1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Түркілер арасынан шыққан ислам мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдері және олардың қол жеткізген жетістіктері



бет24/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

30. Түркілер арасынан шыққан ислам мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдері және олардың қол жеткізген жетістіктері.
Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Бұдан кейінгі кезеңде Түркі тарихын Ислам тарихынан бөле-жара қарастыру мүмкін емес.Ислам тарихын рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мұхаммед) с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632 (рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар.
Бірінші кезеңі- Ислам тарихындағы ең маңызды кезеңі. Ислам тарихында Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар қайтыс болған соң сахабалар кеңесінде (ижмаһ) Әбубәкір (ғ.с) пағамбардың орынбасары ретінде мұсылмандардың тұңғыш халифасы болып тағайындалды.
Екінші кезеңі- Мүавийе ибн Әбусофиян (636-679) құрған Үмеийе әулеттері халифаты 660-750 жылдар аралығын қамтиді. Бұл кезең біз үшін халифат әскерінің түркі даласына қадам басуымен ерекшеленеді.
Үшінші кезеңі- Аббас тегінен шыққан Абдолла Сәффаһ(722-754) Аббаси халифатын (750 -1258) құрды. Ислам әлеміне Аббас әулеттерінің хали фаты орныққан соң Түркістан да жаңа өзгерістердің куәсі болды.Оның басты себебі 751 жылы бірлескен халифат пен түркі қосыны қытай әскеріне қарсы Атлақ мекенінде ұлы жеңіске қол жеткізгені болды. Сол оқиғадан кейін түркілер Ислам дінін саналы түрде мойындай бастады. 751 жылғы оқиға жөнінде араб тарихшысы Ибн Әсир жазбаларымен қоса қытай жылнамаларында да айтылады.
Төртінші кезеңі- Осман ибн Ертұғрол(1258-1326) негізін қалаған Османлы халифаты (1299-1923) бүгінгі Станбул қаласын жаулап алуымен ерекшеленеді. Исламның саяси халифаты әр кезеңде түрлі құбылыстары, артықшылығы мен пендеуи кемшіліктерімен әлем өркениетіне, білім мен ғылымына айтарлық үлес қосқаны үшін адамзаттың дүниеуи және рухани өрісін қазіргі уақытқа дейін алға жылжытып келе жатыр.
Халифаттың екінші және үшінші кезеңдері арабтардың саяси үстемдігімен бірге араб тілі мен мәдениеті Исламдық дүниетаным арқылы түркі жұртына еніп, бойлады, тамыры тереңге тартты. Содан бастап түркі даласында әдебиет, жаңа түрлерімен қоса жаңа мазмұндағы тақырыптармен де баи түсті.
Исламға негізделген әдебиет пен ғылыми салалар қарқынды түрде дами бастағаны соншалық 750-1050 жылдар аралығындағы кезең ислам өркениетінің “ренесанс-қайта өрлеу” дәуірі іспеттес кейінгі ғасырларда Европада дамыған ғылымның ғажайып жетістіктеріне негіз қалап берді. Оған араб, парсы мен түркі ойшылдары бірлесе отырып өлшеусіз үлес қосты. Әдебиет түрлі жанрда, ғылым түрлі салада үлкен табыстарға қол жеткізді. Әбу Әли ибн Сина (980-1037) терең ойлы философ, медицина ғылмының данышпаны. Оның медицина саласында жазған «қанун» атты еңбегі XXI ғасырдың табалдырығында орыс тіліне аударылып, 12 том болып 30000 данамен жарық көруі исламияттың ғылымдағы жарқын табысы дей аламыз. Ислам діні әлемнің төрт тарапына қанат жайып, беки түсуіне Ислам тарихындағы төрт халифадан (шәдияр- Әбубәкір, Омар, Осман, Әли, оларға Алланың раһметі жауғай) кейін: Қара хан Боғра, Сейфеддин Құтз, сұлтан Бейбарыс, II сұлтан Мұхаммед фтиһ(жеңімпаз) Ислам дінінің өрлеуіне ерекше үлес қосып, исламның жаңа бір белеске көтерілуіне негіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет