1 Экологияға кіріспе. Экологияның даму тарихы



Дата17.02.2024
өлшемі24.75 Kb.
#492245
1 дәріс


1 Экологияға кіріспе. Экологияның даму тарихы

Табиғат пен адамзат қоғамы арасындағы өзара əрекеттесу тарихи тұрғыда қалыптасқаны белгілі. Адамзат қоғамы өзінің даму тарихының бастапқы кезеңінде экологиялық тепе-теңдік заңдылықтарын білмесе де, қоғам дамуының өзіндік ерекшеліктеріне нұқсан келтірмеген. Дегенмен, уақыт өте келе ол өзін қоршаған ортаның билеушісі ретінде таныта бастады. Жалпы, қоғам мен табиғаттың өзара əрекеттесу тари-хында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.


Адамдардың арғы ата-тегінің пайда болуынан олардың тасты жəне отты пайдалана бастау кезеңіне дейінге уақыт аралығын адам мен оны қоршаған ортаның бейбіт қатар өмір сүрген кезеңі деп қарастырады.
Дегенмен, адамның табиғатқа əсері сол кезеңнің өзінде де көрініс бере бастаған. Ол кезеңде өсімдік жамылғысының өзгеруі болғаны жəне адамдардың ірі шөп қоректі жануарларды (мамонттарды, алып бұғыларды, түкті керіктерді жəне т.б.) толық жойып жібергені дəлелденген. Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық жəне шаруашылықтағы негізгі шикізат көзі болған.
Алғашқы, биогендік кезең ретінде сипатталатын палеолит дəуірінде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған, қарапайым еңбек құралдары мен бұйымдар дүниеге келген. Адамзат табиғатпен етене арақатынаста болатын, оның тіршілігі терімшілік пен аңшылықтан тұратын еді. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытқа созылды, яғни ол ең ұзаққа созылған кезең болды.
Уақыт өте келе адамзат өзіне қажетті ортаны өзі таңдап, сол орта-ны өзіне лайықтап өзгертуге қол жеткізді, осылайша терімшілік пен аңшылықпен қатар жер өңдеуге көшті. Адамның мəдени өсімдіктер өсіру үшін жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дəуірі – екінші, аграрлық кезеңге (б.з.д. VІІІ ғасыр – VІІ ғасырлар) жатқызылады. Бұл дəуір өнеркəсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б.з. ХVІІ ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр. Əлеуметтік-экологиялық жағынан алғанда бұл кезең құл иеленушілік жəне феодалдық қоғамдар заманы болды, адам баласы тұтынушылықтан өндіргіштік сатыға көшті.
Неолит дəуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты таптық қоғам пайда болды, еңбекті ұйым-дастырудың жаңа формалары, жерді өңдеудің жаңа əдістері (ағаштарды отау, шөптесін өсімдіктерді өртеу, жер жырту, т.т.) дүниеге келді. Бастапқыда тиімді болып көрінген бұл əдістердің көлеңкелі жақтары да болды. Ормандарды отау, шалғынды далаларды жырту, дала аңдарын жою нəтижесінде планетаның орасан үлкен аумақтары біртіндеп құмды шөлдер мен шөлейттерге айнала бастады.
Археологиялық жəне палеоботаникалық зерттеулер нəтижелері қазіргі Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің аумақтарында кезінде гүлденген өркениетті елдер болғанын көрсетеді. Адамның шектеусіз əрекеттерінің салдарынан сол кездегі өркениет пен гүлденген оазистер жер бетінен жойылып кетті. Осының қазіргі кезеңдегі көрінісі ретінде бүгінгі Арал теңізі аумағындағы жағдайды мысалға келтіруге болады.
Аграрлық кезеңнен кейін тарихтағы техногендік дəуір басталды, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерту арқылы табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалануды бастады. Сондықтан егіншілік технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы осы кезеңнен бастау алды деуге болады.
Үшінші, индустриялық кезең қоғам мен табиғаттың өзара əрекеттестігіндегі техногендік дəуірдің шарықтау шыңы болды. Ол ХVІІ ғасырдан бастап, ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.
Төртінші, ақпараттық-экологиялық кезеңде өнеркəсіптің дамуы-на байланысты қоғамның табиғи ортаға əсері жаңа сипатқа ие болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттарды жасауға, ластауыш заттардың үлкен аумақтарда таралуы-на жəне ауылшаруашылығын химияландыруға байланысты адамның биосфераға əсері үдеді.
Алғашқы кезде табиғаттағы өздігінен реттелу үдерістері биосфе-ра экожүйелерінің бұл əсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ өндірістік шаралардың қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен қалпына келу қабілетін біртіндеп жоя бастады. Биосфераның биологиялық, химиялық, физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқалатын болды.

    • ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған табиғатқа əсері артып, ғаламдық сипатқа ие болды. Нəтижесінде, табиғи орта қорының сарқылуына байланысты, өндірістің одан əрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни экологиялық дағдарыс байқала бастады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында табиғат пайдалану мəселелері шиеленісті. Осы уақытқа дейін қоғам техникалық жағынан сонша-ма жарақтанбаған болатын. Қоғам (техника) мен табиғат арасындағы «текетірес» табиғаттың пайдасында емес еді. Сонда да табиғатты қорғау ғылымның жеке саласына айнала бастады. Қазір табиғатты қорғау саласындағы жұмыстар мен геоэкологияның интеграция-сы макроаймақтық деңгейде жүріп жатыр. Жеке аумақтармен қатар геосфералардың жеке бөліктерін қорғау бойынша бағдарламалар да құрастырылуда.
Қоғам мен табиғаттың əрекеттестігіндегі индустриялық кезең-нен ақпараттық-экологиялық (постиндустриялық) кезеңге өту пла-нета ресурстарының (биосфераға келтірілген көптеген зақымдарды қалпына келтіру мүмкіндігінің) шектеулі екендігін түсінумен сипат-талады. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың жоғары дəрежеде дамуы, техника мен өндірістік технологияның биосфераға зиянсыз негізде дамуына мүмкіндік бере алады. Жалпы алғанда осы кезеңнің нəтижесі адамзаттың болашағын айқындайды.
Қорыта келгенде, ХХ ғасырда, біріншіден, техногенез үдерісінің дамуы ғаламдық сипатқа ие болды, екіншіден, ақпарат ғылыми-техникалық прогрестің жəне əлемдік қауымдастықтың əлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші ресурсына айналды.


Ғалымдардың пікірінше, ХХІ ғасырдың басты ресурсы қаражат болмақ, ол ақпараттық ресурстармен қосылып, қоғамды басқару тетігіне айналмақ. Қоғамның қоршаған ортамен өзара қатынасы кейбір тұжырымдарда: табиғатты қорғау мəселелерінде, технократтық оптимизмде, экологиялық алармизмде жəне қоғам мен табиғи орта паритеттерінде көрсетілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет