Жинаған жәндіктерді жансыздандыру. Шыны цилиндрдегі, пробиркалардағы жәндіктерді хлороформ немесе эфир сіңірілген мақта арқылы жансыздандырады. Аудағы жәндіктерді «морилка» арқылы жансыздандырады. Онда хлороформға батырылған тампон бар. Морилка дегеніміз кеңауызды шыны ыдыс (банка). Жоғарғы басында тығыны бар, оның ортасы кішкентай пробирка сиятындай тесілген. Пробиркада хлороформ немесе эфир болады.
Жәндіктерді мақта төсенішінде сақтау. Энтомологиялық қораптың түбіне бірдей қалыңдықтағы мақта төсейді. Оған жәндіктерді ретімен орналастырып, этикеткасын салып, сыртынан көрінетін әйнек қақпақпен тығызғып жабады. Тасымалдау үшін, мақтаның 1 қабатын қораптың түбіне желімдеп, жәндіктерді орналастырып, қағазбен жабады. Тағы да 2 қабат мақта салып, оған тағы жәндіктер орналас-тырып, алдыңғыдай қайта қайталайды.
Жәндіктерді энтомологиялық түйрегіштермен сақтау.
Энтомологиялық №1 түйрегішті жәндіктердің денесінен өткізіп, тығынды түбі бар энтомологиялық қорапта сақтайды. Түйрегішті жәндіктің кеудесінің ортасынан қадайды. Оларды басқа паразиттерден (теріжегіш) сақтау үшін, қорапқа нафталин немесе парадихлор-бензол салып қояды.
Жәндіктерді ертінділерде консервілеу. Түкжегіш, мамықжегіштерді, бүрге, шіркей, құмытыларды, қансорғыш жәндікті 70% спиртте немесе Барбагалло сұйғында сақтайды. Сұйық көлемі жәндіктер денесінің көлемінен 10-20 есе артық болуы керек.
Тұрақты микропрепараттар дайындау. Егер жәндіктер денесі құрғақ, сынғыш келсе, онда оларды 2-3 күн ылғалды жабық құмда ұстап, жұмсартады, одан кейін спиртте консервілеп, калий сілтісінің 5% ертіндісіне салып, бірнеше минут қайнатады. Сумен жуып, спирттерден (восход. конц) өткізіп, карбол ксилолмен ағартып, әйнек үстіне канада бальзамымен қатырады.
24.Мал және құстың паразитиформды кенелерін дифференциалды балау, жинау әдістері.
Иксодид кенелерінің телімді иелерін анықтау әдісі
Мал денесіне жабысқан кенелердің түрлік құрамын анықтау үшін әр мал түрінің 5-10% кенеге зерттейді. Егер, мал басы кенемен аз зақымданса, онда кенелердің барлығын мал денесінен жинап, санайды. Мал денесінің кенемен зақымдануы өте көп болса, мал денесінің жартысына жабысқан кенелерді санап, оны екіге көбейтеді. Әр мал түрінен табылған кенелер санын қосып, орташа 1 малға жабысқан кене санын анықтайды.
Мысалы: Boophilus - туысындағы кененің популяциясын, мал түріне байланысты телімділік иесін анықтау үшін әр мал түрінен жинаған кенелерді есептейді. Белгілі бір жайылымда бағылған әр іріқарадан табылған кененің орташа саны 8,4, әр жылқыдан - 0,4 кене, әр түйеден - 0,4 кене табылды делік. Бұл жайылымда 8000 ірі-қара, 300 жылқы және 20 түйе бағылған.
Барлық жинаған кене саны 67328 дана. Барлық мал түрінентабылғанкенелер саны:
а) 8,4 х 8000 = 67200 кене ірі-қарадантабылды;
в) 0,4 х 300 = 20 кене жылқыдантабылды;
г) 0,4 х 20 = 8 кене түйедентабылды.
Барлығы 67200 + 120 + 8 = 67328 дана.
Әр мал түрінде паразиттік тіршілік еткен кене пайызын анықтау үшін төмендегі формула мен есеп жүргізеді.
В = К х 100
С
В-мал түрі;
К-осы мал түрінен табылғанкене саны;
С-малдың барлықтүрінентабылғанкене саны.
Жоғарыда көрсетілген есепте, ірі-қарадан 67200 дана табылған, ал малдың барлық түрінен - 67328 дана.
Олай болса: В = 67200 х 100 = 99%
67328
Бұл көрсеткіш зерттелген жайылымда Boophilus - туыстығы кенесінің телімді иесі ірі-қара малы екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |