1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

 
4.2. 
1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан 
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси 
биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. Уақытша өкіметтің басқару 
органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару 
орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқалардың 
қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан 
Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша үкіметінің комиссары. Уақытша 
өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ съездері және оларда 
қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. 
Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ 
халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі. 
1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси 
партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» 
партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер. 
Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз" 
партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси 
бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі. 
Уақытша өкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің саяси билікті 
қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев, 
Ж.Бабаев, Х.Фариденов).
Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. 
Семей қаласы Алаш-Орда үкіметінің орналасқан орталығы. Алаш автономиясын жариялауға 
байланысты айтыстар. Ә.Бөкейханов Алаш үкіметінің жетекшісі. Түркістан (Қоқан) 
автономиясы ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет. М.Шоқай Түркістан (Қоқан) 
автономиясының жетекшісі. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері 
құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет