1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


XVII - XVII ғғ. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Отыз жылдық



Pdf көрінісі
бет48/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

XVII - XVII ғғ. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Отыз жылдық 
соғыс. XVI ғ. халықаралық қатынастардың сипаты. Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы. 
Халықаралық қақтығыстар ошақатары. Отыз жылдық соғыстың төрт кезеңі және олардың 
сипаты. Вестфаль бітімі. 
Батыс елдерінің жаңа заман тарихы (XVI-ХІХ ғғ.). Әлеуметтік-саяси жүйенің 
трансформациясы. Еуропалық мемлекеттіктің эволюциясы. Еуропалық Батыстың саяси 
синкретизмі. Саяси орталықтанудың дамуы мен оның жекелеген мемлекеттердгі ерекшелктері 
Абсолютизм феодализмнен капитализмге өту жағдайындағы қалыптасқан әлеуметтік күштердің 
арақатынасын сипаттаған әлеуметтік-саяси жүйе ретінде. Абсолютизмнің әлеуметтік тірегі. 
Мемлекеттік институттардың жалпы ұлттық құрылымының қалыптасуы. Н. Макиавелли,
Ж. Боден, епископ Боссюэнің саяси идеологиясы - абсолютизмнің қалыптасу мәселесінің 
жалпы еуропалық контексть Абсолютизмнің типологиясы. «Әлсіз абсолютизм» мен 
капиталистік қарым-қатынастардың жедел дамыған елдердегі сословиелік- қауымдық топтары 
арасалмағының бұзылуы. Ерте буржуазиялық революциялардың объективті алғышарттары. 
Ерте отарлаудың мақсаттары, сипаты мен әдістері. Отарлаудың әлеуметтік негізі. 
Отарлық экспансияның еуропалық мемлекеттердің экономикалық дамуына ықпалы. Отарлық 
империялар. Шығыстың құлдырауы мен әлемдік үстемдіктің Батысқа өтуі XIX ғ. аяғы - XX ғ. 
бас. экономикалық өсу мен техникалық прогресс. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның 
эволюциясы. 
Азия мен Африка елдерінің жаңа заман тарихы (XVI ғ. орт. - XIX ғғ.). Шығыс 
жағрафиялық, тарихи-мәдени, әлеуметтік-саяси, экономикалық, өркениеттік түсінік ретінде. 
Шығыстың негізгі аймақтары, олардың типологиясы мен сипаттамасы. Шығыс тарихының 
маңыздылығы. Батыс пен Шығысқа қатысты өркениеттік ұстанымның ерекшелігі. «Азиялық 
өндіріс тәсілі» мен «шығыс феодализмі мәселесі Голландияның Шығыстан Испания мен 
Португалияны шеттетуі. Ағылшын-голландиялық пен ағылшын-француз бәсекелестігі. 
Шығыстағы ағылшын басымдылығының орнауы. 
Сауда - Шығысқа отарлық енудің алғашқы кезеңінің негізгі белгісі ретінде. Азиялық 


мемлекеттердің сыртқы саяси балансы. Факториялар. Ост- үнділік компаниялар: құрылуы, 
құрылымы, тиімділі. Еуропадағы өнеркәсіпік төңкеріліс пен Батыс пен Шығыстың сауда 
балансының өзгеруі өндіріс нарықтары мен шикізат көздерін іздеу. Отарлауға дейінгі және 
отарлаудың бастапқы кезеңіндегі Оңтүстік-шығыс Азия. Осаман империясы құрамындағы араб 
елдері. Африка елдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет