Ғылымның философиялық негіздері
Ғьлымның бүкіл даму тарихында оған философиялык идеялар мен принциптер зор әсерін тигізіп отырды. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап неопозитивизмді жақтаушылар ғылымды, өздерінің пікірі бойынша, еш мәні жоқ философияның немесе метафизиканың1 ықпалынан босату үшін көп әрекет жасады. Осы мақсатпен олар философия мен ғылымның арасына шекара қою программасын үсынды. Бұл программа бойынша, философиялык, идеялар мен принциптер шыңдыкта объектісі жоқ жалган пікірлер деп жарияланды, өйткені оларды эмпириялык, тексеру мүмкін емес. Егер эмпириялык, тексеру мүмкіндігі түрғысылан гана багаласа, онда таза математикалық білімдер де, тіпті жаратылыстанудың жалпы теориялық кагидалары да жалган деп жариялануы тиіс кой. Шынына келгенде, философияның және абстракциялық ғылымдардың жалпы қағидаларының эмпириялык, тексеруге көнбеуі олардың объективтік мазмүнын жоққа шығара алмайды. Бұл жағдай философия мен абстракциялық ғылымдардың эмпириялык, ғылымдарға жатпайтылдьпъшьщ ғана көрсеткіші болып табылады.
Философияның ғылыми білімді негіздеудегі рөлі. Ғылыми білімді негіздеу зерттеу нөтижелерінің дәлдігі мен дәлелділігін, объективтік ақиқаттығын және оны тексеруге болатындығын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай негіздеуде теориялық жагынан түсіндірудің рөлі ерекше зор. Мүнда теориялық және эмпириялык, терминдер арасындағы сәйкестікті анықтау жолымен теориялық зандардан эмпириялык, зандар қорытып шығарылады.
Философияның ғылымды дамытудагы эвристикалық және болжаушылық рөлі. Дүниеге көзқарастың негізі ретінде философия пайда болған бастапқы кезінен бері адамды қоршаған дүниенің шығуы мен құрылысы, ондағы заттар мен қүбылыстардың себептері сияқты т.б. жалпы проблемаларды талқылаумен келеді. Бұл талқылаулардьщ нөтижесі кейде ғылымның алдағы бірнеше гасырлар бойғы дамуына жол көрсеткен кейбір данышпандық болжаулардың жасалуына алып келді. Сондай болжамдардың бірі Демокрит үсынған материяның атомдық құрылысы жайлы идеясы еді. Бұл ілім антик заманындағы алғашқы түрпайы материалистік көзқарастарға гана емес, ең алдымен дүниенің өзгерісі мен дамуын теріске шығарған Парменидтің біртүтас өзгеріссіз болмыс туралы іліміне карсы бағытталған еді.
Дүниенің Мұндай бейнесіне Демокрит те қарсы шықты. Ол дүниедегі заттардың бәрі ең үсақ бөлшектерден -атомдардан түрады, әрі қарай одан үсақ бөлшектерге бөлінбейтін (грекше аіотк -бөлінбейтін дегенді білдіреді) бұл атомдар бос кеңістікте үдайы қозғалыста болады, өзара түрліше біріге отырып, алуан түрлі заттарды құрады деді. Сөйтіп дүниедегі кез келген өзгеріс сайып келгенде атомдардың түрліше қосылысы болып табьглады деп түсінді.
Демокриттің дүниенің атомдық құрылысы жөніндегі бұл данышпандық философиялық идеясы кейін ғьглымдар үшін зерттеудің негізгі программасына айналды. Классикалық механика мен физикада атомдар заттың бүкіл массасы шоғырланған материалдық нүкте ретінде түсінілді. Атомдардьщ күрылысы күрделі екендігі ашылганнан кейін атомдар бір-біріне қарама-қарсы корпускулалық және толқындық касиеттері бар элементар бөлшектерден түратын зерттеу объектісі деп қарастырылатын болды.
Сөйтіп, дүниедегі өзгерістер мен қозғалыстардың мүмкіндігі туралы таза философиялық проблеманьщ шешілуі бақылауга болатын заттар мен қүбылыстардьщ қасиеттері мен заңдылықтарын бақылауға болмайтын атомдар мен молекулалардың көмегімен түсіндірудщ мықты программасын іске асыруға көмектесті. Осы жолмен физика мен химияда газдың көлемі мен қысымы арасындағы кері пропорциональдық заңын, газдың температурасы мен көлемі арасындағы тура пропорциональдық заңын, химиялық құрамның түрақтылық заңын, т.б. эмпириялық зандарды түсіндірудің мүмкіндігі туды.
Достарыңызбен бөлісу: |