25. Әл-Фараби ғылымдардың түрлері жайлы көзқарастары.
Ғылымдардың жіктелуі Әл-Фарабидің ғылым мен білімді жіктеуін, көзқарасы мен ұстанымы оның «Ғылымдардың жіктелуі» атты шығармасында анық баяндалған. Ғалым ғылымдарды негізгі бес бөлімге бөліп қарастырды: біріншісі – тіл білімі және оның бөлімдері, екіншісі – логика және оның бөлімдері, үшіншісі – «Ульум әт-та’алим» (математикалық ғылымдар). Бұлар: «әл-’адад» (арифметика), геометрия, «илм әл-маназыр» (оптика), тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика (Al-Farabi, 1975).Төртіншісі – физика және оның бөлімдері, «әл-’илм әл-иләһи» діни ілім және оның бөлімдері, бесіншісі – азаматтық ғылым және оның бөлімдері, фиқһ, кәләм (Al-Farabi, 1996).
Ғалымның білімдерді бұлай жіктеуі Аристотельдің ғылымдарды сыныптауынан біраз ерекшеленді, яғни ғалым антикалық грек ойшылын қайталамады. Ол өзінің ұстанымына сәйкес дұрыс деп тапқан тізбекті жасап, өзінен бұрынғылардан еткен ғылым тізбегін толықтырып, заманға сәйкес пішін берді.Ғылымның жіктелуіне араб-мұсылмандық мәдениетіне сәйкес рең берді. Мұсылман ойшылы ғылым мен білімдерді мынадай реттілікпен жіктеді:
«Ильм әл-луға» (лингвистика): жалпы тілдің, ойлау және адамның күнделікті өмірде таптырмас мәнге ие болуына байланысты білімдердің жіктелуін тіл білімі бастайды. Мұнда әр тілдің негізгі екі бөлігі айтылады, сөз және оның мағынасы арасындағы байланыс мәселелеріне мысалдар беріледі. Сондай-ақ сөздерді пайдалану ережелерінің маңызы мен тіл біліміндегі орны да назардан таса қалмаған. Бір тіл бір ұлтқа тиесілі болғандықтан тіл әмбепатты бола алмайды. Өйткені әр халықтың, қауымның өзінің өміріне, салт-дәстүрі мен жағрафиялық орналасуына сәйкес өз тілі бар.
Физика ғылымының бөлімдері Әл-Фараби ғылымдарды жіктеуде төртінші кезекті «Әл-’илм ат-таби’и уә әл-’илм әл-иләһи» деп атайды. «Әл-’илм ат-таби’и уә әл-’илм әл-иләһи» – физика және метафизика (теология ғылымдары): Физика табиғи денелерді және сол денелерге тән акциденцияларды қарастырады. Олардың құрамын, құрылымын және не үшін бар болатынын айқындайтын заттарды зерттейді. Жаратылыс ғылымын әл-Фараби ірі сегіз бөлімге бөледі:
– Физика кітабы барлық қарапайым және күрделі табиғи денелерді біріктіретін нәрселердің негіздері мен олардан туындайтын акциденцияларды зерттейді.
– Қарапайым денелер мен олардың сандары, сфералар мен олардың бөліктері, олардың сандары, аспан мен материясы, біріккен денелерді қарапайым денелермен салыстыру, жай денелер мен біріккен денелердің жалпы принциптері, аспан мен әлем қарастырылады.
– Табиғи денелердің пайда болуы мен жоғалуы, олармен байланысты принциптер зерттеліп, болмыс және ыдырау кітабы осындай тақырыптарға арналған.
– Акциденциялардың негіздерін және күрделі элементтерден шығатын күрделі денелерді емес, тек элементтерді сипаттайтын енжар қабылдаулардың негіздерін зерттейді. Тастар мен кеніштерді зерттеу «қазба байлықтар» кітабында қарастырылған.
Метафизиканың үш бөлімі Ортағасыр ғалымы әл-Фарабидің жаратылыстану ғылымындағы «әл-’илм әл-иләһи» метафизикасы үш бөлімнен құралады:
А) Дүниегі заттардың онтологиясын және солар арқылы көрініс табатын басқа заттар зерттеледі.
B) Теориялық жеке ғылымдардың мысалы, логика, геометрия, арифметика және тағы басқа осы секілді т.б. ғылымдардың негізгі дәлелдемелерін зерттейді.
C) Дүниеде бар, бірақ материя емес және денеге жатпайтын әрі дененің мәні саналмайтын нәрселерді зерделеді. Құдай мен оның есімдері және Оның әлеммен қарым-қатынасы және сол сияқты т. б. мәселелерді сараптайтын бөлім – теология. Осында аталған бөлімдердің барлығы метафизика кітабында зерттеледі. Ғалымның пікірінше, иләһи ғылым дүниедегі Бірінші Себепкердің бар екенін дәлелдейді: «Иләһи ғылым дүниедегі барлық нәрселер болмыста Содан кейін келеді деп сипаттайды. Ол өзінен басқа кез келген нәрсеге болмыс беретін Бірінші болмыс; Ол өзінен басқа келген нәрсеге бірлік беретін Әуелгі Бірегей» (Al-Farabi, 1995: 87).
Ортағасыр ғалымы ғылымдарды жіктеу реттілігінде бесінші орынға «әл-’илм әл-мәдәни» азаматтық саясат ғылымын орналастырды. «Әл-’илм әл-мәдәни» (азаматық саясат ғылымы) – амалды жүзеге асыратын мінез-құлық пен сипаттарды анықтап, олардың адам бойында көрініс табуы тиіс ерекшелігіне сәйкес орналасуын, тұрақтауын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |