1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабындағы рухани-адамгершілік құндылықтар



бет31/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

38.М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабындағы рухани-адамгершілік құндылықтар.
Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған.
«Тарих – и Рашиди» – Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты шығармасы. «Тарих–и Рашидидің» басқа мағлұматтардан ерекшелігі, мұндағы оқиғаның көбін автор өз көзімен көріп жазған. Жəне мұнда басқа түрлі тарихи жазулар сияқты ешбір шұбалаңдық жоқ, бұл тек белгілі бір дəуірді алып, соны əдемі тілмен айқын суреттеген.Шығарманың екінші қасиеті — бұл қазақ тарихы туралы жазылған бірінші кітап. «Тарих – и Рашиди» негізінде жүз жыл ішінде (1450–1546) болған оқиғаны суреттейді. Бұл кез бұрынғы Алтын орда мен Шағатай ұлысының əбден ыдырап, оның орнына жеке хандықтар құрыла бастаған кез. Мұхаммед Хайдар «Тарих– и Рашиди» кітабында осы Шағатай ұлысы мен Алтын орданың қалай азып- тозғанын суреттеп, ол екеуінен тарап шыққан қазақ халқының саяси тіршілігін баяндайды.
Ол әр азаматтың өз қара басын ғана емес, еліне, жұртына, азаматтық борышты адалдықпен атқаруды көздеген адам. Халық алдындағы борыш-парызды адалдықпен орындау – адамның рухани жетілгендігінің, ерлік кемеліне келгендігінің белгісі деген ойлар кездеседі шығармаларында. Халықтың рухани құндылықтардың бірі – ар-намыс екенін жақсы ұққан Мұхаммед Хайдар Дулати, өз іс-әрекеті үшін өзінің моральдік жауапкершілігін түсініп, сезініп, әділетті болуға ұмтылады. Жалпы ойшыл, өз шығармасында адамның адами қадір-қасиетін, бітімін, оның жеке тұлға ретіндегі рухани-мінезділік бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуын қарастырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет