1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


Ғылым және жаңашылдық (инновация)



бет44/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
Фил емтихан

Ғылым және жаңашылдық (инновация).

3) Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б. Инновация – қандай дар бір тиімге қол жеткізетін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық.. «Инновация» термині, көптеген зерттеушілердің пікірінше, XV ғасырдың бірінше жартысында ағылшынның «innovation» сөзінен пайда болған, ол сөз «қайта жаңғырту» немесе «бұйымдарды жасаудың жаңа жолы» дегенді білдіреді. Австриялық ғалым Джозеф Шумпетер XX ғасырдың 30 – жылдарында инновациялар түсінігін экономикалық ғылымға енгізді, және оны тұтынушылық тауарлардың жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, өнеркәсіптегі ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу және қолдану мақсатында өзгеріс ретінде түсіндірді.


Дж.Шумпетер бойынша, инновация – бұл тек қана жаңашылдық емес, ол кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндірістің жаңа функциясы. Инновация – инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми – техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Оның «пайдалы инновациялық тиімділігін» анықтау пайдалы функциясы арқылы жүзеге асырылады – ол инновацияның жаңашылдықтан, белгілі бір ашудан ерекшелігі.
экономикалық талдау үшін «инновация» категориясының төрт маңызды аспектісі маңызды:
* инновация – кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде;
* инновация –бұл нарықтық тепе – теңдікті бұзатын бәсекелік күш;
* инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде;
* инновация экономикалық өсу факторы ретінде.

21 емтихан билеті





  1. Антикалық ғылымның даму сатылары, ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет