1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет2/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
11 Kazak tili 2007

2 нұсқа



1. Екі буыннан қ±ралѓан сµзді анықтањыз.
A) Б‰гін.
B) Кіріспе.
C) Қаламгер.
D) Бояушы.
E) Оқушы.

2. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат есімдерді көрсетіңіз.
A) Қарағанды, Жетісу.
B) Амангелді, Ақбота.
C) Адай, Балбырауын.
D) Іле, Лепсі.
E) Балқаш, Зайсан.

3. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
A) Шоқпардай.
B) Үлкенірек.
C) Малды.
D) Түнгі.
E) Көтеріңкі.

4. К‰рделі сан есімді кµрсетіњіз.
A) Жетеу.
B) ‡штен екі.
C) Мыњ.
D) Ондаѓан.
E) Бесінші.

5. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді, көрсетіңіз.
A) 2.
B) 5.
C) 3.
D) 4.
E) 1.

6. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
A) Әдейі - жорта.
B) Тоқпақ - қол ағаш.
C) Татуласу - жарасу.
D) Ащы - тұщы.
E) Тынығу - жату.

7. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз.
A) 2
B) 1
C) 5
D) 4
E) 3

8. Бірыңғай езулік, жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
A) Еріншек.
B) Бүлдірген.
C) Жоңышқа.
D) Мүсәпір.
E) Бүлдіршін.

9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
A) Санау.
B) Еш нәрсе.
C) Сонау.
D) Кейбіреу.
E) Үшеу.

10. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
Ашық күндерде кір жуу жақсы.
A) Кір
B) Ашық
C) Күндерде
D) Жақсы
E) Жуу

11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Жонынан таспа тілу.
B) Кішкене тарақ.
C) Толықша келіншек.
D) Жаңбырлы күн.
E) Томағасын сыпыру.

12. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
B) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
C) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
D) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
E) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
B) “Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
C) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн” - деді мұғалім.
D) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!
E) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.

14. «Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз.
A) К.Аханов.
B) М.Әуезов.
C) С.Мұқанов.
D) А.Құнанбаев.
E) Б.Момышұлы.

15. Эвфемизмді табыңыз.
A) Ұрланды.
B) Табылмады.
C) Іздеді.
D) Қолды болды.
E) Жоғалды.

16. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз.
A) Келу.
B) Бал
C) Ара.
D) Қар.
E) Теп.

17. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.
A) Аспанда.
B) Сызғыш.
C) Аста.
D) Ақылым.
E) Менде.

18. Қайталама қос сөзді анықтаңыз.
A) Ағыл-тегіл.
B) Телегей-теңіз.
C) Ата-ана.
D) Жал-жая.
E) Үйден-үйге.

19. Қысқарған сөз қатысқан қатарды табыңыз.
A) Аққулы көл
B) Педколледжге барды
C) Күні бойы ойнады
D) Талдықорғанда тұрады
E) Ата анасымен сөйлесті

20. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
A) Зат есім.
B) Одағай.
C) Есімдік.
D) Үстеу.
E) Етістік.

21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз:
A) Қазақстандағы ірі өзендер: мыналар Ертіс, Жайық, Сырдария.
B) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар; Ертіс, Жайық, Сырдария.
C) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар, Ертіс, Жайық, Сырдария.
D) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Жайық, Сырдария.
E) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар - Ертіс, Жайық, Сырдария.

22. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты.
B) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау!
C) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.
D) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз.
E) Сапарың құтты болсын, қарағым!

23. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз,
A) Мен колхозшыларға: ''Өзім бұл жерде туғаным жоқ'', - дедім.
B) ''Біз қайда жатырмыз? - деді, - кеше кеткен жоқпыз ба?''.
C) ''Иә,-деді Дина, басын изеп, - тіл мен үн арасында айырма жоқ''.
D) ''Біз қайда жатырмыз?'' - деп сұрады.
E) Ол бірде маған шынын айтты: ''Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады''.

24. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған
сызықшаны табыңыз.
A) Қарқаралы деген округтің әміршісі - Құнанбай мен осы Майыр.
B) Алыс-берісіміз көп, ағайын адамбыз.
C) Ағаш арасын қаратса - жоқ.
D) Жұрт айтты - көне берді.
E) Аяғы жоқ, - жүреді, аузы жоқ, - сөйлейді.

25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.
A) Әңгімеге
B) Қойып
C) Кірісейік
D) Ашық
E) Бәрін

26. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әйелдер Бәкеңнің үйін сыпырып жатыр.
B) Олар егіннен мол өнім алу үшін жанталасады.
C) Жомарт биыл келген.
D) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
E) Аяғы жазылды ма өзінің?

27. Негізгі еліктеу сөзді көрсетіңіз.
A) Кілтің.
B) Торсаң.
C) Быжың.
D) Шіңк.
E) Сымпың.

28. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Қап, ұят болған екен!
B) Бұлт астында жылжыған ай.
C) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз.
D) Саған соны ғана айтқым келеді.
E) Қатерліден осылай құтылар болар.

29. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
A) Ол – көпті көрген дана қарт.
B) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл - Алматының және қала маңының картасы екен.
C) Бес-алты айда келді.
D) Қыздар тоғайға шие теруге кетті.
E) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі - күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
B) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
C) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
D) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
E) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет