2 лекция
Материялық нүктенің динамикасы
2.1. Ньютонның бірінші заңы. Инерциалдық санақ жүйелері. Күш.
Масса.
2.2. Ньютонның екінші заңы. Импульс. Ньютонның үшінші заңы.
2.3.
Галилейдің
түрлендірулері.
Галилейдің
салыстырмалылық
принципі.
2.4.Үйкеліс күштері.
2.1. Ньютонның бірінші заңы. Инерциалдық санақ жүйелері. Күш.
Масса.
Ньютонның бірінші заңы: кез келген дене оған басқа денелер әсер
етіп оны осы күйден шығарғанша өзінің алғашқы салыстырмалы
тыныштығын немесе түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын
сақтап қалады.
Дененің оған басқа денелерден әсері жоқ кезінде тыныштық қалпын
немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау қасиеті инерция деп
аталады. Сондықтан Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп те аталады.
Механикалық қозғалыс салыстырмалы, оның сипаттамасы санақ
жүйесіне тәуелді. Ньютонның бірінші заңы барлық санақ жүйелерінде
орындалмайды, ал ол орындалатын жүйелер инерциалық санақ жүйелері
деп аталады. Инерциялық санақ жүйесі ретінде басқа инерциялық жүйеге
қатысты тыныштықта, немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын
жүйе саналады.
Ӛте жоғары дәрежелі дәлдікпен гелиоцентрлік (жұлдызды) санақ
жүйесін инерциялық деп санауға болады (координаталар басы Күн центрінде
орналасады, ал ӛстер белгіленген жұлдыздар бағытында жүргізілген).
Жермен байланысты санақ жүйесі инерциялы емес, бірақ инерциялы
еместігімен байланысты эффектілер салыстырмалы аз (Жер ӛз ӛсінен айнала
және Күнді айнала қозғалады), сондықтан кӛптеген есептеулерді шешу
кезінде оны инерциялы деп санауға болады.
Күш деп бір дененің екінші денеге механикалық әсерін сипаттайтын
және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шаманы
Достарыңызбен бөлісу: |