1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»


Ғылыми болжам, оның мәні,мазмұны, рөлі



бет56/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75
Фил емтихан

3.Ғылыми болжам, оның мәні,мазмұны, рөлі
Ғылымның дамуында кездесетін проблемаларды шешу үшін гипотеза құрылады. Гипотеза дегеніміз зерттелуші қүбылыстардьщ қасиеттері мен себептерін ашу үшін жасалған ғылыми жорамал немесе жорамалдар жүйесі. Гипотезаны Ф.Энгельс жаратылыстанудың дамуының қажетті формасы деп атаған болатын XIX ғасырда, ал қазіргі кезде ол барлық ғылымдардың даму формасына айналды, өйткені ақиқат ғылыми теория дайын күйінде бірден пайда бола қалмайды: алғашыңда жай болжам түрінде туған ол аддын ала тексерістен өтеді. Гипотезаның тууының негізі адамдардың қоғамдық-тарихи практикасы және бүған дейін танып білген шындық дүниенің негізгі зандары туралы білімдері болып табылады. Гипотезаның негізін құратын ақиқат білімсіз оның ғылыми қүндылыгы болмайды. Мысалы, антик заманының гыльгмында жорамал немесе екіүшты пайымдаулар "эпистема" немесе ақиқат білім қатарьгнан шығарып тасталып, "доксеге", яғни пікірге жатқызьглатын. Ал Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа заманда гипотезаларға түрліше натурфилософиялық болжамдар және шындықтағы физикалық және басқа процестерді түсіндіру үшін ойдан шығарылған түрліше салмақсыз сүйықтар мен қүпия күштер жатқызылды. Үлы галым Ньютонньщ "мен гипотезаларды ойлап шығармаймыл" деп, гипотезаға теріс қарауыла себеп болтан осы жағдай болса керек.
Гипотезаны ғылыми білім дамуының дербес формасы ретінде көпшіліктің қабыл алуына кең тараған эмпирикалық және позитивистік көзқарастар да кедергі жасады. Эмпиризмнің жақтаушылары "интеллектте немесе ақыл-ойда түйсіктегіден басқа ештеңе жоқ" деген әйгілі тезисті бетке үстады. Ал көрнекті неміс математигі әрі философы Г.В.Лейбниц бұл тезиске "интеллекттің өзін есептемегенде"деген эмпиризмнің негізін түбірінен теріске шығаратын орынды пікір қосыпты.
Позитивистер сезімдік қабылдауға немесе олардың қарапайым қорытындысына сүйенген ғылыми пікірлерге гана сенуге болады деп санайды. Сол себепті олар гипотезалар әрі барғанда зерттеудің уақытша құралы гана болады деп есептеді. Олар өсіресе бақылауға болмайтын теориялык, объектілер туралы үғымдары бар гипотезаларға сенімсіздікпен қарады. XIX ғ. аяғында белгілі австриялық физик және философ Э.Мах бастаған эмпириокритицизмнің жақтаушылары атомдар мен молекулалар сияқты бақылауға болмайтын объектілер туралы гипотезаларды қатаң сынға алды. Ғылым философиясындағы беделді бір бағыт - логикалық позитивизм немесе эмпиризм тіпті теориялық терминдерді эмпириктік терминдермен ауыстыру программасын да үсынды. Олар ғылымның тек эмпириктік негізін ғана сенімді деп санады: ол эмпириктік негіз бақылаудың нәтижелерін дөл баяндайтын протоколдық сөйлемдер түрінде болуы тиіс. Логикалық позитивистер, сондай-ақ, ғылым қағидаларының бәрінің верификациялануыл, яғни ақиқаттығы не жалғандыгы тексерілуін талап етті. Осы талаптың негізінде олар бүған дейінгі бүкіл дәстүрлі философияны метафизикалық, жалған деп жариялады, өйткені оның қағидаларын эмпириялық жолмен тексеру мүмкін емес. Верификациялық тексеру теориялық ғылым қағидаларына ғана емес, сондай-ақ тікелей бақылауға келмейтін объектілер туралы эмпириялық ғылым гипотезаларына да қолдануға жарамайтыны жоғарыда айтылган болатын. Солай бола түрғанымен, бірақ эмпириялык ғылымдар гипотезалар үсылғанда олар да белгілі бір акиқатгык критерийін (өлшемін) басшылыққа алады.
Ғылыми гипотезаларга қойылатын талаптар. Гипотеза жасамас бұрын ол алдын ала тексерістен өтіп, негізделуі тиіс, өйткені белгілі бір фактілерді түсіндіру үшін көптеген түрліше гипотезалар үсынуға болады. Сондықтан солардың ішінен әрі қарай зерттеп, тексеруге болатындарын іріктеп алу қажеттігі туады. Бірақ бүдан тандап алынған гипотеза міндетті түрде ақиқат болады деген қорытынды шықпайды. Сондықтан гипотеза өзінің негізгі қызметі — білімнің даму формасы болу қызметін атқару үшін бір қатар талаптарға сөйкес болуы тиіс:
1. Гипотезаның негізгі мазмүны соған дейін бар ғылыми білімдерге сөйкес келуі тиіс. Бұл талап ғылыми білімдердің дамуындағы сабақтастық байланыс туралы жалпы методологиялық принциптен туады. Шыныда да қазіргі замангы ғылыми білімдер бірінен бірі байланыссыз жеке-дара фактілер мен түжырымдардың жиынтығы емес, бір жүйеге келтірілген логикалық жағынанан өзара байланысты білімдер системасы. Сол себепті де жаңа гипотеза теориялык, түрғыдан дәлелденген бұрынғы білімдермен үйлесті болуы тиіс. Мәселен, қазіргі физикада бір де бір гипотеза энергияның сақталу заңына қайшы келмеуі керек. Бұлай болмаған жағдайда ол гипотеза жарамсыз деп тасталады. Бүған да физикадан бір мысал келтірейік. 1911 жылы ағылшын физигі Э.Резерфорд үсынған атомның планетарлық құрылысы туралы гипотезасы электромагниттік теорияга қайшы келгендіктен біраз өзгеріске үшырады. Сонымен, гипотезаға
қойылатын бұл талапты қысқаша былай түжырымдауға болады: жаңа гипотеза ғылымда бұрыннан бар зандар мен теорияларга қайшы келмеуі қажет.
2. Эмпириялық ғылымдарда гипотезаларды тексеру, сайып келгенде, олардан туатын логикалық салдарды бақылаудың немесе эксперименттің нәтижелерімен салыстырып көру мүмкіндігіне байланысты болады. Бірақ бүдан әрбір гипотезаны эмпириялық түрғыдан тексеру қажеттігі тумайды, өйткені эмпириялык, жолмен тексеруге болмайтын гипотезалар бар екені жоғарыда айтылды. Сондықтан әңгіме тексерудің принциптік мүмкіндігі туралы болуы тиіс. Көптеген фундаментальдық ғылымдардың гипотезасының құрамында бақылауға болмайтын объектілер туралы, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы, мысалы, электромагниттік толқындар, элементар бөлшектер, кварктар және т.б. туралы үғымдар бар. Олардың бар екендігін приборлардың көрсетулерінің көмегімен тексеруге болатын гипотезалардан немесе теориялардан логикалық қорытынды шығару арқылы жанама жолмен гана білуге болады.
Ғылым дамып, материя құрылысының ішіне терең енген сайын әлдеқайда жалпы, түрліше бақылауға болмайтын объектілер туралы, теориялық деңгейі жоғары гипотезалардің саны көбейеді.
Сөйтіп, ғылыми зерттеу дамыған сайын, бір жагынан, бақылауға болмайтын объектілері бар әлдеқайда абстарктілеу гипотезалар көбейсе, ал екінші жағынан, бақылау және эксперимент жүргізу техникалары жетіле түседі. Мұндай жағдайда бақылауға болмайтын гипотезалар бар деуге болмайтын да сиякты.
Әдетте бақылауға болмайтын гипотезалардьщ үш түрі атап көрсетіледі. Біріншіден, құрылысы фактілердің көмегімен тексеруге көнбейтін немесе дәл сол бір зерттеу мақсаты үшін арнайы құрылған "аа1 һос гипотеза" деп аталатын гипотезаларды принципінде тексеруге болмайды.
Екіншіден, аса абстрактілі үгымдар мен пікірлері бар ең жалпы философиялық және математикалық гипотезалардьщ қорытындылары эмпириялық тексеруге көнбейді. Мұндай гипотезалар мен эмпириялық жолмен тексерілетін гипотезаларды бір-бірінен айыратын шекара жүргізген К.Поппер өте дүрыс жасаған, өйткені ол логикалық позитивистер сияқты философиялық гипотезаларды мәнсіз пікірлер деп есептемеген. Ал математикалық гипотезаларга келеек, олар жаратылыстануға, техникалық ғылымдарға және т.б. қолданылғанда өзінен өзі тексерілетіні белгілі. Философиялық гипотезалар ең жалпылық сипатта болғандыктан, олар адамзатгың ақыл-оймен дүние тануывда және бүкіл іграктикалық іс-әрекетінде сыннан өтіп тексеріледі.
Үшіншіден, кейбір гипотезалардьщ қорытындыларын қазіргі кезде бар бақылау және эксперимент құралдарымен тексеруге болмайтын жағдай жиі кездеседі. Евклидтік емес бірінші геометрияны жасаған Н.И.Лобачевский бір тәжірибе, мысалы, тік бүрышты үшбүрыштың үш бүрышылың өлшемі туралы жорамалдың ақиқаттығын растауы мүмкін деп жазды. А\Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясы жасалғаннан кейін геометриялық гипотезалар, біріншіден, физикалық теорияларлдьщ көмегімен тексерілетіні, екшшіден, тексерудің өзі және онымен байланысты өлшеулер салыстырмалы сипатта болатыны анықталды.
Ғылым және оның эксперименттік техникасы дамыған сайын оның теориялык, едістері мен өлшеу құралдары жетіле түседі. Сондықтан да ғылымда дәл сол кезінде тексеруге болмайтын кейбір гипотезалар болады, өйткені олардан эмпириктік жолмен тексерілетін қорытынды шьгғару мүмкін емес немесе тиісті нәтижелерді дәл өлшеу мүмкін емес. Мысалы, біртүтас өріс теориясын жасау осындай жағдайға тап болды және сондай-ақ өрістің тартылу бөлшегі болып табылатын гравитондардың бар екендігі туралы гипотеза да солай болды.
3. Гипотезаның тусіндіру және алдынала болжау куші. Гипотезаның немесе кез келген басқа пікірдің түсіндіру күші деп логикада гипотезадан қанша дедукциялық қорытынды шығаруға болатындыгын айтады. Егер екі гипотезадан шығатын қорытындылардың саны бірдей болмаса, онда олардың қайсысынан фактілер растайтын қорытындьглар көбірек шықса, сол гипотезаның түсіндіру күші артық деп саналады және, керісінше, корытындысының саны аз гипотеза әлсіздеу деп есептеледі. Гипотезаның алдын ала болжау күші деп бар екендігі әлі анықталмаған, бірақ болашақта болуы не болмауы мүмкін қүбылыстар мен оқиғаларды жорамалдау күшін айтады. Гипотезаның бұл формасы логикалық құрылысы бойынша түсіндіруші формасымен бірдей болганымен, бірақ методологиялық мақсаты жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Болжау күші әрдайым ықтималдық пікір формасында түжырымдалады.
Гипотезаның практикада расталатын қорытындысы оның ықтималдық деңгейін арттырып, гипотезаның негізгі мазмүнын ақиқат білімге жақындата түседі. Мүндағы оның негізгі көрсеткіші жаңа фактілер мен қүбылыстарды алдынала болжау қабілеттілігі. Мұндай гипотезаның мысалы ретінде Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасын келтіруге
болады — ол таблицаның көмегіне сүйене отырып, сол кезде ашылмаған химиялық элементтердің қасиеттерін алдынала болжап, айтып кетті.
Гипотезаның дүние танымдық маңызы ең алдымен сол, ғьглыми теориялар гипотезалардан өсіп шығады, өйткені кез келген жаңа білім алғашында жорамалдау түрінде пайда болады. Екіншіден, бұрынғы жорамалдардың дамуы нәтижесінде ғылыми теориялар терендей және толыға түседі. Мысалы, Д.И.Менделеевтің периодтық заңы алғашында химиялық элементтердің олардың атомдық салмағына теуелділік қасиетіне негізделген еді, ал кейін атом электроннан жөне ядродан түратындығы ашылғаннан соң ол заң химиялық элекментгердің қасиеттері электрондардьщ атомда орналасуьща және ядроның зарядтарына төуелді екені анықталды.
4. Гипотезаның қарапайымдылыгының маңызы. Бір-бірімен үйлеспейтін екі гипотезаның екеуі де жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес келетін жағдайлары ғылым тарихында кездесіп отырады. Солай бола түрса да олардың тек біреуі гана озінің қарапайымдылығының арқасында дүрыс болып шығады, ойткені ол бақылау фактілерінің саны қанша көбейсе де жаңа гипотеза не жорамал жасауды қажет етпейді. Мүның ең айқын мысалы ретінде дүниенің құрылысы туралы К.Птолемей мен Н.Коперниктің гипотезаларын келтіруге болады. Птолемейдің гипотезасы бойынша дүниенің орталығы Жер деп есептелді, сондықтан да ол "геоцентрлік система" деп аталды. Бұл гипотеза бойынша, Күн және планеталар жерді айнала қозғалады деп түсінілді. Өзінің гипотезасының жорамалын тікелей бақылаудың мәліметтерімен үйлестіру үшін Птолемейге күрделі геометриялық құрылыс ойлап шығару қажет болды — ол құрылыс бойынша планеталар эпициклдар деп аталған кіші шеңбер бойынша қозғалуы, ал олар оның үстіне оз орбитасының бойымен де қозғалуы тиіс, ал бұл қосымша жаңа эпициклдар енгізуді талап етті. Сойтіп, геоцентрлік гипотеза барган сайын күрделіленіп, шатыса түсті.
Н.Коперниктің гелиоцентрлік гипотезасы дүниенің орталығына Күнді қою арқылы оның құрылысын оңайлатты. Гелиоцентрлік гипотеза Күннің жерден корінетін қозғалсына қайшы келетініне және шіркеудің оған үзідді-кесілді қарсы түруына қарамастан, ол өзінің қарапайымдығы мен айқын дәлелділігінің арқасында түбінде жеңіп шықты. Осыған байланысты мынадай маңызды методологиялық сүрақ туып отыр: ғылыми танымда қарапайымдылық ұғымы қай мағынада алынып отыр? Қисылдылъпс, мәні жағынан алғанда, Птолемейдің гипотезасы біздің күнделікті бақылауымызға сәйкес әрі айқын, өрі дәлелді емес пе? Демек адамның күнделікті тікелей кабылдауына байланысты түсінуі оңай субъективтік гипотеза ғылымдағы қарапайым ұғымына сәйкес келмейді, өйткені ғылымда қарапайымдылық интерсубъективтік түрғыда қарастырылып, мынадай үш магынада қолданылады: біріншіден, егер бір гипотезада екіншісіне қарағаңда қорытьгнды шығаруға керекті алғышарты аз болса, онда ол қарапайым болғаны; екіншіден, гипотезаның қарапайымдылығы оның мазмүнының тереңцігіне және зерттелетін қасиеттерінің мәнділігіне қарай анықталатын жалпылыгына байланысты; математикалық үғымдар пайдаланылатын күшті дамыған ғылымдарда, үшіншіден, гипотезаның жалпылық сипаты мен қарапайымдығы оның математикалық аппаратының күрделілігіне байланысты анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет