35. Экзистенциализмдегі адам мәселесі және шешу жолдары.
Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.
36. Болмыс мәселесінің ерекшелігі, болмыстың негізгі формалары
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Болмыстың негізгі түрлері:
Заттар (денелер), процестер болмысы:
А) бірінші табиғат;
Б) екінші табиғат.
Адам болмысы:
А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
Б) адамның өзіндік болмысы.
Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы;
Б) қоғамның рухани болмысы.
Әлеуметтік болмыс:
А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;
Б) қоғам болмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |