Аймақтық ұйымдар. Аталмыш
ұйымдар белгілі бір
аймақта қатар орналасқан мемлекеттердің түрлі экономикалық,
саяси, әлеуметтік мүдделеріне байланысты құрылған бірлестіктер
мен одақтарды біріктіреді. Олардың ішіндегі ең танымалдары:
- Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы
(ЕҚЫҰ - ОБСЕ). Оның тарихын 1972 жылы маусымда Брюссель
қаласында Еуропалық ұйымға мүше
мемлекеттердің ортақ
мәселелерін шешу жөнінде өткен Ассамблеясынан бастауға
болады. Бұл жиында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі
қағидалары
жарияланып, жалпы еуропалық кеңес шақыру
жөнінде мәлімдеме қабылданды. 1972 жылы 22 қарашада
Еуропаның 33 елі және АҚШ пен
Канада өкілдері Хельсинкиде
көп жакты келіссөздерді бастады. Қатысушы елдердің 15-і НАТО,
7-уі Варшава Шарты үйымының мүшелері, 12-сі бейтарап
мемлекеттер болды. Келіссөздерге қатысушылар 1973 жылы
шілдеде қорытынды нұсқаның мәтінін жасап, оны «Көкшіл
кітап» деп атады және кеңес үш
кезеңмен өткізілетін болып
келісілді.
Бүгінгі таңда ұйымға 57 ел мүше болып кірген. 1992 жылғы
қаңтардан бастап Қазақстан аталған Ұйымның қатысушысына
айналды. 2010 жылы Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ саммитіне
56 ресми өкілге және 8 бақылаушы мемлекеттер қатысып
Қазақстан төрағалық етті.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 жылы
маусымда Шанхай қаласында құрылды. Ұйымға Қытай, Ресей,
Қазақстан,
Қырғызстан,
Түрікменстан
және
Өзбекстан
мемлекеттері мүше.
Мақсаты - Орталық Азия ішкі және сыртқы қауіптеріне төтеп
бере алатын жүйені құру.
Бұл ұйым алғашқыда алдына қойылған Қытай және онымен
шектесетін КСРО-ның бұрынғы республикалары арасында
шекаралық түзету міндеттерін негізінде толық шешті. Қатысушы
– елдермен көп жақты қатынастардың маңызды позитивті тәжірибе
жиналды. ШЫҰ кіретін әрбір ел, ұйым оларға өздерінің
индивидуалды міндеттері мен проблемаларын шешу үшін
ұжымдық рычагтарды қолданудың үлкен мүмкіндіктерін береді
деп санады.
Сондай-ақ, аймақтық ұйымдар қатарына ОИС (Ислам
Ынтымақтастығы Ұйымы), АСЕАН (Тынық
мұхит аймағы
елдерінің ұйымы), ОАГ (Араб елдері мемлекеттерінің Ұйымы),
ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) т.б. жатқызуға болады.