы еңбектер, ассирия-бабыл-шумер сөздіктері, грамматика оқулықтары шықты. Сөйтіп, шумер жазуын көпке таратып жүрген шумерлер емес, ол жайлаған кеңістік пен олар ойлап тапқан мәдениетті иемденген, оларға қырық қайнаса, сорпасы қосылмайтын Қос Өзен мен Жерорта теңізі жағалауын мекендеген семит халықтары еді. Олардың әліпбиін Кіші Азия мен Африкадағы семит емес халықтар да үйренді. Ақыр аяғында олар ойлап тапқан жазу жүйесі жетіле-жетіле келіп, бастапқы пиктограммалардан басталған суреттіліктен түгел арылып, таза әуезделген (вокалданған) фонетикалық (дыбыcтық) жазуға айналды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет