1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


 ХІҮ –ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы



Pdf көрінісі
бет9/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

 
2.2. ХІҮ –ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы 
ортағасырлық мемлекеттер. 
Орда Ежен ұлысын құраған Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері. Орда Ежен ұлысы
территориясы мен тайпалық құрамы. Ұлыстың алғашқы саяси орталығы. Саяси орталықтың Сыр 
бойына ауыстырылуы, оның себептері, салдары және маңызы. Сығанақ – астана. Сасы Бұқа, 
Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай 
хан (1344-1361). Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Ұрыс ханның тұсында Ақ 
Орданың Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып жариялануы. Ақ Орданың Алтын Орда 
құрамына енуі. Барақ хан (1423-24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі. Ақ Орда 
тарихының Қазақстан тарихында алатын орны.
Көшпелi Өзбек мемлекетi (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы 
және этникалық құрамы. Әбілқайырдың Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы 
қалалар үшін күрес. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). XV ғ. ортасында Әбілқайыр 
(“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі. Жәнібек пен Керей 
сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.) Хандықтың ыдырауы. 
Ноғай Ордасы (Маңғыт үйі) – ХІҮ ғ. – ХҮ ғ. Едігенің Ноғай Ордасының негізін салуы. 
Ноғай Ордасының территориясы және ірі тайпасы. Ноғай Ордасының орталығы. Ноғай 
Ордасын билеушілер. XIV-XV ғғ. Ноғай Ордасындағы «Қырымның қырық батыры» эпостық 
жыры. Ұлыс билеушісі. Ноғай Ордасының көрші мемлекеттермен, Қазақ хандығымен қарым-
қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы. 
Моғолстан мемлекеті (ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басы). Шағатай ұлысының солтүстік-
шығыс бөлігінің ерекшеліктері. 1348 ж. Моғолстан мемлекетінің құрылуы. Дулат тайпаларының 
Моғолстанның саяси өмiрiндегі рөлі. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты, Мауреннахрды 
жаулауы. Алмалық қаласы Моғолстанның астанасы. Моғолстанның қоғамдық-саяси құрылымы. 
Хан кеңесі (мәжіліс). Әмір Темір және Моғолстан. ХІҮ соңы – ХҮ ғ басындағы Моғолстан. 
Мұхаммед ханның тұсында Әмір Темірден тәуелсіздік алуы. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты. 
Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүніс хан тұсындағы Моғолстан. ХҮ ғ 
соңындағы ыдырау процестері. Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар саясаты. 
Моғолстанның ыдырауы. Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына 
ықпалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет